Новый перевод Курана на казахский PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
18.07.2015 16:57

ВОПРОС: Ассаляму алейкум уа рахматуЛахи уа баракату, Мейрам аға!!!

Куран на казахском есть только от Халифы Алтайа. К сожелению в этом переводе много ошибок, где та мальение где эти ошибки меняют смысл аята. Я заметил что в суре Мариям есть много ошибок:

В 5 аяте пишется что жена Закарии(алейхи салям) безплодна, а в переводе Халифы Алтай пишется что он не безплодна, а старая.

В 86 аяте пишется что грешников отведут в Ад словно на водопой, а в переводе Халивы Алтай пишется что грешников отведут в Ад с жаждой. Хотя смысл аят в том что, грешников отведут в Ад как скотину.

А имя Аллаһа Раһман пишется то Аса қамқор, то Аллаһ, то Раһман.

А имена пророков пишутся с ошибками. Где пишется И там написана Ы.

Да еще написана сложным для понятия языком.

Я постарался и перевел сура Мариям. Если не правельно перевел исправте меня.

Потом я хочу создать сайт где будет новый перевод Курана. Каждый сможет там предложить свою версию перевода аятов.

Правельный перевод на казахском очень даже нужен. Потому что не все кто говорит на казахском знают другие языки. А среди них есть праведные мусульмане которые хотят узнать смысл аятов и прочитав перевод Халифы Алтай они мало что поймут.

Вот новый перевод:

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

1) Кәф Һә Иә ‘Айн Сад.

2) Бұл Раббыңның құлы Зәкәрияға мәрхаметінің естелігі.

3) Ал бір заманда ол, Раббына құпия дауыспен жалбарынған еді.

4) “Раббым! Сүйегім қаусап, басым ағарған. Дегенмен саған қойған тілегім, босқа кетпеген еді” деді.

5) Шынында мен өзімнен кейінгі жақындарым үшін уайымдаудамын. Сондай-ақ жұбайым бедеу. Маған өзіңнен мұрагер бере көр!

6) Әрі маған, әрі Яғқұп ұрпағына мұрагер болсын. Раббым, әрі оны тіл алғыш қыла гөр!

7) “Әй Зәкерия! Расында сені бір ұл арқылы қуантамыз. Аты Яхия. Бұрын оған аттас ешкімді жаратқан емеспіз.” деді (Аллаһ).

8) “Раббым! Менде қалайша ұл болады? Жұбайым бедеу. Расында өзім де кәріліктен қурадым” деді (Зәкәрия).

9) “Бұл Раббыңның сөзі: Бұл маған оңай. Өйткені, бұрын жоқ болған сен жаратқан едім” деді (періште).

10) “Раббым маған бір белгі бер” деді (Зәкәрия). “Сап-сау бола тұра үш тәулік адамдармен сөйлесе алмауың саған белгі болады” деді (Аллаһ)

11) Сонда (Зәкәрия) михраптан шығып, қауымына: “Ертелі-кеш Алланы дәріптеңдер” деп нұсқады.

12) “Әй Яхия, Кітапты мықты ұста” Біз оған сәбилігін-ақ даналық берген едік.

13) Әрі оған Өзімізден қамқорлық (немесе жанашарлық), күнәдан тазалық бердік. Өзі де тақуа еді.

14) Әрі әке-шешесіне де құрмет білдірген (немесе мейірімді болған). Зоракер, тіл алмаушы (немесе күнәкар) болған емес.

15) Сәлем оған туылған күні, өлетін күні және қайта тірілетін күні (қиямет күнінде)

16) Кітаптағы (Құрандағы) Мәриямды есіңе ал. Сол уақытта ол, тұрған үйінің шығыс жағындағы бір орынға жекеленіп барды.

17) Кейін ол шымылдық қойған еді (немесе хиджаб киген еді) Сондай-ақ оған рухымызды (Джәбірейілді) жібердік те ол оған көркем адам бейнесінде көрінді.

18) “Аса қамқордан (Аллаһтан) көмек сұраймын, сен тақуа болсаң” деді (Мәриям).

19) “Мен саған бір таза бала беруге жіберілген Раббыңның елшісімін” деді (Джәбірейіл).

