Салафиттер шариғатты неге мойындамайды |
Автор: Administrator |
22.12.2022 19:11 |
Салафиттер шариғатты неге мойындамайды (https://youtu.be/6h1DSkbooKM - Бейне Сілтеме)
Бірнеше жылдан бері ваххабизм-салафизмнің отаны, әлемдегі барлық мұсылмандар үшін ең қасиетті жерде, Меккеде, Аль-Харамда жергілікті имамдар Алланың шариғатын елемейді және мазақ етеді. Мен бұған дейін осы тақырыпта айтқан болатынмын, бірақ ешқандай өзгеріс жоқ, олар әлі күнге дейін Алланың шариғатына қатысты заңсыздықтарын жалғастыруда. Әдетте, барлық салафиттер тек өздерін ғана ақиқат жолында екенін, тек олар ғана діни мәселелерде өте сауатты, ал қалған барлық мұсылмандарды адасқан сектанттар деп атайды. Барлық салафиттердің ұлы ғалымдары үнсіз отыр, мына бассыздықты көрседе. Өйткені оларға қандай күнә жасайтынын түсіну үшін білімдері жетіспейді. Салафизм дегеніміз негізі шайтанизм болып табылады! Мен бұл туралы үнемі айтып отырамын. Сауд Арабиясында Құран мен сүннетті дұрыс түсінетін сауатты адам жоқ. Сонымен, ИМАМ сөзі араб тілінен қолбасшы; көшбасшы; елдің алдында тұратын; намазды басқаратын адам ретінде аударылады. Имам әрқашан намазға қатысқандардың бәрінің алдында тұруы керек. Алла тағала имамдарға қатысты: "Біз олардан өз қалауымыз бойынша түзу жолды көрсететін имамдар жасадық", - деді (21:73). Көріп отырғаныңыздай, имам әрқашан бәрінің алдында болуы керек және оның соңынан ергендердің барлығына тікелей жолды көрсетуі керек. Ал салафиттер болып табылатын әл-Харамның имамдары не істейді?! Олар намаз оқыған кезде мешіттегі барлық мұсылмандардың артында, яғни әл-Харамда тұрып, бөлек оқшауланған бөлмеде намаз оқиды. Алланың шариғатына қатысты бұл заңсыздықты осындағы фотосуреттерден және интернеттен көруге болады. Имамның Аль-Харамдағы орны Қағбаның жанында, бәр жиналған адамдардың алдында, алдыңғы қатарда болуы керек. Өзіңіз көріп отырғаныңыздай мына фотоларда намаз оқуға жиналған адамдар намазда имамсыз тұр. Ал имам қажылардың ең артында мешіттің ғимаратында жасырынып тұр. Мұндай елдің артында тұрған имам намаздағы адамдарды қалай басқарады, ұғынықсыз?! Мұндай намаз қалай қабылдануы мүмкін, менің ақылым жетпейді оны түсінуге. Неліктен олар осылай жасайды деген сұрақ туады?! Себебі олар короновирусты жұқтырудан қорқады! Оларды шайтан қорқытуда. Аллаһ шайтаннан қорықпа, Менен қорық дейді. Алланың айтуынша, тіпті шіріген жапырақтың өзі ағаштың бұтағынан Аллаһтың рұқсатынсыз жерге құлап туспейді. Ал олар Алланың орнына шайтанның азғыруынан қорқады. Бұлар өзінің надандығымен Аллаһтың предопределениясын жоққа шығарады. Егер Аллаһ ауыру жіберсе, онда саған ешкім көмектесе алмайды, аспандағы Айға ұшып кетсеңде, не жеті қабат жердің астына түсіп кетсеңде. Міне, осындай білімсіз салафиттердің имамдары бидғатты жақсы көреді. Енді мына масқараға қараңыздар. Жұма күні жұма намазының алдында әл Һарамның имамы барлық қажыларға арқасын беріп, бетін мешіт ғимаратының ішінде алдында отырған бірнеше адамға қаратып, бөлек оқшауланған бөлмеде уағыз айтып отырған фотосуретін қараңыз. Бүкіл әлемнен келген қажыларға қарап емес, меккелік бірнеше арабтарға қарап уағыз айтып отыр. Бұл да шайтанның қорқытуына байланысты шыққан бидғат болып табылады. О, өздерін салафит деп атайтын сектанттар! Сендердің салафизмдерің шайтанның артынан кетіп барады, білесіңдерме?! Егер нағыз мұсылман болғыларың келсе, онда сектаңды және дүмше ғалымдарыңныңшатпырақтарын қалдырып, тек Құран мен Сүннетке қайта оралыңдар. Сонда ғана жәннәттік боласыңдар!
Барлық сансыз, шексіз және шетсіз мақтаулар тек жалғыз Алла тағалаға тиесілі! Сайт иесі https://www.ummakz.kz -Мейрханов Мейрам САЙТҚА СІЛТЕМЕ БАСҚА САЙТТАР МЕН ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН КЕЗДЕ МІНДЕТТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ!!! |