"Qazaq travel" - сенімді турфирмама PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
28.02.2022 20:13

"Qazaq travel" - сенімді турфирмама

(https://youtu.be/kPUn1j5FMrw - видеолекцияга ссылка)

Сұрақ: Ассаламу алейкум ағасы!

Сіз Умрадан келгеніңізді жаздыңыз. Қызық, қандай фирмамен ұшып бардыңыз, мен жақында шешеммен бірге барып келсек деген ойдамыз. Сіз қандай турфирмаға кеңес бересіз?

Бауырыңыз.

 

 

Жауап: Уа алейкум ас салям бауырым!

Мен "Qazaq travel" турфирмасының жарнамасын көрдім, олар 599.000 теңгеге 17 күн умраға апарамыз, ал екі рет тамақтануға 45.000 теңге жетеді деп уәде берді. Барлығы 644.000 теңге шығады. Бірақ олар менен 645.000 теңге алды. Олардың кеңсесінде ешкім сөйлескісі келмеді және не екенін түсіндіргісі келмеді, олар кетер алдында ватсапта топ құрып, қажетті ақпарат беретінін әрең білдірді. Бұған дейін менің кім екенімді білген бір қызметкер ұзақ уақыт бойы мені сапардан айнып қалсын депкөндіруге тырысты, ол Мекке мен Мединадағы қонақ үйлерін жамандаподан кейн осы қонақ үйлердегі бізге беретін тамақты жамандады мен бармасын деп. Мен олар үшін өте қажет емес клиент екенімді білгенсоң күлкім келді. Мен олардың қандай тамақ беретінін және ақша үнемдеу үшін ең арзан қонақ үйлерді таңдайтынын білемін. Бірақ мен үшін 17 күн маңызды болды. Сондықтан мен тамақ пен қонақ үйлерге шағымданбаймын, бірақ олар бізді алдап, уәде етілген қонақ үйге орналастырмады.

Бір күні умра кезінде надан және сауатсыз әжелер топтық чатқа: "Пирим жебесин, аруахым қолдасын, тура жолга салсын!" деген сөздер жазды. Мен оларға жауап бергенде, Қазбек деген турфирманың жұмысшысы сауатсыз әжелерді түзетудің орнына мені блокировать етіп тастады.

Бізді "Snood Al Rayan hot" деп аталатын қонақ үйге орналастырды; мунда бар жоғы бірақ автобустың болуы біздер үшін үлкен проблема болды, кейде бұл жалғыз автобусты 45-50 минут күтуге тура келеді. Срндықтан аль-Харам мешітіне намазға кешігіп қала жаздайтынбыз. Кейде ақша төлепнамазға таксимен баруға тура келетін. Көптеген адамдар намазға кешікпеу үшін жаяу жүрді. Ал басқа қонақ үйлерде бірінің артынан бірі жүретін 4-5 автобустан болды. Барлығымыз оларға үнсіз қызғанатынбыз. Мен бірнеше рет осы автобус жөнінде шағым жасадым, бірақ турфирмадан ешкім құлақ аспады.

Мен осы қолайсыздықтардың бәріне үндемейтін едім, бірақ төменде айтылатын себептермен шыдамай айтуыма тура келді. Меккеге келгеннен бірнеше күн өткен соң маған суық тиді, өйткені жеңіл киініп, намазда желдеткіштің астында тұрдым. Ватсапта "Qazaq travel" өкілі Қазбекке хат жазып, менің бөлмеме келуді өтіндім, дәріханадан антибиотиктер сатып әкелші деп айтайын деп. Ол тез арада келуге уәде берді, бірақ бәрі ұйықтап жатқанда, түнде ғана келді. Ал бұған дейін менің әйелім күні бойы әрбір 20-30 минут сайын "Qazaq travel"дің алматылық өкілі Құрманға звондап, Қазбекке маған антибиотиктер әкеп берсінші деп айтқан едіҚұрман болса әйелімді үнемі алдап, Қазбек уже дәрі апарып берген, емделіп жатыр деп бірнеше рет алдаған. Сонымен, Қазбек өте кеш келіп, барлық дәріханалар жабық екенін айтты, сондықтан ол дәрі-дәрмекті таңертең ғана әкелемін деді. Қазбекті мен түске дейін күтіп, шыдамай звондадым. Ол түскі намаздан соң апарып берем деп жауап берді. Ол тек 18-00-де келді. Ол антибиотик емес, аллергияға қарсы таблеткаларды әкелді, коробкасында ағылшын тілінде үлкен әріппен "аллергия" деген сөз жазылған. Сосын 45 риал тұрады деп ақша сұрады менен! Бұл антибиотик емес, аллергияға қарсы таблеткалар деген наразылығыма ол дәріханада осыны берді. Арабша жаксы сөйлескендіктен мен басқаларға емес, Қазбекке сенген едім. Мен оған 45 риал бердімде, ертең аптекке өзім барамын дедім. Мұны естіген ол қорқыныштанкөздері бақырайып, маған 15 риалды үнсіз қайтарып беріп, тез жоғалып кетті. Келесі күні Меккедегі ең қымбат дәріханада бұл таблеткалардың ең қымбаты 29 риал ғана екенін білдім. Осылайша, әлемдегі барлық мұсылмандар үшін ең қасиетті жерде мұндай "оңбаған" адамның ақша үшін арын сатып, елді алдайтынын ұқтым! Содан кейін мен оны бірнеше күн қоре аламадым, ол кешірім сұрасабәрін ұмытып кетем деп үміттендім. Бірақ ол мұны істегісі келмеді. Мен оны Алланың разылығы үшін кешірер едім және егер келесі оқиға болмаса, бұл туралы ешқашан жазбас едім:

