Неге сопылар жынды сияқты қозғалады PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
06.07.2021 22:30

Неге сопылар жынды сияқты қозғалады

Шешендерге қараңыз, жынданған адам сияқты бірінің артынан бірі айналып, қуып, билеп жүреді. Сондай-ақ басқа сопыларғада қараңыз, олар да өздерінше билеп, жынданып журеді. Осылайша, олардың барлығы шайтанның көмегімен жаппай психоз бен гипнозға түседі. Мұның бәрі шайтанның бидғаты болып табылады және бұлардың Алланың дініне ешқандай қатысы жоқ. "Сендер мұны қайдан алдыңдар" деген сұраққа олар Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Әбу Бәкірге жақында Мединаға барып, хижра жасайтындықтарын айтқан кезде, ол қуаныштан секіріп, Пайғамбарды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айналып жүгірді деп жауап береді. Енді мен сопыларға: "Әбу Бәкірдің қуанышы мен секірісі Алланың дініне қандай қатысы бар?!" деген сұрақ қойғым келеді. Бұл іс жай ғана Абу Бакірдің қуаныштан болған эмоциясының жарқын көрінісі ғана болып табылады, әр адам өз эмоцияларын өзінше білдіреді. Мысалы, басқа адам секірусіз және артық қозғалыссыз күлетін еді осындай жағдайда. Үшінші адам жәй ғана "альхамдулиЛлах" деп айтар еді. Мұның бәрі адамның күнделікті қуанышы, бірақ Алланың шариғаты емес. Сондықтан сопылардың осы билерінің бәрі шайтанға табыну ғана. Себебі Әбу Бәкір туралы бұл ертегіні өздерін сопымыз деп санайтын сауатсыз сектанттарына шайтан ойлап тапқан. Біріншіден, бұл туралы ешқандай сенімді хадис жоқ жәнеде ешкім Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Әбу Бәкірмен сөйлескенін көрген емес, өйткені олар екеуі ғана тұрған. Екіншіден, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзіде, сахабалар да, табииндер де ешқашанда сопылар сияқты билеген емес. Үшіншіден, сахабаларда, табииндерде зікірді тек қана отырып жасаган, ешқайсысы жүгіріп, не секірмеген жынданған адамдардай. Төртіншіден, Әбу Бәкірдің әрекетін шындық деп санаған күннің өзінде, барлық мұсылмандар оның осы жасаған қимылдарын ұстануға міндетті деген дәлелдер жоқ. Бесіншіден, барлық мұсылмандар адасқан адамдардың артынан емес, тек қана Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) артынан ғана ерулері керек.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "кімде-кім дінге жаңадан бидғат қосатын болса, ол ешқашанда қабыл болмайды" деген (Бухари, Муслим).

Ибн Аббас былай деген: "аспаннан тастар құлап кетедіме деп қорқамын. Мен оларға Алла Елшісі айтты деп айтсам, акымактар маган Әбу Бәкір мен Омар айтты дейді " деп ренжиген (Ахмад 1\337, әл-Хатыб 1\145 және т.б.).

Анас ибн Малик: "мен Пайғамбардың кезінде намаздан жақсы ештеңе білмедім (Алла оған және оның руына батасын берсін!), бұлар оныда бұрмалап, өзгертіп жіберіпті" деп ренжіп отырыпты. Аль-Зухри бұл туралы былай дейді:" Мен Дамаскіге Анас ибн Маликке барғанымда ол жылап жіберді. Мен одан: "сізді не жылатты?» деп сурадым. Ол: "Мен намаздан басқа ештеңе білмедім, бірақ бұлар оныда өзгертіп, бұрмалап жіберді", - деп жауап берді» (Бухари, 1/74.).

Бізге жеткен хадистардан көріп отырғаныңыздай, Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тірі кезінде сахабалар бірігіп, қастандық жасаған, оған қарсы шыққан. Ал қайтыс болғаннан кейін сахабалар мен табииндер Алланың дінін бұрмалаған, өзгертіп жіберген, олардың көпшілігі Исламнан шыққан, бірімен бірі соғысып, бірін бірі мың мыңдап өлтірген. Тарихта «Түйе соғысы» деген болған. Бұл соғыста сахабалар біріне бірі қарсы соғысып, отыз төрт мың сахаба өлген. Одан кейін «Сиффин шайқасын» естеріңізге түсіріңіздер, ондада ондаған мың сахаба бірін бірі өлтірген. Мұсылмандардың бірімен бірі соғысуы әлі күнге дейін жалғасып келеді. Ал біздің білімсіз сектанттар Құран мен Суннаны лақтырып тастап, біз сахабалар мен табииндердің жолымен ғана жүреміз деп бос кеуделерін соғады. Олар дәлел ретінде Құран мен хадистардың орнына өздерінің думше ғалымсымактарының шатпырагына көбірек сенеді. Менің осы сектанттарға сұрағым бар: «Сендерге Құран мен Суннадан гөрі шайтанның азғыруына еріп, бірін бірі өлтірген, білімсіз, надан сахабалар мен табииндердін жолы маңыздырақпа?!» Неге ойланбайсыңдар?! Бір мезгіл тоқтап, ойлансандаршы! Мен сендердін жауларың емеспін. Мен ин шаа Ллах, сендермен бірге Жаннаттың төрінде болғым келеді бауырларым!

Сондықтан, Құран мен Сунна тұрған кезде, тек білімсіз соқыр сектанттар мен дін фанаттары ғана дүмше ғалымсымақтар мен адамдардың шатпырағын ұстанады. Мен баршаңызды тек қана діннің түпнұсқасына – Құран мен Сүннетті ұстануға шақырамын.

Менің бейне каналыма жазылыңыз және менің веб-сайтымды оқыңыз - http://islamkz.kz

Барлық сансыз, шексіз, шетсіз мақтау мен мадақтау тек жалғыз Аллахқа ғана лайық.

Сайт иесі http://www.islamkz.kz Мейрам Мейрханов

САЙТҚА СІЛТЕМЕ БАСҚА САЙТТАР МЕН ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН КЕЗДЕ МІНДЕТТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ!!!