Сопылық Исламда жоқ секта |
Автор: Administrator |
29.08.2022 16:38 |
Сопылық Исламда жоқ секта (https://youtu.be/oF2i56qO8mY - ссылка на видео лекцию)
Интернеттен ойда жоқта Жарқын Мырзатай мен сопы Дидар Аяпов екеуінің біріне бірінің жауабын көріп, сопылықтың Ислам дініне қарсы келетінін, Құранды жоққа шығаратыны жөнінде тағыда тоқтала кетуге шешім қабылдадым. Бұрында осы туралы бірнеше рет сайтымда мақалалар жазғамын, видео лекциялар түсіргемін. Оларды менің сайтымнан оқуларыңызға, видеоларды ютубтағы каналымнан көрулеріңізге болады. Сонымен, сопылар Ислам дініне дейінде болған. Сосын мұсылмандардың арасында тірі қалу ушін өтірік шыны аралас Исламды қабылдап, сопылықты ары қарай жалғастыра берген. Сопылық дегеніміз шайтанға құл болу деген сөз, шайтанизм, өйткені сопылық шіркке шақылады, Куранға қарсы келеді. Мен әулиелерді, олардың тірі кезінде жасаған караматтарын мойындаймын. Бірақ қанша әулие болсаңда, қанша қасиетті, қанша керемет болсаңда ажал келгенсоң өлесің. Өлгенсоң адамның рухы барзах әлеміне ауысадыда ұйқыға кетеді, карамат қасиеттері жоғалып кетеді. Қабырде тек адамның шіріген суйегі ғана қалады. Ол сүйекті құшақтап жатсаңда аруахтар сені естімейді. Ол туралы Аллах Құранда қабірде жатқан өлілер тірілерді естімейді деп айтқан. Аллаһтың сөзінен кейін қандай жауап керек?! О дүние мен бұл дүниенің арасы жабық, екі жақ бірімен бірі хабарласа алмайды. Тірі адамның аруахтарға жасаған дұғалары мен берген садақалары олардың есеп кітаптарында жинала береді. Сондықтан тірілер аруахқа емес, керісінше аруахтар тірінің дұғасына, оның атынан берген садақасына мұқтаж. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, егер мал не адам барып аулиенің қабіріне тышып, не бұзып кетсе оны куып жіберуге аулиенің шамасы келмесе, сонда олар тіріге қалай көмектеспек?! Сол боқ егер тірі біреу алып тастамаса ақырзаманға дейін жатадыгой! Сондықтан шайтанның сопыларға шығарып берген шатпырағына сенбеңіздер!!! Мына Дидарды тыңдап отырып, надандығына таң қаламын. Дидар менің пірім мені және мыңдаған адамды ажалдан тірі алып қалуда деп сайрап отыр. Осылай тек діннен еш хабары жоқ надан, дүмше молдалар ғана айтады. Құранда Аллаһ адамдарға ажалдың келуі жайлы былай дейді "Олардың өлім мерзімі келгенде, олар оны бір сағатқада кешіктіре алмайды немесе жақындата алмайды" (16:61). Өмірдіде, өлімдіде тек жалғыз Аллаһ қана береді. Ойланып көріңіздер, кімге сенесіздер, бүкіл әлемді жаратқан Аллаһқама, әлде шайтанның азғыруымен кеткен сопыларғама?! Ал сопылар Құранды жоққа шығарып, біздің піріміз бізді ажалдан аман алып қалады, қабырда періштелер Мүнкәр мен Нәкірдің сұрауынан құтқарады деп сенеді. Кейбір ақымақтар піріміз тозақтың отынанда аман алып қалады деп сенеді. Надан сопылар қабыр азабыныңда Құранға қарсы келетіндігінде білмейді. Сондайак мына Дидар аулиелердің басына барып түнесең бала таба алмай жүрген әйелдер үйлеріне екіқабат болып қайтады дейді. Ал енді мені тыңдаңыздар, мен ол құпианың сырын ашайын сіздерге. Жасыратыны жоқ, көп адамдардан естідім, әулиеден бала тілеп барған әйелдердің көбі түнде сол жерде жүретін басы бос жас жігіттермен жатып, зина жасайдыда содан бала көтеріп, үйіне түк болмағандай ертегісін айтып