«Ата жолы» - «шайтанның жолы» |
Автор: Administrator |
20.04.2022 17:44 |
«Ата жолы» сектасы - «шайтанның жолы» ( https://youtu.be/DWkZUX09sGc - видеолекция)
Осыдан оншақты жыл бұрын фейсбукте Тоқберген Байтасов деген қайта қайта шығып, мақалаларын жариалай бастады. Бірде мен жай уақыт өткізу үшін оның жазған шатпырақтарын оқып көріп, қатты таң қалдым. Дін туралы жазып жүргенін көріп, оны имам не наиб имамба деп ойлағамын. Сөйтсем діннен еш хабары жоқ топастың топасы екен. Айтқан сөздерінің бәрі мұсылманның айтатын сөзі емес, жын шайтанның артынан адасқан ақымақтың сөзі. Көп уақыт бойы оның жазғандарының астына мен оның қателіктерін Қуран мен хадистар арқылы дәлелдермен көрсетіп түзеп отырдым. Істеген істеріне қарап, оның жын шайтандармен жұмыс істейтініне көзім жетті. Бірде ол шыдамай енді қоймасаң мен сені сиқырлап өлтіремін деп қорқытты. Мен оған: Аллах тұрғанда мен сен сияқты шайтанның құлдарынан қорықпаймын, қолыңнан келгенін жасап ал деп жауап бердім. Сосын ол осындай күні осындай уақытта саған менің аруахтарым барып, қылқындырып олтіреді деді. Мұны фейсбуктегілердің бәрі оқыған шығар деп ойлаймын. Айтқан уақыты келгенде маған ештеңе болмады. Мен оны әдейі ызы қылу үшін атын Тоқберген деп емес, Боқберген деп озгертіп жазып, аруахтарың менен қорқып қышып кетті дедім. Содан ол маған тағыда екі рет аруахтарын жіберді мені өлтіремін деп, уақыты мен күніне дейін алдын ала белгілеп беріп. АльхамдулиЛлах, Боқбергеннің аруахтары маған ешқандай жамандық істей алмады. Сосын ол маған ыза болып тіл тигізіп боқтай бастағансоң мен оны еріксіз блокировать етіп тастадым. Сіздерге тағы да қайталап айтамын, Тоқберген Боқберген жын шайтандармен жұмыс істейтін сиқыршы, бақсы, діннен еш хабары жок. Сондықтан артынан еріп кетіп, адасып кетіп жүрменіздер шайтанның артынан. Бұл надан адам сіздерді кәпірлікке шақырады. Мұның топастығы сонша, айдалада қора салып алып, сыртын қара түске бояп, соны Меккедегі Қағбаны айналғандай жеті рет айналсаң қажылық жасағанмен бірдей сауап аласындар деп қаншама елді адастыруда. Сондай ак бұл ақымақ қамшымен сабап елдің жинаған күнәларын кетіремін дейді екен. Отпен аластайды екен болғансоң. Кәдімгі жындармен жұмыс істейтін бақсылардың методы. Сонымен мына Боқбергеннің тілімен шайтаннын сөйлейтінін ұмытпыңыздар! Сақ болыңыздар.
|