Құранды аль-Харам мен Мединада қалдыру PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
07.01.2023 19:53

Құранды аль-Харам мен Мединада қалдыру

Қажылар Мекке мен Мединаға келгенде, Құранды сататын адамдарды жиі көруге болады және егер сіз одан Құран сатып алып, мешітте қалдырсаңыз, мешітте Құранды оқыған әрбір қажы үшін Алладан ақырзаманға дейін сауап алатыныңызды айтады. Кім күмәнданса, олар өз кітаптарында әл-Харамның мөрлерін көрсетеді, бұл кітаптар Мединалық баспаханадан және әл-Харам қоймасынан шыққан деп. Қажылардың негізгі бөлігі сауатсыз адамдар. Қажылармен бірге жүретін дүмше имамдардың өздері сауатсыз. Сондықтан адамдар сауап алуға үміттеніп, осы Құрандарды сатып алып, оларды әл-Харамға және басқа мешіттерде қалдырады.

Аль-Харам мен Мединада тек Мединаның баспаханасында шығарылған Құрандар ғана тұрады, онда әр әріп бірнеше рет тексеріледі. Аль-Харам мен Мединада күніне бірнеше рет Құран шкафтарын тексеріп, осы көшеде сатылатын Құрандарды өздерімен бірге алып кететін арнайы адамдар бар. Себебі бұл кітаптар қайда басылатыны белгісіз және олардың ішінде не жазылғанын ешкім білмейді. Сыртқы түрі бойынша олар түпнұсқадан сәл өзгешелеу. Мен өзім барып, бірнеше рет тексердім. Сондықтан мешіттің қызметкерлері күнәдан аулақ болу үшін оларды жинап алады. Сондықтан алаяқтарды қаржыландырмаңыздар және сатып алмаңыздар!

Барлық сансыз, шексіз және шетсіз мақтаулар тек жалғыз Аллаһқа тиесілі!

Сайт иесі https://www.ummakz.kz - Мейрханов Мейрам

САЙТҚА СІЛТЕМЕ БАСҚА САЙТТАР МЕН ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН КЕЗДЕ МІНДЕТТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ!!!