келеді әулие түсімде аян берді бала табасың деді деп. Маған сенбесеңіздер сол әулиеден туылған балаларға ДНК экспертиза жасатыңыздар. Сосын көресіздер ондай балаларға әкелерінің еш қатысы жоқ екенін. Райымбектің басында солай зина жасап жатыр деп екімыңыншы жылдары көп әңгіме болған. Ондай балалардың аттарын Зинабек пен Зинагүл қою керек. Аллаһ қырық екінші және басқада сүрелерінде баланы тек жалғыз өзі ғана беретінін айтады. Ал сопылар аулие береді, не өліп қалған әулиелер қабырда жатып дұға жасағаннан болады деп сенеді. Егер жұмаққа кіргілеріңіз келсе онда тек Аллаһтың сөзімен ғана жүріңіздер, шайтан мен сопылардың шатпырағымен емес! Дидардың надандығы сонша, Ислам дініне бас киімнің ешқандай қатысы жоқ екендігінде ұға алмауында. Оның ойынша басыңа бір мешок орамал тағып алмай мұсылман болмайсын. Басқаны қойғанда, тақияныда есепке алмайды екен. Одан кейін Дидардың дүмше молда екендігіне дәлел ажал періштесін Әзіреил деп атауында. Әзіреил деген сөзді еврейлер шығарған, оның Исламға еш қатысы жоқ! Одан кейінгі нағыз надандығын Садақа өмірді ұзартады деген өтірік хадисқа сенуінде. Бұл бейшара сопы Құранды қанша оқысада ештеңе ұқпағаны көрініп тұр. Өйткені Аллаһ қанша өмір берді, одан артық ешкімде өмір сүре алмайды. "Олардың өлім мерзімі келгенде, олар оны бір сағатқада кешіктіре алмайды немесе жақындата алмайды" (16:61). Діннен еш хабары жоқ надан Дидарды кім ұстаз етіп жүргенін ұқпадым. Дүмшелігі сонша, «Астапыралла» дейді «АстағфируЛлаһ» деп Аллаһтан кешірім сұрауды. Тағы бір айта кететін жағдай, бұл Дидардың мені пірім тірі алып қалды деп сенуінде. Бүкіл Құранда Аллаһ бәр нәрсе тек менің жазған тағдырым бойынша ғана болады, шіріген жапырақтың өзі тек менің рұқсатыммен ғана жерге түседі дейді. Ал мына надан Дидар шірк жасап, мені Аллаһ емес, пірім тірі алып қалды деп шайтанның сөзін сөйлеп отыр. Дидар сондайак надандығымен Абу Хурайраның хадисын теріс ұққанын көрсетіп отыр. Ол хадиста екіжүзділер туралы айтылған, егер оны айтса екіжүзділердің туыстары өзін өлтіріп тастар еді деп қорыққан. Дидар өзі сияқты дүмше молда Арман Қуанышбаевтың шайтан сопыларға шығарып берген ертегісін надандығымен келтіріп отырғанын көреміз жауабынан. Мүнкар мен Накір деген періштелер Омарға қалай жол береді, егер қабыр азабы туралы хадистар өтірік болса?! Бұл біріншіден. Екіншіден періштелер адамның көзіне көрінбейді. Бұлда шайтанның сопыларға шығарып берген ертегілерінің бірі болып табылады. Надан Дидар пірім өзінің мюридтеріне ажал кергенде, ажалды қуып жібереді, немесе оның ажалын кейінге қалдыруға бұйрық береді дейді. Мұны естігенсоң заңды сұрақ туады: «Егер пірлерің сондай супер пупер керемет, қасиетті болса, онда неге өздері өлер кезде ажал періштесін қуып жібермейді, неге оның алдындағы пірлерің өліп қалған?!» Қысқасын айтканда, суфизм деген шайтанизм! Сақ болыңыздар шайтаннан!
Қорытындылай келе, сансыз, шексіз, шетсіз мақтау мен мадақтаудың баріде тек барлық ұстаздардың ұстазы - Әлемдердің Раббысы Аллаһха ғана тән! Сайт иесі https://www.ummakz.kz -Мейрханов Мейрам САЙТҚА СІЛТЕМЕ БАСҚА САЙТТАР МЕН ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН КЕЗДЕ МІНДЕТТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ!!!
|