"Алтайские дары" балын сататын алаяқ PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
18.02.2022 21:24

"Алтайские дары" балын сататын алаяқ

(https://www.youtube.com/watch?v=WVu1FSkm7Ww - бейнедәріске сілтеме)

 

Мен Алматыда, ал анам Семейде тұрады. Мен таза балды жақсы көремін. Бірнеше жыл бойы Өскеменнен "Алтайские дары" атты ұжымдық шаруашылықтан өте қымбат балды алып тұрамын. Егер қателеспесем, бас алаяқтың немесе оның көмекшісінің аты Мәліков Қайрат Шаймұратұлы. Алғаш рет тапсырыс бергенде, ол омартаның иесі емес, тек делдал екенін түсіндім. Себебі ол әр жерден бал жинап, оны әрі қарай сатып, пайда табатын посредник. Сондықтан балдың сапасы омарта иелерінің ар-ождан деңгейіне байланысты әр түрлі болады. Басқалардан оның айырмашылығы оның қолында сертификаттары бар, ал сертификатты әртүрлі жолмен алуға болатынын ұмытпаңыздар. Сондықтан оның балы өте қымбат. Телефонмен сөйлескен кезде ол мұсылманмын, намаз оқып, ораза ұстаймын дегенсоң оның сөзіне сендімде одан 70 кг бал сатып алдым. Бірақ базардағы басқа балдардан сапасының айырмашылығын таппадым. Сондықтан келесі жылы Алматыда барлық көрсеткіштері бойынша тамаша балды одан екі есе арзанға сатып алдым. Өткен жылы еріксізден осы алаяқ арқылы анама 32 кг биік тау балына тапсырыс беруге мәжбүр болдым, өйткені басқалар Семейге жібермейміз деді. Мен оған тапсырыс берген кезде, ол биылғы жылы омарталар тек 4 шелек қана высокогорный бал жинады, оның 3 шелегіне ақша төленді, егер мен шұғыл төлемесем, онда соңғы шелекте сатылып кетеді деді. Мен бір шелек балды сатып алдым. 2021 жылдың қазан айында мен оған тағы да анама бір шелек высокогорный балына тапсырыс бердім. Ол биылғы жылы высокогорный балының өте аз жиналғанын, сондықтан ол шелек емес, біркилограмдық банкамен жөнелтетінін айтты, мен келісіп, 86400 теңге төледім. Алаяқ мені алдап биыл жиналган высокогорный балын емес, 01.12.2020 ж. құйылған горное разнотравие деп аталатын ескі балды жіберіпті. Мен оған звондаған кезде, ол мені 2021 жылы жиналған жаңа высокогорный балын жібердім деп алдай бастады. Мен еріксізден банканын крышкасында жазылған 01.12.2020 жылықұйылған деген цифоын фотоға түсіріп, ватсапына жіберуіме тура келді. Содан кейін ол тағы өтірік айтуға кірісті бұл өткен жылдан қалған высокогорный бал деп. Сосын мен оның өткен жылы тек қана төрт шелек высокогорный балын жинаганын, оның үшеуін сатып жіберіп, соңғысын маған сатқанын есіне түсіргенімде сол беті үн түнсіз жоғалып кетті жауап бермей.

Осы уақытқа дейін ойлап жүргенмін, егер кешірім сұраса кешіре салайын, ешкімге айтпай ак кояйын деп. 2022 жылы февраль айында умра жасаган кезімде фотоға түсіп, ватсаптағы статусыма қойған едім, алаяқ соны көріп, өзі жазды маған. Мен онын алаяқтық жасағанын есіне салып едім, менің өзімді қорқытуға көшті, егер мен туралы жазсаң өзіңді масқара етемін деп. Бұл алаяқтың не ұятыне ар-ожданы жоқ екенін ұғып, сіздерді ескертуге шешім қабылдадым, онын мусылмандығына сеніп, алданып қалмасын депҚазір көптеген адамдар мұсылмандардың терісінің астына тығылып, елді алдауда. Мошенниктер мен аферистеп қаптап кетті. Бұл алаяқ "Алтайские дары" және "Алтай балдары"деген атпен бал сатады. Балдың сапасы орташа, ал кейбір сорттары орташа сападан да төмен. Алаяқтың сертификатына сеніп қалмаңыздар! Өзінің иманы мен ар ұятын шайтанға ақшаға сатқан осы алаяқтың құрбаны болып қалмаңыздар деп ескеркім келеді бәріңізді! Онымен барлық переписка мен аудио жазбалар менде сақтаулы. Нарықта бал көп, осы алаяқтан алғанша екі есе арзан бағамен басқалардан сатып алған дұрыс! Оның бір кг үшін 2400 теңгеден сататын балын, басқалар 1200 теңгеден сатады. Сөздерімнің сенімділігі үшін жарнамадан скриншотты тіркеймін.