20) “Менде қалайша бала болады? Маған бір адам тимеген, әрі жезекше болған емеспін” деді (Мәриям).

21) “Ол, солайша” деді (Джәбірейіл) Өйткені, Раббың: “Бұл Маған оңай. Адамзатқа үлкен бір белгі, әрі мәрхамет болады. Бұл шешіліп қойған іс” деді.

22) Ол балаға жүкті болып, соныменен алыс бір жерге кетті.

23) Сонда оны толғақ қысып, пальма ағашының түбіне барды да: “Әттең-ай! Мен бұдан бұрын өліп, мүлде ұмытылып кеткен болсам ғой” деді (Мәриям).

24) (Джәбірейіл) оның астыңғы жағынан: “Уайымдама, Раббың астыңнан бір бұлақ жаратты” деп дабыстады.

25) Пальма бұтағын сілкісең, саған жас финиктер түседі.

26) Ал енді же де, іш. Көз айым бол! Егер адамдардан біреу көрсең: “Аса қамқор (Аллаһ) үшін ораза атадым. Сондықтан бүгін еш адаммен сөйлеспеймін” де.

27) Сонда баланы көтеріп өз қауымына келді. Олар: “Әй Мәриям! Расында сен өрескел бір нәрсе жасап қойдың” деді.

28) Әй Һарунның қарындасы (тақуалығымен Һарунға тең келетін)! Әкең жаман кісі болған емес, шешең де жезекше болған емес еді.

29) Ол (Мәриям) балаға назар аудартты. Олар: “Бесіктегі бір бөбекпен қайтып сөйлесеміз?”,- деді.

30) “Рас мен Алланың құлымын. Маған кітап беріп, пайғамбар қылды” деді.

31) “Сондай-ақ мені қайда болсам да құтты етті(адамдарға пайдасын тигізетін), тіршілігім бойынша намазды толық орындап, зекетті беруге бұйырды.”

32) (Мені) шешеме құрмет көрсетуші етіп, зоракер және қиқар қылмады.

33) Сәлем маған туылған күнімде, өлер күнімде және қайта тірілген күнімде (қиямет күнінде барлық адамдар сияқты).

34) Міне осы олар сене қоймайтын Мәриям ұлы Ғиса жайындағы хақ сөз.

35) Аллаһқа бала иемдену тән емес. Аллаһ одан мүлде пәк. Ол бір істің болуын қаласа, тек қана оған “бол” дейді. Сонда ол, бола қалады.

36) (Ғиса айтқан) “Күдіксіз Алла, менің де Раббым әрі сендердің де Раббыларың. Оған ғана құлшылық қылыңдар. Тура жол осы.”

37) Алайда адасқан топтар (Яһуди, Христиан) өзара таласты. Қарсы болғандарға, ұлы бір күннің келуінде нендей өкініш.

38) Олар, алдымызға келген күні, нақ естиді де көреді. Бірақ залымдар, бүгін ашық түрде адасуда.

39) Олар уайымсыздықты білдіріп, сенбейді. Олар үшін іс бітіп кететін қасырет күнін ескерт.

40) Расында Біз (Аллаһ) жерді және жердегілерді Өзімізге мұра етеміз . Және олар Біз жаққа қайтарылады.

41) Кітаптағы (Құрандағы) Иброхимды есіңе ал. Негізінде ол шыншыл пайғамбар еді.

42) Сол уақытта әкесіне: “Әй әкетайым! Естімес, көрмес, сондай-ақ өзіңе бір пайдасы жоқ нәрсеге неге шоқынасың?”,- деді.

43) Әй әкетайым! Расында маған, саған келмеген білім келді. Сондықтан маған ілес. Сені тура жолға салайын.

44) Әй әкетайым! Шайтанға шоқынба! Өйткені, шайтан, Аса қамқорға (Аллаһқа) қарсы болған.

45) Әй әкетайым! Саған Аса қамқордан (Аллаһтан) азабынан  (шайтанға шоқынған үшін), шайтанға дос болып, қалуыңнан қорқамын.

