Жезөкшелер мен зинақорларға Үндеуім PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
25.04.2023 15:13

Жезөкшелер мен зинақорларға Үндеуім

Мен жезөкшелер мен зинақорлар туралы айтқым келеді. Қазіргі уақытта жезөкшелер тек әйелдер ғана емес, сонымен бірге оңай ақша табатын ер адамдарда көбейіп кетті. Бірақ олардың ешқайсысы бұл ең ауыр күнәлардың бірі екенін білмейді. Құранда Алла зинақорлықты шірк және адамды өлтіру сияқты сұмдық күнәлардан кейін үшінші орынға қойды. Аллаһ Құранда жұмақ тұрғындары туралы былай айтады: "Олар Аллаһтан басқа құдайларға құлшылыұ етпейді, адам өлтірмейді және зинақорлық жасамайды. Ал кім осылай жасаса, жаза алады" (25:68). Зинақорлық пен жезөкшелік тек Исламда ғана емес, барлық діндерде харам болып табылады. Зинақорларды таспен ұрып өлтіру бекерден бекер емес. Аллаһ бізге былай бұйырады: "Зинақорлыққа жақындамаңдар, өйткені бұл жексұрын және жаман жол" (17:32). Зинақорлардың арасында жыныстық жолмен берілетін аурулар, СПИД, гепатит, психика ауырулары, стресс, нашақорлық, алкоголизм және т. б. ауырулар өте көп таралған.

Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Егерде маған кім екі жағы мен екі аяқтарының арасындағыға ие болам деп кепілдік берсе, мен оның жұмаққа кіруіне кепілдік беремін", - деді (Бухари).

Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Егер ер адам әйелмен жалғыз қалса, онда шайтан үшінші болады", - деді. Мұндай жағдайларда шайтан оларды азғыра бастайды. Жезөкшелермен жыныстық қатынасқа түскендердің барлығы дерлік оларды ешкім көрмейді және куәгерлерсіз секспен айналысамыз деп ойлайды. Бұл қателік болып табылады! Сені басқа адамдар көрмеседе Аллаһ көреді, періштелер сені көреді, жындер мен шайтандар сені көреді. Саған қарап тұрған Аллаһтың көз алдында қалай зинақорлық жасай аласың?! Періштелердің көз алдында қалай зинақорлық жасай аласың?! Сендерге қаншама көз қарап тұрғанда, сендер қалай ұялмай азғындың жасайсыңдар?! Мұның бәрін періштелер жазып алып, Қиямет Күні сендерге қарсы куәлік ретінде пайдаланылады. Мен уқпаймын, сендердің алдарыңда жүздеген еркек аяғын сүрткен половой тряпкамен бірдей болған жезөкшелермен жиіркенбей қалай жатасыңдар?!

Көптеген қазақстандықтардың есінде болар, күйеуі бар белгілі бір продюсер әйел үйленген ер адаммен зина жасап, елдің алдында масқара болғанын. Содан кейін олар үйленді. Мұндай зинақорлар туралы Аллаһ былай дейді: "Зинақор еркек тек зинақор әйелге немесе шіркшіге үйленеді, ал зинақор әйел тек зинақор еркеккенемесе шірк жасаушыға күйеуге шығады. Сенім келтіргендерге бұған тыйым салынады" (24:3). Көріп отырғаныңыздай, зинақорлық харам! Сіз біреудің әйеліне қалай қарасаңыз, сізге жақын әйелге де біреу солайқарайды.

Хадисте: "Егер кез-келген халықта азғындық пайда болып, ашық түрде таралса, онда бұл адамдар арасында олардың ата-бабалары білмеген эпидемиялар мен аурулар таралады" делінген. Бұл хадис сізге ештеңені еске түсірмейді ме?! Зинақорлар қоғамда инфекцияны таратады, ауру балалар туады, олардың кінәсінен аборт жасалады - жазықсыз балалардың жандары өлтіріледі, тастанды балалар әкесіз немесе анасыз өседі, зинақорлардың күйеулері бөтен балаларды өз балам екен деп тәрбиелейді, оларға өз фамилиясын береді, ағасы білмей қарындасына үйленеді, немесе керісінше және т. б.

Зинақорлар мен жезөкшелердің кесірінен Аллаһ бүкіл қаланы жазалап тастауы мүмкін. Түркияға қараңыздаршы, онда бірінен кейін бірі табиғи апаттар болыр жатыр, бүкіл халық қиналып жүр. Бұл бізде де болуы мүмкін. Бұлескерту болып табылады, жылдам тоқтату керек бұл азғындықты! Тәубеге келіңдер, егер біз шын өкініп, енді күнә жасамасақ, Аллаһ бәрін кешіремін деп уәде берген. Аллаһ бізге мынаны уәде етеді: "Шынында да, мен өкініп, тәубесіне келіп тура жолмен жүріп, жақсылық жасағандарды кешіремін" (20: 82).

Енді мына хадисті тыңдап, жақсылап ойланыңдар (қысқартылған түрде):

Бірде жас жігіт Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: "Уа, Алланың елшісі, маған зинақорлық жасауға рұқсат етіңіз", - деді. Осы жас жігіттен осындай сөздерді естіген адамдар оған айқайлап, оның үнін өшіруді талап ете бастады. Пайғамбарға келетін болсақ (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), ол бұл адамға: "Жақынырақ кел", - деді. Жігіт жақындаған кезде Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған: "Егер басқа еркектер сенің анаңмен, әпкеңмен немесе қызыңмен зинақорлық жасағанын жақсы көрерме едің?" деп сұрайды.

- "Аллаға ант етемін, ЖОҚ!"- деп жауап берді жігіт. Содан кейін Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Дәл осылай басқа адамдарда сенің олардың аналарымен, әпкелерімен немесе қыздарымензинақорлық жасағаныңды ұнатпайды", - деді.

Барлық сансыз, шексіз және шетсіз мақтаулар тек жалғыз Аллаһ Тағала!

Сайт иесі https://www.ummakz.kz - Мейрханов Мейрам

САЙТҚА СІЛТЕМЕ БАСҚА САЙТТАР МЕН ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН КЕЗДЕ МІНДЕТТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ!!!