Мұхаммед Пайғамбардың мешітіндегі шірк PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
02.03.2022 16:53

Мұхаммед Пайғамбардың мешітіндегі шірк

(https://youtu.be/UtugqBBDKWg - видеога ссылка)

 

Қазір мен сіздерге шайтанның 1500 жыл бойы мұсылмандарды азғырып, Мединада Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мешітінде ширк жасатып жүргенін айтамын, шыдамдылық танытып, соңына дейін тыңдаңыздар. Құранда Аллах шірктен басқа күнәларыңның бәрін кешіремін деп үәде берген. 1500 жыл ішінде алғаш рет бұл туралы Исламның ұлы ғалымдары емес, мен ғана айтып отырмын. Кімге сену керектігін жақсы ойлаңыз – шайтанның жалған хадистерінеме немесе Құранғама! Сіз үшін не жоғары – шайтанның өтірігіме немесе Алланың сөздерімеВидео лекциямның текстін менің веб-сайтымнан оқи аласыздар https://islamkz.kz

2022 жылдың қаңтар айының соңында мен туристік агенттікпен бірге умра жасадым. Турфирма өкілдері менің бас тартқаныма қарамастан, барлығымен бірге "Әл-Рауд әл-Шарифке" бару үшін Мұхаммед пайғамбардың мешітіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірнеше рет шақырды. Бұл минбар мен Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қабірі арасындағы алақандай жердің атауы және "жұмақтың бақтарының" бірі болып саналады. Кейбір дүмшеғалымдар мұнда жасалған дуға мен намаздарды Аллах әрқашан қабылдайды деп санайды. Басқа дүмше ғалымдар ахиратта осы жерде ғибадат ету жұмаққа апарады деп есептейді. Кейбір дүмшеғалымдар ахиратта бұл жер жұмақтағы орындардың бірі болады деп санайды. Ал өте надан дүмшеғалымдар бұл жерде оқылған намаз жұмақта оқылған намазбен бірдей болады деп санайды. Қысқасы, шайтан өте жақсы жұмыс істеп, ақылсыз дүмше ғалымдарға осы тақырыпта көптеген варианттар берген.

 

Мұндай пайымдаудың басты критерийі - шайтанның жалған хадисі, онда: "Менің қабірім мен минбар арасында жерде жұмақ бақтарының бірі – рауда орналасқан" (Бухари, № 1196 және Муслим, № 1391) делінген. Көзі тірісінде Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінқайда жерлеуді ешкімге айтпаған. Егер мұсылмандардың ортақ зиратына жерленсе, ол қарсы болмас еді. Сондықтан ол қайтыс болған кезде, адамдар оны қайда жерлеуге болатындығы туралыдауласқан. Тіпті оның сүйікті және құрметті күйеу баласы Алиде бұл туралы білмеген. Тіпті оның бірде-бір әйеліде бұл туралы білмегенБасқаны айтпағанда тіпті Айшада білмеген. Сондықтан Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өтірік хадистегі сөздерді айта алмаған. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болғанға дейін өзі қайтыс болған жағдайда ұжымдық жаназа намазын имамның басқаруына тыйым салған, бірақ өзін қайда жерлеуді айтпады. Себебі оның өзі қайда және қалай жерленетінін білмеді, мұсылмандардың қабіріне жерлер деп ойлаған болар. Тек Әбу Бәкір пайғамбарлардың қайтыс болған жерінде жерленетінін естігенін айтты. Сондай-ақ, бұл әлемдегі алақандай жердің бір бөлігін жұмақ бағымен салыстыруға болмайтынын ұмытпаңыздар!

Сондай-ақ, бұдан басқа да өтірік хадистар бар. Олардың бірінде: "Менің өлімімнен кейін мағанкелген тірі кезімде келген адам ретінде есептеледі" (ат-Табарани) делінген. Бұл шайтанның сандырағы! Қайтыс болғаннан кейін тірі адам мен оның қабіріне бару мүлдем басқа нәрсе. Егер бұл тіпті шындық болсада, онда сіз бұл үшін Алладан ешқандай сыйақы, сауап ала алмайсыз!

