Умра – арзан жасаудың әдістері PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
19.08.2022 19:27

Умра арзан жасаудың әдістері

Жасыратыны жоқ, қажылыққа және умраға жіберетін барлық туристік агенттіктер Құдайдан қорқуды ұмытып, таза бизнеске көшті, ақша үшін олар өз имандарын сатуға дайын. Тіпті мүфтиатеың өзі ақшаның дәмін сезініп, өзінің туристік агенттігін ашты. Себебі қажылық кезінде әр қажыдан олар 1500 долларға дейін ақша табады! Ал умрада кем дегенде 350-ден 500 долларға дейін пайда табады әр адамнан. Бұл ұятсыз және ашкөз фирмалар тіпті бір жылдық туристік визаны 200-250 долларға сатады. Туристік виза тек 535 риалдан тұрады, яғни 143 доллар. Кез-келген адам интернет арқылы бірнеше минут ішінде осы визаға тапсырыс бере алады. Ашкөз туристік агенттіктер тіпті осы визадан ұялмай 100 доллар пайда табуда. "Неге Қазақстанда қажылық пен умра бәрінен қымбат?"деген сұраққабет ауыздары қисаймай ұялмастан көлік шығындары мен қонақ үйлер қымбат деп ақталады. Олардың бәрі бірдеңе болса Құдайдан қорқыңдар деп елді қорқытып, бірақ өздері ақша табатын кезде Алладан қорқуды ұмытып кетеді. Қысқасын айтқанда, оларда ұят та, ар-ождан да, Құдайдан қорқу да жоқ. Енді мені тыңдаңыздыр!

Меккедегі қонақ үйлер біздікінен қымбат емес, олар тек Рамазан айында ғана аздап қымбаттайды. Ашкөз және ұятсыз туристік агенттіктер сізді алдап, қаражатыңыздан пайда таппаулары үшін интернет арқылы умра жасауға туристік визаны өзіңіз жасап ала аласыз бірнеше минут ішінде, ешқандай қиындыгы жоқ. Туристік агенттіктер әдетте авиарейстер мен қонақ үйлерді оптом алады, сондықтан оларға өте жақсы жеңілдіктер жасайды. Бірақ сіз екі адам болсаңыз осы туристік агенттіктерденде арзанырақ ала аласыз. Жоғарыда айтылғандай, интернет арқылы туристік визаға 143 доллардан тапсырыс беріңіз, ол бір жыл бойы жарамды. Содан кейін интернет арқылы әуе билетін сатып алыңыз, соғұрлым тезірек сатып алсаңыз, соғұрлым арзан болады. Содан кейін Интернет арқылы қонақ үйге тапсырыс беріңіз. Бәрі оп оңай!

Умра жасау үшін Мединаға барудың қажеті жоқ. Сондықтан сіз өзіңізді Меккеге сапармен ғана шектей аласыз. Джиддаға қонғанда, қонақ үйге дейін такси 200 риал тұрады. Сіз 50 долларға келісе аласыз. Сондай-ақ, арзан автобустар бар бірнеше кісіге. Бір айдан кейін мен әйеліммен бірге умра жасауға ниет еттім. Мен интернет арқылы бәріне тапсырыс бердім. Аль-харамға жақын орналасқан 5 жұлдызды қонақүйде онбір күн өмір сүруімтурфирмалардың Аль-Харамнан бірнеше шақырым жердегі екі үш жұлдызды қонақүйде он күн тұратын умра сапарына қарағанда әлдеқайда арзанға түсті!

Алла сіздің ниетіңізді қабыл алып, сапарыңызды жеңілдетсін!

Қорытындылай келе, барлық ұстаздардың ұстазы - Әлемдердің Раббысы Аллаға мадақ!

Сайт иесі https://www.ummakz.kz -Мейрханов Мейрам

САЙТҚА СІЛТЕМЕ БАСҚА САЙТТАР МЕН ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН КЕЗДЕ МІНДЕТТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ!!!