Маразмы сайта «muslim.kz» PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
20.02.2017 19:37

ВОПРОС: Ассалям алейкум ага!

Еще один вопрос. Имамы говорят, что перед кушанием и после кушания надо обязательно есть щепотку соли, что это суннат и всем предлагают так поступать. Я первый раз слышу об этом. Знаю, что уйгуры чай пьют с солью. Это точно суннат?

----

http://muslim.kz/kk/question/886-tamaqty-tuzben-bastap-tuzben-ayaqtau-sunnet-pe.html

Тамақты тұзбен бастап, тұзбен аяқтау сүннет пе?

Сұрақ: Кейбіреулер тамақтан бұрын және тамақтан кейін бір шөкім тұз жейді. Шариғатта бұған негіз бар ма? Бұл Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мен оның сахабаларынан (Алла оларға разы болсын) қалған сүннет пе?

Жауап:

Бұл дүниеде адамдардың бәріне Мейірімді және ақыретте тек мұсылмандарға ғана Рақымды Алланың атымен бастаймын.

Ханафи мазхабының сенімді кітаптарында тамақ ішуді тұзбен бастап, тұзбен аяқтаған абзал екендігі және оның медицина тұрғысынан қарағанда пайдасы зор екендігі жазылған. Ұлы ханафилік факих имам Ибн Абидин (рахимахуллах) былай дейді: «Тамақты тұзбен бастап, тұзбен аяқтау сүннет болып табылады. Бұл сүннетте жетпіс түрлі дерттің шипасы бар».

«Әл-Мухит әл-Бурхани» (5/204), «Әл-Бахр әр-Раик» (8/209) және «Әл-Фатава әл-Хиндийя» (5/337) кітаптарында да солай айтылған. Имам әл-Ғазали «Ихья ’Улюм әд-Дин» деген ұлы кітабында да солай жазған.

Хаким әл-умма мауляна Ашраф Әли Санави (рахимахуллах) өзінің «Имдад әл-Фатава» атты пәтуалар жинағында Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл әрекетке негіз болатындай нақты хадисі болмаса да, сондай-ақ Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : «Әй, Әли! Тамақты тұзбен бастап, тұзбен аяқта. Өйткені, тұз – жетпіс түрлі дертке ем. Олардың арасында ақыл-естің ауысуы, алапес және тіс ауруы бар», - деп айтқанын келтіреді. Көптеген мухаддис ғалымдар бұл хадисті ойдан шығарылған деп тапса да (мауду’), тамақты бір шөкім тұзбен бастап, аяқтауды төмендегі екі себепке байланысты толықтай негізсіз деп санай алмаймыз.

Біріншіден, имам әл-Байхақи «Шу’аб әл-иман» деген кітабында хазіреті Әлидің (Алла оған разы болсын) былай дегенін жеткізеді: «Кімде-кім тамақ ішуді тұздан бастаса, Алла Тағала оны жетпіс түрлі дерттен тазартады». Имам әл-Ғазали (рахимахуллах) да «Ихья Улюм ад-Дин» атты кітабында хазіреті Әлидің (Алла оған разы болсын) солай дегенін жеткізеді. «Ихьяға» түсініктеме беруші алляма Муртаза аз-Забиди имам әл-Байхақидің «Шу’аб әл-иман» кітабына сілтеме беріп, бұл хадисті ойдан шығарылған деп танымаған. Осылайша, мавкуф хадис (Алла Елшісінің сахабасы айтқан хадис, онда Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің сөзі болуы міндетті емес), бұл әрекеттің қандай да бір негізі бар екенін көрсетеді.

Екіншіден, Ибн Маджа, имам әт-Табарани және т.б. жеткізген сенімді хадис бар. Онда хазіреті Әнас ибн Мәлік Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін келтіреді: «Дәмдеуіштердің ең жақсысы — тұз». Хадисте тұздың жақсы қасиетін сипаттау үшін «сайид» (мырза, басшы) сөзі қолданылған. «Басты» деген сөз тұзды тамақтың басында және аяғында жеу керектігін білдіреді. Мәуляна ас-Санауи тамақты тұзбен бастап, аяқтау ғұрпы осыдан шыққан болуы ықтимал деп, ары қарай жалғастырып жазған. Дегенмен, ол бұл ғұрыпты үзілді-кесілді діни үкім деп қабылдамай, мақтауға лайықты әрекет ретінде таныған жөн деп жазады.

Қорытындылар болсақ, тамақты тұзбен бастап, аяқтауды қатаң белгіленген Сүннет деп санаудың қажеті жоқ. Сол себепті, оған аса үлкен көңіл бөле беру де керек емес. Әйткенмен, бұл ғұрыптың Шариғатта негізі жоқ деп санау да дұрыс болмайды. Тамақтың басында және аяғында тұз жеу керек деп айтқаныңнан қайтпай тұрып алу да дұрыс емес, солай істейтін адамдарды сынап-мінеу де жөнсіздік. Дастарханда тұз бар болса, классикалық факих-ханафиттердің мұны мақтауға тұрарлық әрекет деп санайтынына сүйене отырып, тамақты тұзбен бастап, аяқтауға болады. Десе де, дастарханда тұз жоқ болса, тұз сұрап жүрудің қажеті жоқ. Бұл – орта жол. Ең абзалы орта жолды ұстану болып табылады.

Алла жақсы Білуші!

azan.kz

 

ОТВЕТ: уа алейкум ас салям брат мой!

Так может утверждать только наши безграмотные имамы, которые ничего не смыслят в религиозных вопросах. С каких пор шизофрению, витилиго, альбинизм, болезни зубов, тем более 70 болезней лечат с помощью соли?!! Наоборот, все стараются уменьшит содержание соли в своем рационе, чтобы не заболеть. Нет такого хадиса, это лживый хадис.

 

Аллах лучше всех знает.