Әбу Ханифа мен Ибн Тайимияның қателіктері |
Автор: Administrator |
19.10.2022 10:26 |
Әбу Ханифа мен Ибн Тайимияның қателіктері
Олардың екеуі де, олар ғана емес, барлық ұлы ғалымдар Пайғамбарлар мен елшілер (алейхиссалям) ешқашан қателеспейді және ешқашанда күнә жасамайды деп сендірді. Бұл қате түсініктер болып табылады! Исламның ұлы ғалымдары деп аталатын бұл адамдар Құранның аяттарын да, хадистерді де түсінбеді, Құранда Аллаһ олардың барлық күнәларын, соның ішінде өткенін де, болашағын да кешірдім деп айтады. Сол сияқты хадистарда да осылай айтылады. Егер олар күнә жасамаса, онда неге Аллаһ олардың барлық күнәларын кешіреді, өзіңіз ойланыңыз. Пайғамбарлар мен елшілер (алейхиссалям) ең алдымен біз сияқты қарапайым адамдар екенін ұмытпаңыздар. Сондықтан олар тек дүниелік істерде ғана емес, діни мәселелерде де қейде қателеседі. Тек жалғыз Аллаһ қана қателеспейді. Өйткені олар үнемі Аллаһтан ақпарат алып отырған және хадистерде айтылғандай, бұл ақпараттарды кейде өте ұзақ уақыт күтуге тура келген. Көріп отырғаныңыздай, ханафиттер мен салафиттер діннің көптеген мәселелерінде көп нәрсені түсінбеді. Сондықтан олардың артынан соқыр адамша ере бермей, ойлануға болатын көп нәрсе бар. Егер шайтанның азғыруымен адасып кеткен сектанттардың артынан адасқыларыңыз келмесе, онда жалған ғалымдардың шатпырағын тастап, тек Құран мен Сүннетпен ғана жүріңіздер. Егер кімде-кім менің Ислам туралы біліміме күмәнданса, мен әлемнің барлық секталарына жиналып, менің төрт жарым мың жауабымның ішінен кем дегенде бір қателігін табуды ұсынамын!
Қорытындылай келе, барлық сансыз, шексіз, шетсіз мақтау мен мадақтаудың бәрі тек бүкіл Әлемнің Иесі, барлық ұстаздардың ұстазы жалғыз Аллаһқа ғана тән! Сайт иесі https://www.ummakz.kz -Мейрханов Мейрам САЙТҚА СІЛТЕМЕ БАСҚА САЙТТАР МЕН ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН КЕЗДЕ МІНДЕТТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ!!! |