Тағы бір өтірік хадисте: "Адам менің қабірімде тұрып, маған бата бергенде, мен оны естимін, ал басқа жерде маған салауатты кім айтады, оның қажеттілігі болашақта орындалады және Қиямет күні мен оның куәгері және шапағатшысы боламын" (Байхаки). Сондай-ақ, үшінші хадис бар, онда оған адамдардың салауатын жеткізіп беретін арнайы періштелер бар дейді. Бұл хадистердешайтаннан шыққан! Құран Кәрімде Аллах бірнеше рет қабірдегі өлгендер тірілерді естімейді дейді. Міне, бір аятта: "Тірі мен өлі тең емес. Шынында да, Аллах қалаған адамға есту қабілетін береді және қабірдегі өлгендерге тірі адамдардың сөзін естірте алмайсың" (35:22). Басқа хадистарды еске алу қажет емес, олардың бәріде шайтаннан. Оларды еске түсірмес бұрын, ең бастысы өтірікхадистерге емес, тек Құранға ғана сену керек екенін ұмытпаңыз! Құранда Алла Тағала: "Пайғамбарлар мен Елшілерден басқалары" деген жоқ, барлық өлгендер естімейді деді. Содан кейін, миыңызды қосып, өзіңіз ойлаңыз, жер бетінде әртүрлі уақыт белдеулерінде тұратын миллиардтаған мұсылмандар бар. Егер олардың барлығы салауатты оқып, Пайғамбарға сәлем берсе (оған бейбітшілік пен Алланың игілігі), онда ақырзаманға дейін оның қабірінде қандай бардак болар еді. Ол ұйықтамай күн сайын періштелерден миллиардтаған салауатты тыңдап, салауат айтқандардың есімдерін жаттап жатадыма сонда?! Пайғамбарлар мен елшілер де қарапайым адамдар екенін ұмытпаңыз, оларда барзақ әлемінде ұйықтайды басқа өлгендермен бірге.

Соңында мен Мұхаммед Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Қиямет Күні шапағатшы болуды сұрайтын әлемдегі барлық надан мұсылмандардың кешірілмейтін шірк жасап жүргеніне тоқталғым келеді. Олар Жаратушыдан емес, өзгелерді айтпағанда, өзіне көмектесе алмайтын жаратылған адамнан көмек сұрайды. Әсіресе, осы "Әл-Рауд әл-Шарифке" баратындар. Барлық мұсылмандар, әсіресе думше ғалымсымақтар 1500 жыл бойы күніне "әл-Курси" аятын бірнеше рет оқиды. Бірақ қанша оқысада бұл аяттың мазмұнын ұға алмай келеді. Әсіресе Алланың рұқсатынсыз ешкім шапағат ете алмайтынын түсінбейді. Осы аятта Аллах анық және тура былай дейді: "Кім Оның алдында Оның рұқсатынсыз шапағат етеді?» (2:255). Көріп отырғаныңыздай, күніне миллион рет Мұхаммед Пайғамбардан (оған бейбітшілік пен Алланың игілігі) шапағатшы болуды сұрасаңыз да, ол сіздің шапағатшыңыз бола алмайды. Мұнымен сіз тек шірк жасайсыз! Тек бір Аллах Тағала ғана лайықты адамдарға шапағат етуге рұқсат береді. Сондықтан Мұхаммед Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шапағат сұрауға тыйым саламынОданда мені тыңдап, Аллах Тағаладан Қиямет Күні Мұхаммед Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) маған шапағатшы болуына рұқсатыңды бере көрші деп дұға етіңіз!!! Мұндай дұға міндетті түрде тыңдалады және оған жауап беріледі. Ин шаа Ллах, Қиямет Күні біз не Жұмақта немесе тозақта боламыз. Көзіңізді ашып, осыған алдын-ала дайындалыңыз ажал келмей тұрғандаМен сіздердің әрқайсыларыңыздың Жұмақта болуларыңызға тілектеспін. Сондықтан ібілістің секталарына емес, тек Құран мен Сүннетке еріңіз!

 

Және соңында барлық сансыз, шексіз, шетсіз мақтаулардың бәрі ұстаздардың Ұстазы тек жалғыз Аллаһқа болсын!

https://www.islamkz.kz сайтының иесі - Мейрханов Мейрам

САЙТҚА СІЛТЕМЕ БАСҚА САЙТТАР МЕН ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН КЕЗДЕ МІНДЕТТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ!!!