ҚР мүфтиіне үндеу PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
27.12.2021 11:52

ҚР мүфтиіне үндеу

 

Сіз жасап жүрген оңды-солды ширк туралы жазғамын, айтқамын. Қазір өте қажет тақырыпқа ауысамын. Менің осы үндеуіме аса мән беруіңізді сұраймын, өйткені сізге елдің барлық мұсылмандарының тағдыры үшін Алланың алдында жауап беретініңіз жайлы ескерткім келеді. Сіз бесінші мүфтисіз, бесеуіңізде дұрыс жұмыс істемедіңіздер. Өкінішке орай, елдегі діни ахуал жыл сайын нашарлай түсуде, мүфти мен сіздің имамдарыңыздың саясатына наразы адамдар саны үнемі артып келеді. Себебі барлық адамдар Алланың дініне қарсы не істеп жатқаныңызды көруде. Сондықтан Сіздің саясатыңызға наразы барлық мұсылмандар ваххабит-салафит деп аталатын экстремистердің қатарына қосылуда. Олар сауатсыз адамдардың санасын шебер улап, Алланың шариғатына қарсы заңсыздықтарыңызды көрсетіп, халықты сіздерге қарсы қоюда. Сондықтан осындай адамдар салафиттердің қатарын кобейтуде.

Сіз бастаған имамдардың сауатсыздығы мен надандықтары сонша, тіпті қарапайым намаз уақытын дұрыс анықтай алмайсыздар. Құранда Алла Тағала тек бір намаздың ғана уақытын жіберіп алмауды бұйырады, ол орта намаз, яғни Аср. Аср - бұл ерекше намаз, осы уақытта періштелер ауысады. Ал сіздер не істейсіздер?! Алла тағаланың бұйрықтары мен Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінен гөрі, сіздер үшін дүмше ғалымсымактарыңыздың шатпырагы бірінші орында. Сондықтан сіздер Зухрдың уақытын өткізіп, Aсрдың уақытының ортасында Зухрды оқисыздар. Жұма намазы әлемдегі барлық мұсылмандар үшін ерекше намаз. Надандықатыңыз сонша, сіздер жұма намазының уақытын өткізіп жіберіп, Асрдың уақытының ортасында ғана жұма намазын оқисыздар. Өздеріңізді сунниттерміз деп сайрайсыздар. Бірақ Суннадан ештеңе алмайсыздар! Бірдеңе бола қалса имамдарыңыз біздің мазхабымыз бойынша осылай деп ақталып шыға келеді. Сіздер кейде надандықтарығызбен мазхабтарыңыздыда елемейсіздер. Мысалы, жалған хадис бойынша, Асрдың уақыты заттың көлеңкесі екі есе көбейген кезде келеді деп айтасыздар. Ал шын мәнінде, заттың көлеңкесі екі есе емес, төрт-бес есе көбейген кезде ғана Асрды оқисыздар! Неге мазхабыңызды елемейсіздер?! Неге сүннетті елемейсіздер?! Ең бастысы, неге Алланың Аср-ды уақытында оқу туралы бұйрығын елемейсіздер?!!

Хадистерге сәйкес, Aсрдың уақыты заттың көлеңкесі заттың биіктігіне тең болғанда және күн сәулелері сарғайа бастағанда аяқталады. Бұл өте қысқа кезең. Зухр намазының уақыты да қысқа. Зухрдың уақыты күн көкжиектің ең биік нүктесіне көтерілген кезде келеді. Бұл уақыт сіздің мазхабыңызға сәйкес келеді. Бірақ сіздер Aср кезінде Зухр оқисыздар. Хадистерге сәйкес, Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мағрибті аяқтаған кезде дала әрі жарық болған және садақтан шыққан жебенің қайда құлағанын көруге болатын еді. Ал сіздің имамдарыңыз Магрибті уақытынан 5-7 минуттан кейін оқиды және далада қараңғылық түскенде аяқтайды. Мағрибтан бір сағаттан кейін сіздер Ишаны оқисыздар, ал Иша Сүннетке сәйкес түн ортасына қарай өте кеш орындалуы керек. Бұрын жума намаз туралы айтқан едім, ол туралы Сіз менің сайтымнан оқи аласыз немесе менің видео дәрісімді көре аласыз, онда мың жарым жыл бойы осы Жер бетінде джума намазының Сунна бойынша емес, шайтанның азғыруымен сектанттарша оқылып келе жатқандығын Құран мен Сунна бойынша дәлелдеп берген едім. Сіздерде солардың бірісіздер!

Мені еліміздің мұсылмандарының тағдыры алаңдатады. Сондықтан сізден және сіздің имамдарыңыздан сектанттықтарыңызды тастап, бастапқы дереккөздерге — Құран мен Сүннетке оралуларыңызды сұраймын. Қиямет күні әрбір мұсылманның тағдыры үшін Алланың алдында жауап бересіз, осыны ұмытпаңыз! Сіз Аллахка мазхабыңыз бойынша емес, Аллахтың шариғаты бойынша жауап бересіз. Дұрыс шешім қабылдаңыз. Мен сізге ескерттім, періштелер оны жазып алды, о дүниеде куәлік етеді. Аллахым, менің адасқандарды Сенің дініңе шақырғаныма куә бол.

 

Барлық сансыз, шексіз, шетсіз мақтаулар мен мадақтаулардың барі ұстаздардың ұстазы тек жалғыз Аллаһқа ғана тән!

Сайт иесі https://www.islamkz.kz Мейрам Мейрханов

САЙТҚА СІЛТЕМЕ БАСҚА САЙТТАР МЕН ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН КЕЗДЕ МІНДЕТТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ!!!