46) “Әй Иброхим! Сен тәңірлерімнен бет бұрасың ба? Егер, оны қоймасаң, әрине сені таспен атамын. Сондай-ақ өзің менен аулақ бол” деді (әкесі).

47) “Сәлем саған. Сені Раббымның жарылқауын тілеймін. Өйткені Ол маған өте мейірімді” деді (Иброхим).

48) Мен сендерден де, Алладан өзге шоқынғандарыңнан да араны ашып, Раббыма жалбарынамын. Сондай-ақ Раббыма жалбарынсам, бос қалмауымнан үміткермін.

49) (Иброхим) олардан, олардың Аллаһтан өзге табынғандарынан да ажыраған кезде, оған Исхақ пен Яғқұпты беріп, әрқайсысын пайғамбар қылдық.

50) Оларда Бізден келген мейірімділік болды. Оларды әрі тілде жоғары еттік.

51) Кітаптағы (Құрандағы) Мұсаны есіңе ал. Расында ол шыншыл, әрі елші, әрі пайғамбар еді.

52) Оған Тұр тауының оң жағынан дыбыстап, сөйлесу үшін өзімізге жақындаттық.

53) Әрі мәрхаметімізбен ағасы Һарунды, өзіне пайғамбар етіп бердік.

54) Кітаптағы (Құрандағы) Исмайылды есіңе ал. Шынында ол, уәдесіне берік, әрі елші, әрі пайғамбар еді.

55) Отбасына намаз орындап, зекет беруді бұйырған еді. Сондай-ақ Раббысы оған риза еді.

56) Кітаптағы (Құрандағы) Идристы есіңе ал. Расында, ол шыншыл адам, әрі пайғамбар еді.

57) Оны жоғары орынға көтердік.

58) Міне бұлар, Аллаһ, өздерін нығметке бөлеген пайғамбарлар. Адамның және Нұх пен бірге (кемеде) тасығандарымыздың ұрпағынан әрі Иброхим және Исраилдың, ұрпағынан тура жол көрсетіп, таңдаған кісілерімізден. Оларға Алланың аяттары оқылған сәтте, жылаған бойда сәждеге жығылады.

59) Кейін олардың орындарына, намазды қойып, нәпсілеріне ергендер келді. Олар жақында (қияметте) адасуларының сазайын тартады.

60) Бірақ кім тәубе қылып, иман келтірген түрде түзу іс істесе, міне солар ешбір әділетсіздікке ұшырамай Джаннатқа кіреді.

61) Ол Аса қамқордың (Аллаһтың) құлдарына құпия түрде уәде еткен Джаннат. Расында Оның уәдесі орындалады.

62) Олар Джаннатта сәлемнен басқа бос сөз естімейді. Және оларға жаннатта ертелі-кеш несібе бар.

63) Тақуалы құлдарымызға мұра ететін Джаннат осы.

64) “Раббымның әмірімен ғана түсеміз. Алды-артымдағы және екі арадағы жағдайларды білу Оған тән. Сондай-ақ Раббың ұмытпайды.” (деді Джәбірейіл немесе періштелер)

65) Көктер мен жердің, әрі екеуінің арасындағылардың Раббысы. Сондықтан Соған құлшылықта сабырлы бол. Оған аттас білетінің бар ма?

66) Адам баласы: “Мен өлген уақытта тіріліп, ортаға шығарыламын ба?”,-дейді.

67) Ал адам баласы алғаш жаратылғанға дейін мүлде болмағанын ойламай ма?

68) Раббыңа серт! Әлбетте оларды да шайтандарын да жинап, Джаһанамның айналасында тізе бүктіреміз.

69) Сонан кейін әрбір топтан Аса қамқорға (Аллаһқа) басқалардан өзгеше қатты қарсы келгендерді ортаға шығарамыз.

70) Кімге тозақта болу лайық екенін Біз ғана жақсы білеміз.

71) Барлықтарың тозаққа кіресіңдер (қыл көпірден бәрі өтеді). (Бұл) Раббыңның соңғы (яғни өзгермес) шешімі.

72) Сол кезде Біз тақуа болғандарды құтқарамыз, ал залымдарды тізе бүктірілген түрде қалдырамыз.

