73 ағым туралы хадис ӨТІРІК! PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
17.12.2021 12:00

73 ағым туралы хадис ӨТІРІК!

 

Мен мұсылмандардың 73 ағымға бөлінетіндігі туралы хадистың өтірік екендігін дәлелдермен бірнеше рет жазған едім. Бірақ мені адамдар аз тыңдайды және маған сенбейді. Олар үшін өздері сияқты дүмше имамдар мен дұмше ғалымсымақтардың шатпырағы маңыздырақ. Бұл масқараның таралғанына шамамен 1500 жыл болды. Сондықтан мен бұл хадистың Исламнан ештеңе түсінбейтін сауатсыз сектанттар үшін шайтанның шығарып берген жалған хадисі екенін тағы бір рет еске салуға шешім қабылдадым! Себебі бұл жалған хадис Құрандағы Алланың сөздерін жоққа шығарады!!!

Басынан бастайын.

Әбу Хурайрадан келген хадиста Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: "яһудилер жетпіс бір ағымға, ал христиандар жетпіс екіге бөлінеді. Ал менің қауымым жетпіс үш ағымға бөлінеді". Му'ауияның тағы бір хадисінде: "жетпіс екі топ отқа оранып, біреуі Жұмақта", - делінген. Абдуллах ибн Амрдың тағы бір нұсқасында: "менің қоғамым жетпіс үш топқа бөлінеді; олардың бәрі біреуінен басқа отқа түседі", - делінген. Адамдар: "Алланың Елшісі олар кім?" деген сұраққа Ол былай деп жауап берді: "Маған және менің сахабаларымның жолына еретіндер". Хадистің басқа нұсқасында 'Ауф ибн Маликтің айтуынша,"олар кімдер, бұл құтқарылған топ?" деген сұраққа Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "бұл - жамағат", - деп жауап берді. Бұл хадистер Ахмад 4/102, Әбу Дауд 2/503, Ат-Тирмизи 3/367, Ибн Маджи 2/479, ад-Дарими 2/241, әл-Хаким 1/128 және Ибн Абу Асым 63 жинақтарында бар. Барлық дүмше ғалымсымақтар бұл өтірік хадистарды әлі күнге дейін сенімді хадистар деп санайды.

Өзіңіз көріп отырғандай, егер сіз осы өтірік хадистерге сенсеңіз, онда мұсылмандар яһудилер мен христиандардан да жаман деп санағандығыңыз болып шығады. Мұндай болуы мүмкін емес. Себебі Алла Құранда мұсылмандар туралы:"Сіздер адамзаттың игілігі үшін пайда болған қауымдардың ішіндегі ең жақсысысыз", - деді (3:110). Алла тағала барлық адамдар мен жындарға: "Исламнан басқа дінді іздейтіндерден бұл ешқашан қабылданбайды және ақыретте ол құрбан болғандардың арасында болады", - деді (3:85).

Сонымен, сізге не маңызды — Құрандағы Алланың сөздері ме, әлде шайтанның білімсіз сектанттарға шығарып берген күмәнді хадистеріме?! Көзіңізді кеңірек ашып, егер сізге ұғу қиын болса, менің сөздерімді тағы бір рет оқыңыз. Сосын шайтанның ертегісін таратуды тоқтатыңыз. Ең жақсысы шайтан мен думше ғалымсымақтардың шатпырағын оқығанша Құранның аудармасын оқыңыздар.

 

https://www.islamkz.kz сайт иесі Мейрам Мейрханов

САЙТҚА СІЛТЕМЕ ЖАСАУ БАСҚА САЙТТАР МЕН ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН КЕЗДЕ МІНДЕТТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ!!!