Ұрының қолын кесіп тастау керек PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
31.07.2022 18:50

Ұрының қолын кесіп тастау керек

Бұл күндері, әсіресе супермаркеттерде (мысалы, кәмпиттер мен шокаладтардың дәмін сынау үшін) біреудің заттарын көрсетпей немесе сұраныссыз алған кезде адамдар мұны ұсақ-түйек нәрсе деп санайды. Оны көрген адамдар бұған көңіл аудармайды. Бірақ, өкінішке орай, бұл әрекеттердің барлығы ұрлық деп аталады және қылмыс ретінде жазаланады. Бұл зайырлы елдерде. Ал Аллаһтың шариғаты бойынша мұндай әрекеттер үшін Аллах ұрының қолын кесуді бұйырады: "Аллаһтың жазасы ретінде олардың жасаған әрекеттері үшін ұрылардың қолын кесіңдер. Расында, Аллах Үлкен және Даналы" ("Әл-Маида":37). Ұрылардың қолын кесіп тастамайынша, олар өз ісін ешқашанда тоқтатпайды. Тек осы жолмен ғана араб елдерінде олар ұрлықты тоқтата алды. Бізді Аллах жаратты. Сондықтан Ол бізге қалай әсер етуді жақсы біледі.

Мұсылмандар арасында ваххоббит-салафит деп аталатын сауатсыз секта бар. Олардың көпшілігі кафирлердің мүлкін иемдену арқылы қылмысын, ұрлығын және тонауын олар кәпірлердікі еді деп ақталады. Исламда біреудің мүлкін иемденуге тыйым салынған, бұл мүлік мұсылмандарға немесе кәпірлерге тиесілі болсада.

Ұрлықтың өте үлкен күна екенін балаларыңызға бала кезінен үйрету керек, басқа балалардың ойыншықтарын рұқсатсыз біраз уақыт ойнауға да алуға болмайтынын түсіндіріп. Көзіңізге елестетіп көріңізші, егер бұл дүниеде ұсақ ұрлық үшін ұрының қолын кесу керек болса, онда о дүниеде Қиямет Күні қандай жаза сізді күтетінін! Мұндай жаза тек ұрыларға ғана емес, сондайак қаржылық саласындағы алаяқтар мен көптеген алдаушыларғада қатысты.

Көптеген наданар істеген қылмыстарын шайтанға жауып, оны шайтан ақиқат жолынан азғырып адастырып, ұрлауға мәжбүр етті деп ақталады. Мұндай надан адамдар шайтанның тек сыбырлап, азғыратынын, бірақ мәжбүрлемейтінін ұмытып кетеді. Әр адамның әрқашан таңдау еркіндігі болады. Сондықтан бәріне тек қана өзіңіз кінәлісіз.

Бірде Мединаның беделді адамдары Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп, ұры әйелге шапағат ете бастағанда, ол: "Усама, Алланың заңдарында қалай шапағат сұрауға болады?! Бізге дейін өмір сүрген халықтар беделді адамдардың ұрлығын кешіріп, ал кедейлердің қолдарын кесіп тастайтын болған. Мен ант етемін: егер менің қызым Фатима ұрлайтын болса, мен оның қолын кесер едім!" Сосын ұсталған Махзума деген әйелдің қолын кесу туралы бұйрық орындалады.

Егер сіз бұрын ұрлық жасаған болсаңыз, ұрланған затты кез-келген жолмен иесіне қайтарыңыз немесе сол заттың құнын төлеңіз. Содан кейін одан кешірім сұраңыз және Алланың алдында тәубе етіңіз. Мен балаларыммен супермаркетке барғанда, балалар кәмпит не шоколад сұрайды. Мен алдымен бірнеше кәмпитті пакетке салып, өлшеймін. Содан кейін бірақ шоколадты балаларға бергенсоң ұры болмас үшін кәмпиттердің бос қағазын бос пакетке салып, сыртына баға белгісін жабыстырамын. Ал кассирлер болса менің адал әке екеніме таң қалады. Ешқашан ұмытпаңыз, егер сіз жалғыз болсаңыз да, сізді ешкім көрмесе де, сіздің барлық істеген істеріңіз бен сөйлеген сөздеріңізді жазатын періштелеріңізбен шайтандарыңыз сізбен әрқашан бірге. Ең бастысы, сізді Алла Тағала көреді! Сақ болыңыздар!

Тек қана жалғыз Аллаһқа сансыз, шексіз, шетсіз мақтаулар мен мадақтаулар болсын!

Сайт иесі https://www.ummakz.kz - Мейрханов Мейрам

САЙТҚА СІЛТЕМЕ БАСҚА САЙТТАР МЕН ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН КЕЗДЕ МІНДЕТТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ!!!