Тұмар тағу шайтанға құл болу |
Автор: Administrator |
30.07.2022 22:28 |
Тұмар тағу шайтанға құл болу
Соңғы кезде мүфтиаттың дүмше молдалары интернетте бірінен кейін бірі тұмар тағуды реклама жасап, халықты шіркке итермелеуде! Мұның ең басты мақсаты имамдардың өз иманын шайтанның ақшасына сатуынанба деп ойлаймын. Өйткені білімсіз халық имамдарға барып ақша береді бізге тұмар жазып бер, арыру сырқаулардан құтылайық деген мақсатпен. Соныменен арамза молдалар дінді бизнеске айналдыруды арі карай жалғастыруда. Тұмарға бир екі қысқа аят түгіл бүкіл Құранды жазып салсанда ешкімге көмектеспейді. Құранды отқа тастасаң жанып кетеді, суға тастасаң батып кетеді. Былайша айтқанда өзіне көмектесе алмаса, саған қалай көмектеспек?! Өйткені Құран деген ол жәй ғана қағаз бен сия ғана. Құранды күшіне кіргізү үшін Құранды дауыстап не іштей оқу керек, сонда ғана Құранның қасиеті мен күшін көреміз. Сондықтанда шайтанның азғыруына еріп шірк жасамаңыздар қайдағы жоққа сеніп. Осыдан он онбес жыл бұрын бірде ұлымның машинасына отырдым. Машинаның айнасының астында Аллах деген жазуы бар кытайдың сәнді темірі ілініп тұр екен. Отыра қалып соны сипап, сиынып жатты. Не істеп жатырсың дегенімде, Аллахқа сиынып жатырмын деді. Мен оган сен Аллахқа емес, кытайдың теміріне сиынып жатырсың, анауыңды лақтырып жіберіп, қолыңды алдыңа жайда Аллахқа тура сиын керек болса дедім. Хадистерде айтылғандай шайтан мұсылмандарды үлкен шіркке азғыра алмағандықтан осындай ұсақ нәрселер арқылы шірк жасатады! Сондықтан сақ болыңыздар! Бүкіл әлемді жаратқан Жаратушы Аллах тұрғанда, қолдарынан ештеңе келмейтін жаратылған бейшаралардан сұрап не болды! Не сұрасаңда тек қана Аллахтан сұра!
И в заключение хвала Аллаху - Господу миров, Учителю всех учителей! Владелец сайта https://www.ummakz.kz - Мейрханов Мейрам ССЫЛКА НА САЙТ ОБЯЗАТЕЛЬНО ПРИ РАЗМЕЩЕНИЯХ В ДРУГИХ САЙТАХ И СООБЩЕСТВАХ!!!
|