Кетерден бір күн бұрын Қазбек бәрімізге бірінші қабатқа түсіп, 5 литр Зам-зам алыңдар деп жазды. Бірінші қабатта зергерлік бұйымдар мен ұсақ-түйектердің барлық түрлері сатылатын шағын дүкен болды. Сол дүкеннің саудагері 5 литрлік замзамда сататын. Қазбек бізге замзам-ды осы дүкеннің есігі алдында таратып берді. Сондықтан менде замзамның тазалығына үлкен күмән болды. Бөлмеде мен қоробканы ашып, замзам бөтелкесі герметичный болып пленкаға оралмағанын көрдімСаудияның заңы бойынша самолеттің ішіңде тесіліп ағып кетіп; самолеттің электроникасына зақым келтірмес үшін замзам кұйылган пластикалық ыдысты қалың полиэтиленовый мешокқа салып, герметичный етіп орап тастайды. Қазбек берген замзамда мұндай упаковка болмағандықтан сезіктеніп, дәмін татуға шешім қабылдадым. Бұл аздап Зам-зам қосылған жай водопроводтың суы болып шықты. Мен көршімнен қаптаманы ашып, дәмін тексеруді өтіндім. Оныкіде қарапайым су болып шықты. Мен бұл туралы ватсапқа жазғанымда олар мені блокировать етіп тастадыКейінірек мағанБауыржан Нұржанұлы есімді басқа қызметкер шығып, құлағыма лапша іле бастады, Меккеде ешкімдіалдауға болмайды, зам-замды жай судан дәмі бойынша ажырату мүмкін емес деген сөздермен мені алдай бастады. Мен оған алаяқтыңдар деп жазғаным сол еді, тағы блокировать етіп тастады. Менің түсінуімше, ашкөз Қазбек әуежайда қымбат Зам-зам сатып алудың орнына ақшадан пайда табу үшін гостиницаның астындағы дүкеннен арзан бағаға подделка сатып ала салған. Осылайша жеңіл ақша табуды жолын тапқан. Оның ақшадан өлген бейшара екенін Джиддаға сапар шегу кезінде де байқадым.

 

2020 жылы мен, әйелім және 4 жасар ұлым "Qazaq travel" арқылы умраға келгенбіз. Ондада біздітамақ пен қонақ үйден алдағасын мен сол жерде шу көтеруиме тура келген. Сосын олар бізді басқа қонақ үйге орналастырып, жақсы тамақпен қамтамасыз еткенОсы үшін "Qazaq travelкомпаниясының шіріген қызметкерлерінің бірі Ақберди Ақынұлы деген бізден кек алуға шешім қабылдап, Мединада гостиницада ұлыма қосымша төсек үшін 3 күнге 100 доллар қосымша ақы талап етті. Сосын ол Медина әуежайында әр қажыға 5 литр тегін Зам-зама таратқан кезде менің улыма беруден бас тартты. Еріксіз Алматыға қоңырау шалып, шу көтеруге тура келді, өйткені ұлым тегін барған жоқ, ақша төлеп барды. Сондай-ақ, "Qazaq travel" - дің кейбір қызметкерлерін халық жаппай митингіге шыққан кезінде теледидардан полициямен бірігіп, әйелдер мен қарттарды қуып жүргендерін корген едім....

Сондай ақ бұл жолы қажылар төлқұжаттарын туристік агенттіктің жауапсыз қызметкерінің кесірінен әуежайда бір сағаттан астам уақыт күтулеріне тура келді.

 

Көріп отырғаныңыздай, бұл туристік агенттіктің басшылары жақсы болсада қол астында істейтіндердің бәрі жақсы адамдар емес. Сондықтан кіммен ұшуды өзіңіз шешіңіз. Мен алғаш рет туристік агенттікпен ұшуды ұсынамын, содан кейін өзіңіз электронды туристік виза мен қонақ үйге интернет арқылы тапсырыс бере аласыз. Мүмкін сәл қымбат болар басында, бірақ өзіңізбен өзіңіз боласызӨйткені барлық турфирмалар өз пайдасын бірінші орынға қояды және үнемі өз клиенттерін алдайды, Алла Тағаланың жазасынан қорықпайды. Қалай ойлайсыз, егер сізді әлемдегі барлық мұсылмандар үшін ең қасиетті орынға, Меккеге алдаумен, өтірік айтумен апарса, сіздің қажылығыңыз қабыл боларма еді?! Өйткені турфирмалар сіздерді өтірік жасалған ПЦР тестімен апарадыөтірік вакцинацияның паспортын жасайды, ол жақта Аллахтың үйіне басқа біреудің атына жасалган өтірікQR кодымен кіргізеді, сол жақтан үйге қайтарда тағыда өтірік ПЦР тестін жасап береді қолыңызға.Мұның бәрі қылмыстық іс болып табыладыОсындай алдау мен өтіріктен кейін Аллахтың үйіне ұялмай қалай қонақка бармақшысыз?! Жәй адамды алдасаңызда Аллахты алдаймын депойлайсызба?!

 

Ин шаа Ллах, осы туристік агенттіктің басшылығы менің жауабымды оқып, қол астындағы ұятсыз қызметкерлеріне тиісті шаралар қабылдайды деп үміттенемін. Мен сіздің жауыңыз емеспін және сізге жаман ештеңе қаламаймын. Өзіңізді түзетіп, елдің ең жақсы туристік агенттіктерінің бірі болуларыңызға тілектеспін. Менің бар жазығым шындықты дауыстап айтқанымда ғана.