Махрға қанша сұрау керек PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
31.07.2022 21:16

Махрға қанша сұрау керек

Біздің сауатсыз дүмше молдалардың арқасында көптеген бауырларымыз неке жасайтын кезде инфаркт не инсульттың алдында болады. Өйткені имам қыздан махрға не сұрайсын деген кезде ақымақ, білімсіз дарақы қыздар машина, квартира не тағы басқа өте кымбат нәрселерді сұрайды. Тойға ақшаны әзер тауып отырған жігіт жиналған елдің алдында масқара болмас үшін еріксіз келіседі, бірақ түрі бұзылып кетеді. Көптеген адамдар тойға қаражаты жетпегендіктен туған туыстарынан қарыз, не банктен кредит алады. Сөйтіп тиын санап отырған адам мынандай махрды естігенде талып қала жаздайды. Шынба, өтірікпе, білмеймін, бірде естігемін, осындай мисыз дарақы бір қыз махрға Камри сұрағанда жігіті тұрып, мешіттен кетіп қалыпты деп.

Махрға машина, не квартира сұрайтын дарақы кыздарға айтарым сендер не істедіңдер сонша, сендерге квартира, не машина бере салатындай?! Не еңбектерің сіңді сендердің?! Қаңғырып жүрген жерлеріңнен сендерді таңдап алғандарына рахмет айтпайсыңдарма. Не ұрпақ тауып үлгерген жоқсыңдар, не күйеулеріңнің әке шешесін бағып, күтпедіңдер. Сонда не үшін сендерге квартира мен машина бере салу керек?!

Жарайды, той аман есен бітті делік. Тойдан кейін әйелдері күйеуінің мазасын ала бастайды, миларын жеп, махрымды қашан бересің деп. Күйеуі қаражат жок, тұра тұр десе, онда неге әперемін деп уәдеңді бердің деп тағы миын жейді. Енді өздеріңіз ойлап көріңіздер, осындай семьяның тағдыры қанша уақытқа жететінін. Көбінесе осындай ұсақ түйектерден уйленгендердің жартысы бір екі жылда шыдамай ажырасып жатады.

Осының бәріне кім кәнәлі?! Бұған ең бірінші дүмше молдалар кінәлі. Өйткені олар некенің маңыздылығы туралы уағыз айтқан кезде махр туралы мешітке келмей тұрып қыз бен жігіттің алдын ала келісіп алулары керектігін ешқашанда айтпайды.

Менің екінші әйелім менен 31 жас кіші, уйленбей тұрып махрға не сұрайсын дегенімде мешітке неке жасауға барғанда киетін көйлек әперсең болды деп, соған риза болды. Дүние мен ақша қумай жәй ғана қарапайымдылығына риза болып бірнеше айдан кейін қажылыққа апардым. Міне қыздар, квартира мен машина сұрап, қадырыңды түсіріп, меркантильныйлықтарыңды көрсеткенше, оданда ең қымбат силық умра не қажылыққа апаруын сұраңдар қаражат болған кезде деп алдын ала. Дендерің сау, бақытты болсаңдар Аллах кейін квартираныда, машинаныды береді, тек сабыр сақтаңдар. Махр деп ауыздарыңды аша бермеңдер, жігіттеріңмен келісіп алып, сосын бірақ айтыңдар.

Пайғамбарымыз (алейхиссалям) кезінде кедей жігітке егер махрға беретін ештенең болмаса темір сақина болсын бер деген. Тағы біреуіне махрға Құранның бирнеше аяттарын оқып бер деген. Сондықтан алдымен ұятты еске алыңдар, тойымсыз дарақы бола бермей.

Тек қана жалғыз Аллаһқа сансыз, шексіз, шетсіз мақтаулар мен мадақтаулар болсын!

Сайт иесі https://www.ummakz.kz - Мейрханов Мейрам

САЙТҚА СІЛТЕМЕ БАСҚА САЙТТАР МЕН ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН КЕЗДЕ МІНДЕТТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ!!!