Мүфтий мен имамдар діннен шықтыма?! PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
26.05.2023 11:29

Мүфтий мен имамдар діннен шықтыма?!

Мені жақсылап, мұқият тыңдаңыздар, менен басқа ешкім мұндай шындықты айтуға білімі жетпейді! Менің ютубтағы видео каналыма жазылып, осы лекцияның жазылған текстін оқу үшін менің https://www.ummakz.kzсайтыма кіріңіздер, Мысли на волнующие темы деген бөлімде орналасқан!

Дүмше мүфтий бастаған дүмше жағымпаз имамдар халықты алдап, шайтанның шіркіне итермелеуде әруаһқа сену, одан көмек күту және тағы басқа шіркке апаратын істердің бәрі шариғатымызда бар деп. Бұл шу басталған кезде мен Меккеде умра жасап жүрген едім, сол жақта интернеттен оқып, менде таң қалдым мүфтиіміздің өз сөзін қайтып алып, өзгеріп шыға келгенін. Алдында шайтанның фитнасына қосылмай ақ қояйын деген шешім қабылдаған едім. Бірақ мына жағымпаз имамдар мен ұстазсымақтардың мүфтидің айтқаны дұрыс, әруаһқа сиыну шариғатымызда бар деп халықты алдап, шіркке итермелегендерін көргенсоң шыдамай кеттім. Аллаһ Құранда біліп тұрып шындықты жасырғандардың тозақ отына баратынын еске ұстап, еріксіз бас көтеруге мәжбүр болдым.

Ақыл естері дұрыс, дендері сау бола тұра Аллаһ пен шариғатқа жала жауып, өтірікті шын деп айтқан муфтий мен оның жағымпаз қорқақ имамдары сендер діннен шығып кеткен жоқсыңдарма осы?! Күпірлік жасап қойып, кәпір болып кеткен жоқсыңдарма бәрінен бұрын?! Өйткені сендер Аллаһтың тура жолына емес, шайтанның қитұрқы жолына, шірк жасап мұсылмандықтан шығуға шақырудасыңдар! Сендердің тәтті тілдеріңмен ібілістің өзі сөйлеп тұр! Мені мұқият тыңдаңыздар енді, неге діннен шығып кету мүмкіндіктерін атап айтайын!

Ешқашанда құпия болған емес мүфтий бастаған имамдардың сопылық жолмен өмір сүретіндері. Мен ондаған видео лекция жазып, сопылардың қалай адасқандығын Құран арқылы дәлелдеп бергемін. Мен адамдардың сөздерімен емес, хадистермен емес, тек қана Құранмен дәлелдеп бердім сопылықтың Исламға ешқандай қатысы жоқ екенін, сопылықтың Құранға қарсы келетіндігін. Өкінішке орай сопылардың жүрегі мен көздерін Аллаһ жауып тастаған, сондықтан олар шындықты көре алмай осылай шәйтәннің артынан адасып жүре береді. Дүмше мүфтий бастаған имамдар әруаһқа сиыну, одан көмек сұрау, әруаһтың көмектесуі шариғатта бар деп елді алдап келеді. Мұның бәрі шірк болып табылады және Құранға қарсы келеді, сосын діннен шығып кету қаупы туады. Аллаһтың шариғаты тек Құран ғана. Басқа шариғат жоқ мұсылмандарда! Ал Құранның қай жерінде әруаһтардан көмек күтіңдер, не сиыныңдар, не жалбарыныңдар, не сендерге әруаһтар көмектеседі деген аят бар, айтыңдаршы сопылар?!! Аллаһ Құранда бірнеше рет өтірік айтпаңдар деп бұйырады. Хадистарда қалжыңдап болсада өтірік айтпаңдар, мұсылман ешқашанда өтірік айтпайды дейді. Ал бұлар өтірікті судай ағызады халықты алдап. Бірдеңе болса шариғатымызды бар дей салады. Надандар шариғаттың не екенін білмейді, дүмше ғұламаларының пәтуасы деп ойлайды. Шариғат деген тек Құран ғана. Құранның қай жерінде айтылған әруаһтан көмек сұраңдар, немесе әруаһ көмектеседі деп, көрсетсеңдерші, аузымды жабайын сосын.

Бұлар бірдеңе болса ата бабаларымыздың дінімен жүреміз дейді. Ал ата бабаларың адасқан болса, діннен ештеңе ұқпай кетсеше, ондада ата бабаларыңның артынан адасып жүре бермекшісіңдерме?! Құранда Аллаһ бір емес, бірнеше рет былай дейді: «И когда скажут им: «Следуйте (во всех делах) за тем, что ниспослал Аллах!» – они говорят: «Нет, мы последуем за тем, на чем застали наших отцов». Неужели (они так слепо последуют) даже если бы их отцы ничего не смыслили [не понимали] (в вопросах веры и истинного пути) и не шли бы верным путем?» (2:170). Қазақшасы: "Егер оларға Аллаһ Тағала түсірген Құранға еріңдер десе, олар: "Жоқ,ата-бабаларымыз қандай жолмен жүргенін көрдік, бізде сондай жолмен жүреміз" дейді. Егер олардың ата-бабалары діннен ештеңе түсінбеген, әрі тура жолда болмаған болса да ма?"

