Пайғамбардың әйелдері бәрімізге анама |
Автор: Administrator |
10.10.2022 22:11 |
Пайғамбардың әйелдері бәрімізге анама
Әрдайым дүмше имамдар сауатсыз ақпаратты таратады, бірақ бұл ақпараттың пайда болу себебін білмейді. Сол сияқты, пайғамбардың әйелдері (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандардың аналары екендігі туралыда ақпаратты таратуда. Бірақ неліктен екенін олардың ешқайсысы білмейді және нақты жауап бере алмайды. Аллаһ Тағала Құранда: "Пайғамбар өздеріңе қарағанда мұсылмандарға жақын, ал оның әйелдері олардың аналары", – дейді (33:6). Басқа аятта Аллаһ былай дейді: "... Аллаһтың Елшісін ренжітпеңдер, ол қайтыс болғаннан кейін оның әйелдеріне үйленбеңдер. Шынында да, бұл Аллаһтың алдында үлкен күнә " (33:53). Олар тек осы аяттарды ғана себеп ретінде келтіреді. Мен бұл ақымақтықты тоқтатып, осы аяттардың пайда болуының нақты себебін айтуды шештім. Катада дегенадам бір кісіден: "Алланың пайғамбары (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болғанда, мен Айшаға үйленемін", - деп айтқанын жеткізді. Осыған орай аяттар түсірілді: "Аллаһтың Елшісін ренжітпеңдер, ол қайтыс болғаннан кейін оның әйелдеріне үйленбеңдер. Шынында да, бұл Аллаһтың алдында үлкен күнә " (33:53) және " Пайғамбар өздеріңе қарағанда мұсылмандарға жақын, ал оның әйелдері олардың аналары" (33:6). (Тафсир Гуртуби 14/228). Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Умм Саламға және Хувейс бин Хузафаның жесірі Хафсағаүйленгенде, екі жүзді адамдардың бірі: "Мұхаммед неге біздің әйелдерге үйленеді? Аллаға ант етемін ол қайтыс болғаннан кейін біз жебелерімізді оның әйелдеріне қарай бағыттауымыз керек (яғни оларға үйленуіміз керек)", дейді (Айсар Әл-Тафасир" 4/1422). Бұл сөздер Пайғамбарға да жетті (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) және оларды есту оған ауыр тиді. Осыған байланысты Аллаһ Тағала осы аяттарды жіберді. Осымен Аллаһ оның әйелдеріне үйленуге тыйым салып, олардың мәртебесін аналарының мәртебесіментеңестірді. Себебі анасына ешкім үйленбейді. Сенімді хадистердан біз Жұмақта әрбір әйел дүниелік өмірде оның соңғы күйеуі болған ер адаммен бірге болатынын білеміз. Міне, мұсылмандардың аналарының дүниеге келуінің нақты себебі осы болып табылады.
Сансыз, шексіз және шетсіз мақтаулар тек жалғыз Аллаһ Тағалаға болсын! Сайт иесі https://www.ummakz.kz -Мейрханов Мейрам САЙТҚА СІЛТЕМЕ БАСҚА САЙТТАР МЕН ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН КЕЗДЕ МІНДЕТТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ!!! |