Иманын шайтанға сатқан имамдар PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
05.08.2022 11:59

Иманын шайтанға сатқан имамдар

Көп адамдар маған ренжиді неге сен имамдарға тиісе бересің, олардың қателіктерін көрсете бересің деп. Өзім куә болған бірнеше оқиғаны айтайын жақында болған. Кәрі шешем ауырып, Құрбан айтты Семейде өткіздім. Айт намазы біткенсоң имам микрофоннан жиналған халыққа қарап ЖОЛ садақасын тастап кетіңдер деп оншақты рет қайталап айтты. Бұл не қылған садақа деп таң қалдым. Сөйтсем мешіттен шыға берісте жерге ақ простыня жайып қойған екен, соған шығып бара жатқан халық ақша тастап жатыр. Құдайдың үйінде тұрып, иманын шайтанның ақшасына сатып, Құдайдан қорықпайтын имамдар туралы халық білсін деп тағы бірнеше оқиғаны айтуға шешім қабылдадым.

Менің туған апамның апайы мен сіңілісі болған, бәріде марқұм болған. Менің апамның аты Айша. Оның апайы Қайша. Сіңілісінің аты Гүлшарбан. Мен Семейде болған кезде Гүлшарбанның балалары шешесіне ас беруге шақырды. Бардым. Гүлшарбан мен Қайшаның туған немерелері Семейде екеуі екі мешітте имам болып істейді, аттарын айтпайак қойайын. Асқа екеуіде келіпті. Гүлшарбанның немересі менің жұмыстарым көп деп Құран оқып, алдына қойған ақшаны қалтасына салып алып, кетіп қалды. Мен туған апасының асында ақша алмайма деп ойлап отыр едім, ұялмай тарелкадағы ақшаларды қалтасына салып алды. Тағы бір айта кететін жәйт, бұл адам менің шешем үйге шақырып әкеме Құран оқытқандада алдындағы тамаққа тойып алып, берген ақшаны қалтасына салып алыпты ұялмай.

Гүлшарбанның немересі кетіп қалғансон оның орнына Қайшаның туған немересі келіп отырды. Жиналған туысқандар тамақ ішіп болғансоң Қайшаның немересінің алдына дұға жаса деп ақша қойды. Олда ұялмастан берген ақшаны қалтасына салып алып, тайып тұрды.

Мен екі имамның істеген істерін көріп, керемет таң қалдым. Таныма йтын басқа біреудің үйінде болса үндемес едім, өйткені имамдардың бәрі ақша көрсе имандарын сатып жіберетінін елдің бәрі көріп, біліп жүр. Ал мына екеуінің өздерінің туған апаларының асында бірнеше минут оқыған Құран үшін үялмай ақша алғандарына таң қалдым. Масқара ғой өздерінің туған апаларына Құран оқып, ақша алғандары, басқаны айтпағанда! Бұдан өткен сұмырайлық жоққой! Ақшаға құныққан бейшалалар Құдайдан қорқыңдар деп елді қорқытып, өздері Құдайдан қорықпайды. Ұяттың не екенін ұмытып кеткен арамза молдалар адамдар жиі өле берсе екен деп армандайды. Дінді таза бизнеске айналдырып алған.

Осыдан оншақты жыл бұрын Семейде болған тағы бір оқиғаны айта кетейін. Менің бірге оқыған нашар тұратын класстасымның әкесі қайтыс болып, имамды шақырды. Үйге кіріп кеткен имам далаға шықпай ұзақ бөгелді. Класстасымнан сосын не болып қалды деп сұрасам, имам маған бір малдың құнын бермесең әкеңе жаназа шығармаймын деп саудаласты деді. Оның өзінде жаназаны осы арада шығарамын, бірақ жерлеуге бармаймын және кафеге барып Құран оқымаймын, тағы басқа жерлерге баруым керек деп қашып кетті деді ақшаны алғансоң. Мен Құранды оқыр едім, бірақ сол күні менің әйелімнің әкесіне, атамада ас беріп жатқан, сонда кетіп қалдым, маған Құран оқытатын шығар деп. Онда барсам мен келмей қалады деп бір наиб имамды шақырыпты. Ол бет аузы қисаймастан аят әль Күрсиді қате оқыды. Шыққансоң қате оқыдың деп едім, сен бала басты қатырма, маған мүфти Ержан осылай үйреткен деді.

Осындай имамдардың істеп жүрген итшілік тірліктерін көріп, біліп жүрген халық отыра қалған жерде имамдарды жамандап, өсектейді. Олардың ісіне риза болмаған халық, әсіресе жастар радикал сектанттар болып табылатын ваххабит салафиттердің қатарын көбейтуде. Одан кейін имамдар ваххабиттер қайдан шығып жатыр деп таң қалады. Имамдардың осылай істеп жүргендерін көре тұра мен қалай үндемей қаламын? Егер мен шайтанның құлы болсам үндемей қалар едім ешкім білмей, халық әрі қарай адасып жүре берсін деп. Мен Аллахтан қорқамын. Сондықтан халыққа ескертуім керек, көздерін ашуым керек. Мені дұрыс түсініңіздер, мен сіздердің Жәннатқа кіргендеріңізді қалаймын. Сондықтан тек қана Аллахтың діні Құран және Суннамен ғана жүруге шақырамын, адамдардың шатпырағын лақтырып тастап. Егер шындық іздесеңіздер менің сайтыма кіріңіздер және ютубтағы менің каналыма жазылыңыздар.

Тек қана жалғыз Аллаһқа сансыз, шексіз, шетсіз мақтаулар мен мадақтаулар болсын!

Сайт иесі https://www.ummakz.kz - Мейрханов Мейрам

САЙТҚА СІЛТЕМЕ БАСҚА САЙТТАР МЕН ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН КЕЗДЕ МІНДЕТТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ!!!