Құранда Аллаһ адамдар өлгенсоң олардың жаны руһтары барзах әлеміне өтеді де Қиямет күні болғанша ұйықтап жатады, молада өліп жатқандар тірілерді естімейді деп бірнеше аяттарда айтылады. Ал сопылар болса әруаһтар бізді естиді, бізге дұға жасайды, бізге көмектеседі деп шайтанның шығарған ертегілеріне сенеді. Әулиелер тірі кезінде Аллаһтың сүйген құлдары болды, ал өлгенсоң олардың қасиеттері мен кереметтері жоғалып кетеді. Егер пірлерің мен әулиелерің сондай керемет болса сүйегі жатқан жерге барып иттер сиіп тышып жатқанда оларды неге қуып жібермейді?! Олар тіріге көмектеспек түгіл өздеріне көмектесе алмайды, олар тірінің дұғасына мұқтаж. Өліп қалған әулие тіріге қалай дұға жасайды, егер Аллаһ айтқандай бұл дүниеден хабарлары болмаса, ұйықтап жатса және тірілерді естімейтін болса?! О сопылар, неге миларыңды қосып, ақылға салып ойламайсыңдар?!

Аллаһ Құранда Мен сендерге күре тамырларыңнанда жақынмын, не сұрасаңдарда Менен сұраңдар, екеуміздің арамызға ешқандай посредник керек емес дейді. Ал сопылар Аллаһтан бірдеңе сұрау үшін бізге посредник ретінде өліп қалған әулиелер керек, әйтпесе біздің дұға қабыл болмайды, не Аллаһ естімей қалады деп шайтанның былшылына сенеді.

Сондайақ сопылар піріміз ажал періштесі келгенде көмектеседі, қабыр азабынан сақтайды, сырат көпірінен өткізеді, о дүниеде бізге шапағатшы болады деп сенеді. Мұның бәрі шайтанның шатпырағы. Құранды оқысаңдар жауабын табар едіңдер. Құранда әр адам тек өзі үшін ғана жауап береді, басқа біреудің күнәсін арқаламайды, шаңның үлкендігіндей жасаған жақсылықтары мен күнәләрін Таразыға салып өлшеп, шешім шағарамын дейді Аллаһ. Әл Күрсі аятында ешкім шапағатшы бола алмайды делінген Аллаһтың рұқсатынсыз. Пірлерің сендерге көмектеспек түгіл өзінің бас қайғысымен әлек болып кетеді айтқан өтіріктерімнен қалай құтыламын деп.

Сонымен қысқаша айтқанда, Аллаһ Құранда шірктен басқа күнәләріңнің бәрін кешіремін деп уәде берген. Ал сопылардың жасап жүргендерінің бәріде шіркке жатады. Сондықтан тәубелеріңе келіңдер сопылар! Мүмкін сендер діннен шығыпта кеткен шығарсыңдар. Тәубелеріңе келіп, қайтадан Исламды қабылдаңдар!

Аллах былай дейді: «Oни пoĸлoняютcя нapядy c Aллaxoм тoмy, чтo нe пpичиняeт им вpeдa и нe пpинocит им пoльзы. Oни гoвopят: «Oни — нaши зacтyпниĸи пepeд Aллaxoм». Cĸaжи: «Paзвe вы мoжeтe пoвeдaть Aллaxy тaĸoe нa нeбecax и нa зeмлe, чeгo бы Oн нe знaл?». Πpeчиcт Oн и пpeвышe тex, ĸoгo вы пpиoбщaeтe в coтoвapищи» (10:18).

Сектанттар Традиционный Ислам, Дәстұрлі дін деген терминдарды шығарып алды халықты адастыру үшін. Естеріңізде сақтаңыздар, Аллаһтың діні тек біреу ғана, ол Ислам. Ислам ешқашанда суннит, шиит, ханафит, салафит, мазхабист, суфист, дәстүрлі, дәстүрсіз деп бөлінбейді. Ислам керісінше бөлінуге емес, бүкіл мұсылмандардың басын біріктіруге шақырады. Босқа таласып, біріңмен бірің шайқасқанша, бәріміз бірігіп Мұхаммед пайғамбарымыздың Үмбеті болайық! Мен осыған ғана шақырамын!

Қорытындылай келе, барлық сансыз, шексіз және шетсіз мадақтын бәрі тек әлемдердің иесі жалғыз Аллаһқа лайық! Аллаһ біздің пайғамбарымыз Мұхаммедті, оның отбасы мүшелерін, оның серіктерін және олардың соңынан ергендердің барлығын Өзінің сүйікті құлдары етіп, жарылқасын! Әмин!

Сайт иесі - https://www.ummakz.kz / - Мейрханов Мейрам.