Алты және сегізбұрыш Исламның символы емес PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
03.01.2022 15:07

Алты және сегізбұрыш Исламның символы емес

 

Әлемнің көптеген мешіттерінде, соның ішінде Мекке мен Мединадағы мешіттердің әр жерінде алты және сегіз бұрышты фигураларды көруге болады. Басқаны айтпағанның өзінде біздің мүфтиаттың таңбасының өзі осы сегізбұрыштан құрылган. Көптеген намаз төсеніштерінде де осы алты және сегізбұрыштар бар. "Бұл нені білдіреді?" деген сұраққа олар алтыбұрышты Дәуіт пайғамбардың (оған бейбітшілік) мөрі, сондықтан бұл Исламның нышандарының бірі деп жауап береді. Сегізбұрышта Исламның символы болып саналады. Ғалымдар бұл белгілердің Исламға ешқандай қатысы жоқ екенін әлі күнге дейін түсіне алмай келе жатыр. Алланың дініне ешқандай символ қажет емес екенін дүмше ғалымсымақтар мен имамдардың біреуі ұға алмай жүр. Бұл белгілер осыдан бірнеше мың жыл бұрын басқа діндердің символы ретінде дүниеге келген. Үнділерде сегізбұрыш - Лакшма құдайының белгісі болып табылады. Христиандар Исанын /алейхиссалям/ шешесі Мариамның пайда болуының символы деп есептейді. Ежелгі Египетте Хаос жұлдызының символы деп саналды. Православиялық Ресейде бұл Вифлеем жұлдызы болып саналады. Және т. б.

Алтыбұрыш - сионизмнің белгісі, бұл мұсылмандардың емес, еврейлердің белгісі. Дәуіт пайғамбар (алейхиссалям) Алланың көптеген пайғамбарларының бірі екеніне ешкім дау айтпайды. Бұл үшін біз оны құрметтейміз және бағалаймыз. Өз заманында Даудтың (оған бейбітшілік) Алладан өзінің шариғаты болған. Бірақ бұл шариғат та, одан кейінгі басқа шариғаттар да Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайда болғаннан кейін жарамсыз болады. Қысқаша және нақты айтқанда, бұл белгілер мен символдардың барлығыда тек қана шайтанның символы болып табылады!

Ахмад ибн Ханбалдың жинаған хадисында былай делінеді: "Омар ибн Хаттаб Мұхаммад Пайғамбарға (оған бейбітшілік пен Алланың игілігі) қолына яһудилерден алған жазбаны алып келеді. Ал пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ашуланып: "Сен адасып кеттің, о Хаттабтың ұлы! Менің жанымды қолына ұстағанмен ант етемін, мен сендерге таза және айқын дінмен келдім! Егер Мұса тірі болса, менің артымнан ерер еді!" (Ахмадтың "Муснад", 3 том, 387 бет).

Көріп отырғандарыңыздай, Исламның пайда болуымен оның алдында болған барлық басқа діндер өз күштерін жоғалтты. Себебі басқа діндердің бәріде тек қана жеке бір халықтарға жіберілген еді. Ал Ислам діні бүкіл адамзат пен жындар үшін түсірілді. Сондықтан күштері жоғалған таңбалар мен символдарды Аллахтың дініне жабыстырмаңдар!

 

И в заключение хвала Аллаху - Господу миров, Учителю всех учителей!

Владелец сайта https://www.islamkz.kz - Мейрханов Мейрам

ССЫЛКА НА САЙТ ОБЯЗАТЕЛЬНО ПРИ РАЗМЕЩЕНИЯХ В ДРУГИХ САЙТАХ И СООБЩЕСТВАХ!!!