Ата-бабаларымыздың дінін ұстану керек пе?! PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
11.08.2021 17:48

Ата-бабаларымыздың дінін ұстану керек пе?!

Аллаһ Тағала бізге былай бұйырған еді: "Діннің айқын белгілері пайда болғаннан кейін, секталар болып бөлініп, адасушыларға ұқсамаңдар. Оларға үлкен азаптар дайын" (3:105). Алла Тағала бізге ескерткен еді: "Алланың дінін мықтап ұстап, секталарға бөлінбеңдер. Сендер біріңе бірің жау болған кезде Алланың сендерге жасаған мейірімін естеріңде сақтаңдар, Ол сендердің жүректеріңді біріктіріп, Оның рақымымен сендер біріңе бірің ағайын болдыңдар. Сендер ол кезде оттың тұңғиығында болдыңдар және Ол сендерді оттан құтқарды. Аллах сендерге Өз белгілерін осылай түсіндіреді, мүмкін сендер тікелей жолмен жүрерсіңдер" (3:103).

Алланың жаулары барлық уақытта қол жетімді әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, мұсылмандарды секталар мен ағымдарға бөлуге тырысуда. Соңғы уақытта бүкіл әлемде надан сектанттардың Аллаһтың діндерінің орнына ата-бабаларының дініне оралуға шақыруы жиілеп кетті. Олар шайтанның азғыруымен адасып, ата-бабалары түзу жолмен жүргенін және қателеспегенін айтып, сондықтан біз де сол жолды ұстанамыз дейді. Аллаһ осындай адасқандарға былай дейді: "бірақ олар өз діндерін әртүрлі секталарға бөліп тастады және әр секта өзіншеқуанады" (23:53).

Ата-бабаларының дінін ұстануға шақырушылар туралы Аллаһ былай деді: "Оларға: "Аллаһтың айтқанын орындаңдар", - десек, олар былай жауап береді: "Жоқ! Біз әкелеріміздің қандай жолмен жүргенін көрсек, дәл сондай жолға ереміз", дейді. Ал егер олардың әкелері діннен ештеңе түсінбесе және тікелей жолмен жүрмесе ше?» (2:170). Егер сіз бұл аятты құлағыңыздан өткізіп жіберсеңіз, онда тағы бір басқа аятты тыңдаңыз, онда Алла тағы да сектанттардың назарын осы тақырыпқа аударады:

"Оларға: "Алланың жіберген дініне және Оның Елшісіне еріңдер", — десек, олар: "бізге әкелеріміздіңтапқан жолы жеткілікті", - деп жауап береді. Егер олардың әкелері діннен ештеңе білмесе және Аллаһтың тура жолымен жүрмесе де, олар солардың артынан ермекпе?» (5:104).

Мен мұндай адасқан сектанттарға үндеуімді Алланың келесі сөздерімен аяқтағым келеді: "Аллаһтан комек сұрағанда өкініп, кешіріммен сұраңдар, Одан қорқыңдар, намаз оқыңдар және адасқан көп құдайшылардың қатарында болмаңдар. Сондай ақ өз діндерін бірнеше дінге бөліп секталарға айналғандардың арасында болып, соған қуанғандардың қатарындада болмаңдар" (30:31-32).

И в заключение хвала Аллаху - Господу миров, Учителю всех учителей!

Владелец сайта http://www.islamkz.kz Мейрханов Мейрам

ССЫЛКА НА САЙТ ОБЯЗАТЕЛЬНО ПРИ РАЗМЕЩЕНИЯХ В ДРУГИХ САЙТАХ И СООБЩЕСТВАХ!!!