73) Өздеріне ашық түрде аяттарымыз оқылған заманда кәпірлер мүміндерге: “Екі топтың қайсысы жағдайда жақсы, әрі құрылымымен көркем?”,- дейді.

74) Бұлардан бұрынғы нәсілден талайды жоқ еттік. Олар дүниелікте әрі көріністе бұлардан артық еді.

75) “Кім адасқан болса, Аса қамқор (Аллаһ) оны мүлде созып қояды да (адасқандардың бұл дүниедегі дасақан жолы ұзақ болады да) ақыр өздеріне уәде етілген азапты не қияметті көрген сәтте, олар кімнің орны жаман, сыбайластары әлсіз екенін біледі” де.

76) Аллаһ тура жолды ұстанушыларға туралықты арттырады. Өшпес сауапты істер Раббыңның қасында тұрғысынан жақсы да нәтиже бойынша қайырлы.

77) аяттарымызға сенбей: “Әлбетте маған байлық пен бала беріледі” дегенді көрдің бе?

78) Ол көместі білді ме? Немесе Аллаһтан уәде алды ма?

79) Әсте олай емес. Оның айтқанын жазамыз да оған азапты арттырған сайын арттырамыз.

80) Сондай-ақ оның айтқанына Біз ие боламыз да , ол бізге жалғыз келеді.

81) Олар өздеріне абырой үшін Алладан өзге тәңір жасап алды.

82) Олай емес, тәңірлері олардың табынуларына қарсы шығып, өздеріне теріс келеді.

83) көрмедің бе? Кәпірлерге, оларға түрткі салатын шайтандарды жібердік.

84) Олар үшін асықпа. Шынайы түрде олардың күнін санаудамыз.

85) Сол күні, тақуаларды Аса қамқордың (Аллаһтың) құзырына құрметті қонақ түрінде жинаймыз.

86) Ал күнакарларды малды сияқты Джаһаннамға айдаймыз

87) Аса қамқордың (Аллаһтың) қасында уәде алғаннан басқа ешкім шапағат ету күшіне ие бола алмайды.

88) Олар: “ Аса қамқор (Аллаһ) бала иемденді” десті.

89) Осылайша сендер сұмдық іс жасайсыңдар

90) Бұдан көктер шатынай, жер жарыла, таулар құлап түсе жаздайды.

91) Аса қамқорға (Аллаһқа) бала ұйғарғандықтарынан.

92) Аса қамқорға (Аллаһқа) бала иемдену лайық емес.

93) Көктер мен жердегі әркім Аса қамқорға (Аллаһқа) құл ғана болып келеді.

94) Ол (Аллаһ) оларды түгендеп, бір-бірлеп санын біледі.

95) Қияметте олардың барлығы Оған жеке-жеке келеді.

96) Күдіксіз иман келтіріп, түзу іс істегендерге Аса қамқор (Аллаһ), сүйіспеншілік береді.

97) Оны (Құранды) сенің тіліне жеңілдетіп, ол арқылы тақуаларды қуантып, жауыз қасарысқандарды ескерту үшін түсірдік.

98) Олардан бұрын қаншалаған нәсілді жоқ еттік. Енді сен олардың біреуін сезіп тұрсың ба? Немесе олардың сыбдырларын естисің бе?

Алмас.

ОТВЕТ: уа алейкум ас салям уа рахматуЛлахи уа барякатуху брат мой!

Пусть Аллах будет доволен вашими стараниями. Вы правы, перевод Курана Халифой Алтай на самом деле не совсем грамотный и очень трудно читается. Я сам лично не раз пытался читать, но кроме отвращение ничего не вызывает этот перевод. Некоторые люди говорят, что он перевел на казахский с турецкого, поэтому таким получился у него его труд. Брат мой, я прочитал всего 3 аята с вашего перевода и все 3 неправильны и не передают смыслы этих аятов. Дальше не стал читать. Коран вам не художественная литература или сборник сказок. Это очень тяжелая и ответственная работа. Не забудьте, что если кого-нибудь введете в заблуждение, придется потом за всех заблудших до Судного Дня отвечать. Поэтому прежде чем перевести, хорошо задумайтесь.