Құран дәретханада оқылуы керек PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
26.03.2022 18:13

Құран дәретханада оқылуы керек

 

Мені соңына дейін тыңдауды (оқуды) сұраймын, дәлелдер келтіремін. Бүкіл жер бетінде осындай тақырыптарға Мен ғана дұрыс жауап беремін. Сондықтан ютубтағы менің каналым "Мейрам Мейрхановқа" жазылыңыз және менің сайтыма кіріңіздер https://islamkz.kz . 1500 жыл бойы шайтан барлық мұсылмандарды өздерінің атақты "ұлы ғалымдарымен" бірге алдап келеді, олар шын мәнінде тек дүмше ғалымдар болып табылады, олар діни мәселелерінде ештеңе түсінбеді және осы мың жарым жыл бойы шайтанға көмектесіп, мұсылмандардың шайтанның артынан адасуларынаықпал етті. Осындай мәселелердің бірі-дәретханада Құран оқу. Дүмше ғалымдар бүкіл мұсылмандарды дәретхана жын шайтандардың мекендейтін жері жәнеде нәжістің орталығы, сондықтан онда Құранды оқуға болмайды деп сендірді. Осылайша дүмше ғалымсымақтардың арқасында дәретханада жындар адамдарға не істегілері келсе соны істеді және оларға адамдардан ешкім кедергі болмады. Дәретхананың лас жер екеніне ешкім дау айтпайды. Бірақ сол жерде жындар өмір сүреді, олар адамдарды азғырады және Аллахтың тура жолынан адасуларына көмектеседі.Сондықтан оларды үйден кез-келген жолмен қуып жіберу керек! Жындарды қуып шығарудың ең тиімді әдісі - Құранды оқу болып табылады. Сондықтан дәретханада жындарды шығаруға көмектесетін сүрелер мен аяттарды оқыңыздар. Егер басында оған жүрегініз дауаламаса, ондаәжетхананың есігін ашыңызда жанына Куран оқитын құрылғы қойыңыз, сонда жындар сіздің үйден қашып кетеді. Құранның жындарға әсер етуі үшін жындар Құранды тыңдауы керек, яғни Құран олардың құлағына жетуі керек. Көптеген адамдар үйде Құран оқу жындарды қуып шығару үшін жеткілікті деп ойласа, онда қателеседі. Жоқ! Жындар құлақтарын қолдарымен жауып, құлаққаптарын киіп, сізге жақын жерде немесе көрші бөлмелерде бола алады. Сондықтан үйдің барлық есіктерін ашып, ойнатқыштың дыбысын ең қаттысына қою керек. Мұны істеу үшін мен қытайдың арзан ойыншықтарын емес, қуатты музыкалық орталыққа ие болуды ұсынамын.

Нәжістің қасында, дәретхананың ішінде Құран оқуға рұқсат етілгендігі туралы Айшадан келгенхадиста былай айтылады «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) басын Айшаның жамбасына қойып, Құранды оқыған, ал оның етеккірі болған». Сіз етеккір қаны нәжіс екенін білесіз. Ал Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) нәжіске тым жақын жерде Құран оқыған.

Барлық дүмше ғалымдар дәретхана туралы әңгіме болғанда, Анастан келген өтірік хадисты келтіредідәретханадағы келтіреді, онда былай делінген: "Аллаһтың елшісі дәретханаға кірген кезде қолындағы жүзігін шешетін". Бұл хадистің мәтні қарама-қайшы, ал иснады қате (Зияд ибн Саад түсіп қалған /аз-Зухриден). Егер сіз бұл хадисті сенімді деп санасаңыз да, сақинаны шешудің мақсатытек сақинаны нәжістен қорғау ғана болып табыладыЕгер көздеріңізді ашып, тереңілек үңілетін болсаныздар, онда дәретхана туралы барлық хадистердің жалған болып табылатынын ұғар едіңіз, өйткені Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі) өмірінің соңында ғана оған екі кірпіштен дәретке отыратын арнайы орын жасап берген. Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі)заманында дәретханалар болған жоқ, дәретханалар кейінірек сахабалар Исламның таралуы кезінде басқа елдердегі дәретханаларды көргеннен кейін ғана пайда болды.

Дәретхананың жоқтығын көптеген хадистер дәлелдейді: Джабирден келген хадисте: "Пайғамбар(оған Алланың игілігі мен сәлемі) өлерден бір жыл бұрын мен оның киблаға бетін бұрып кіші дәретке отырып жатқанын көрдім" (Ахмад). Әл-Мугира ибн Шугбының хадисінде: "Бір күні Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) маған: "суы бар ыдысты ал", - деді, содан кейін ол менен жасырынып алысқа көрінбей кетіп, дәретке отырып келді", - деді. Тағы бір риваятта: "Егер Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дәретке кетсе, онда ол алысқа кететін" (Абу Дауд) делінген. Хузейфаның хадисінде Бір күні Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түрегеліп тұрып кіші дәретке отырғанынал өзінің оның артында тұрғандығы айтылған. Ибн Омардың хадисінде: "Бір күні мен Хафсаның үйінің төбесіне көтеріліп, Пайғамбарды көрдім, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ол бетін Шамға қаратып, артынҚағбаға бұрып, дәретке отырып жатқанын кәрдім", - делінген.

Жоғарыда айтылғандардан көріп отырғаныңыздай, дүмше молдалардың артынан адасып кетпес үшін діннің түпнұсқасын ғана ұстаныңыз, ол – Құран және Құранға қайшы келмейтін Сүннет қана болып табылады. Ал егер дүмше ғалымсымақтар мен дүмше молдалардың шатпырағының артынан еріп кетсеңіз, онда осы адасқан көп сектанттардың бірі болып қаласыз. Мұсылмандар міне 1500 жылдан бері бір-бірімен араздасып, шайқасуы тек қана осы дүмше ғалымсымақтардың артынан ереміз деп Құранның мағынасын ұмытып кетуден болып жатыр. Сіздерге тек шындық пен Аллахтың тура жолы ғана керек болса, онда мені ғана тыңдаңыздар. Сонда ғана шайтанның артынан адаспайсыздар!

Барлық сансыз шексіз шетсіз мақтаулар мен мадақтаулар тек қана Жаратушы Иеміз Аллахқа ғана болсын!

 

Сайт иесі https://www.islamkz.kz Мейрам Мейрханов

САЙТҚА СІЛТЕМЕ БАСҚА САЙТТАР МЕН ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН КЕЗДЕ МІНДЕТТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ!!!