"Сират көпірі" туралы жалған хадистер PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
14.04.2022 21:22

"Сират көпірі" туралы жалған хадистер

 

Сұрақ: Ассаламуалейкүм, Мейрам аға.

Сұрағым сырат көпірі туралы. "Ақиқат жайлы 100 сұрақ "деген кітаптан сырат көпіріне дәлел ретінде"Әрқайсыңыз сонда кіресіз. Бұл сіздің Иеңіздің түпкілікті шешімі. Содан кейін біз Құдайдан қорқатындарды құтқарамыз, ал заңсыздарды тізерлеп қалдырамыз" (Мәриям сүресі, 71-72 аят. Аят Кулиевтің аударымынан) аяты келген. Осы дурыс па? Бағдат

 

Жауап: Уа алейкум ас салям Бағдат бауырым!

Сіз өте жақсы сұрақ қойдыңыз. Мен бұрыннан бері осы тақырыпқа мақала жазуға бірнеше рет тырысқамын. Бірақ шайтан мені әрдайым осы мәселеден алшақтатып, үнемі кейінге қалдырып келді. Бүгін альхамдулиЛлах ақыры нүкте қоймақшымын. Бұл жалған хадистерді мың жарым жыл бойыешбір ұлы ғалым жоққа шығарған жоқ. Егер олар қарапайым сұрақтарды қорыта алмаса, оларды қалай ұлы ғалым деп атауға болады?! YouTube-те менің бейне арнама жазылыңыздар, тек мен ғанаосындай сұрақтарды көтеремін. Видео лекцияның текстерін менің веб-сайтымнан оқи аласыз.

 

Сіз жіберген аяттардың "Сырат көпіріне" ешқандай қатысы жоқ, бұл жерде тозақтың айналасында тізерлеп тұрған күнәкарлар мен шайтандар туралы айтылған ол аятта: "Әрқайсыңыз сонда кіресіз. Бұл сіздің Иеңіздің түпкілікті шешімі. Содан кейін біз Құдайдан қорқатындарды құтқарамыз, ал заңсыздарды тізерлеп қалдырамыз" (19:71-72). Сіз жіберген аяттардың мағынасын түсіну үшін алдымен мына аятты мұқият оқып шығу керек болады, содан кейін бәрі орнына келеді: "Сенің Құдайыңның атымен ант етемін, біз оларды және шайтандарды жинап, содан кейін оларды Гееннаның айналасына тізерлетеміз" (19:68). Құранның барлық аудармашылары бұл: "Әрқайсыңсонда кіресің" (19:71) деген аятты өзінің надандығымен түсіндіріп, қателескенін ерекше атап өткім келеді. Бұл сөздер бүкіл адамзатқа емес, тек тозақтың айналасында тізерлегендерге арналған! Аллах: "Иманды зұлымға ұқсайды ма? Олар тең емес!» (32:18) дейді.

Құранда "Сырат көпірі" туралы бірде-бір сөз жоқ, тіпті тұспал да жоқ. Құран аяттарының мазмұны "Сырат көпірінің" бар екенін жоққа шығарады!!! Алла: "Жандар біріккенде", - деді (81:7). Бұл аятта күнәкарлар Қиамет күні бөлек жиналады, мұсылмандар олардан бөлек жиналатыны айтылған.

Хадистерде күнәкарлар осы көпірден өткен кезде тозаққа түседі делінген. Ал Құранда Аллах былай дейді: "Біз кәпірлер үшін шынжыр және Жалын дайындадық" (31:4). Тағы бір аятта: "Сол күні сіз шынжырға тізбектелген күнәкарларды көресіз" (14:49) делінген. Көріп отырғаныңыздай, күнәкарлар мұсылман адамдардан бөлек жиналады және шынжырларға тізбектіліп, тозақтың айналасында тізе бүктіріледі. Мұсылмандар жұмаққа жақын жиналады. Бұл туралы Алла: "Жұмақ әділдерге жақын болғанда", - деді (81:13).

Мұсылмандардың ешқашан тозаққа түспейтіндігі және әрқайсысы "Сырат көпірінен" өтпейтіндігі мына аятпен дәлелденеді: "Оларды шынжырлап тығыз жерге лақтырған кезде олар сол жерде өлімге шақырады" (25:13). Көріп отырғаныңыздай, тізбектеліп шынжырланған күнәкарлар тозаққа лақтырылады, және олардың әрқайсысы "Сырат көпірі" арқылы құлап кетпейді! Бұл туралы басқа аятта былай делінген: "Сенбегендер топ болып Гееннаға айдалады. Олар оған жақындағанда, оның қақпалары ашық болады және оның күзетшілері оларға: "сіздерге хабаршылар келген жоқ па..." (39:71) дейді. Егер бұлда сізге дәлел ретінде жеткіліксіз болса, онда басқа аятты оқып шығыңыз, онда күнәкарларды "Сырат көпірінен" тозаққа жеке-жеке емес, топтастырып лақтыратындығы айтылған: "Олар тозаққа лақтырылған кезде, олар тозақтың ыстықтан қатты қайнаған дауысын естиді. Тозақ ашуланнан жарылып кетуге дайын болады. Оларды әрбір үйіп отқа тастағандаоның сақшылары олардан: "Сендерге ескертетін хабаршылар келді емеспе?» (67:7-8) деп сұрайды.

Қиамет күні барлық адамдар мен жындар 3 топқа бөлінеді. Бұл туралы Құранда: "Сендер үш топқа бөлінесіңдер" (56:7) делінген. Сол жағындағылар тозақтың айналасында, оң жағындағыла мұсылмандар жұмаққа жақын және есепсіз жұмаққа кіретін адамдар болып бөлінеді. Бұл аятта"Сырат көпірінен" өтудің болмайтынын дәлелдейді!

Менің дұрыс екендігіме күмәнданатындар үшін мен тағы 2 аятты қосымша келтірейін: "Сол күні оларды топ тобымен жерге сүйретіп отқа лақтырған кезде оларға: "тозақ жалынының дәмін татыңдар!"(54:48) және "бірақ олар мойындарына кісен салынып және шынжырланып топ тобымен қайнаған суға түсіп, содан кейін отқа жағылған кезде біледі" (40:71-72). Көріп отырғандарыңыздай капірлер тозақтың отына топ тобымен шынжырланып, кісенделіп лақтырылады. Ал егер хадистарда айтылғандай Сырат көпірінен өтетін болса, онда ар адам жеке жеке көпірден өтер еді.

Бұл көпір туралы барлық хадистер адамдарды күнә жасамауға қорқыту үшін бір ғана мақсатпен айтылған болуы мүмкін. Немесе оларды адамдар өздері ойдан шығарған.

Алла бәрін жақсы біледі!

 

Және соңында барлық сансыз шексіз шетсіз мақтаулар тек қана жалғыз Аллаһқа болсын!

Сайт иесі https://www.ummskz.kz - Мейрханов Мейрам

САЙТҚА СІЛТЕМЕ БАСҚА САЙТТАР МЕН ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН КЕЗДЕ МІНДЕТТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ!!!