Мұхаммед пайғамбардың үмбеті қалай боламыз PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
18.01.2023 16:52

Мұхаммед пайғамбардың үмбеті қалай боламыз

Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болғаннан кейін мұсылмандар шайтанның азғыруымен мазхабтар мен секталарға бөліне бастағаннан бері шамамен 1400 жыл болды. Барлығы өздерінің мазхабына немесе сектасына риза және тек өздерін сүннеттің жалғыз адал ізбасарлары деп санайды. Шииттерде өз кезегінде көптеген секталар мен ағымдарға бөлінді. Өкінішке орай, олардың ешқайсысы Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбардың үмбетіне бірігуді қаламайды, барлығы өз мазхабына немесе сектасына риза, шайтан оларға және өзінің жұмысына риза.

Мен көптен бері "Сүннет бойынша Сектанттықсыз намаз" атты кітап жаздым, онда исламның 1400 жылындағы мазхабтар мен секталар арасындағы намаздағы барлық келіспеушіліктер мен қайшылықтарды жоққа шығардым. Бірақ діни мәселелерде сауатсыз шайтанның қызметшілері ҚР Дін істері комитетінің Төрағасы бастапменің кітабымды басып шығаруға рұқсат бермейді. Мен сауатсыз адамдарды мазхабтар арасында ешқандай қайшылық жоқ, олардың кез-келгенін ұстануға болады деп алдап жүрген екіжүзділердің бәріне ерекше жауап бергім келеді: "егер барлық мазхабтар дұрыс жолда болса, онда неге олардың біреуін ғана ұстанбайсыңдар?!"Мысал үшін тек намазды алайық. Барлық 4 мазхабттың арасында намаз бойынша қайшылықтар мен келіспеушіліктерсіз, төртеуі бірдей жауап беретін бірде-бір мәселе жоқ, төртеуі төрт жаққа тартады. Барлық мәселелерде олар бір-біріне қайшы келеді. Олардың қайсысын ұстануға кеңес бересіз о шайтанның сектанттары?!

Сіздің қымбат уақытыңызды алмау үшін мен мына "Барлық адасқандарды Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмбетіне біріктіру үшін не істеу керек?!" деген сұраққа қысқаша жауап берейін: Жауабы өте қарапайым, ол -исламның бастапқы көздеріне оралу керек. Діннің негізгі қайнар көздері -Құран және Құранға қайшы келмейтін Сүннеттің бөлігі. Мазхабтар мен секталар Құран мен Сүннетті өздерінің ақыл – ой деңгейімен түсінетін қарапайым адамдардың пікірі екенін түсіну үшін көп ақыл қажет емес. Ақыл - ойы бар қарапайым адам Құран мен сүннет тұрған кезде дүмше ғалымсымақтардың былшылынан шындықты іздейтіндей ештеңе жоқ екенін түсінуі керек. Алла Құранды адамдардың түсінуі үшін жеңілдеткенін айтады, ал шайтанның дүмше ғалымдарды адамдарға білімсіз адасып қалмас үшін Құран мен Сүннетті өз бетінше оқуғаболмайды дейді.

Енді Мен сізге тек 2 мысал келтірейін, онда мен исламның барлық ұлы ғалымдары дейтін дүмше ғалымсымақтардың дін мәселелеріндегі сауатсыздығын дәлелдеймін. Аллаһ Құранда: "Олар Оның білімінен тек Оның қалағанын ғана алады" деп бізге анық айтады, ал бұл дүмше ғалымдар білімді тек ұстаздар мен діни университет арқылы ғана алуға болады дейді. Осылайша олар адамдарды шайтанға адастыруда. Бұл аятта Аллаһтек Өзі ғана бізге қажетті білімді беретінін, біз өзіміз еркңмңзбен қажетті білімді ешқайдан ала алмайтынымыздыанық айтады. 1400 жыл ішінде Исламның ұлы ғалымы деп аталатындардың дүмшелердің ешқайсысы Мұхаммед Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шапағат сұрай алмайтынын түсінбеді! Олар өздерінің надандығымен халықты адастырып, Мұхаммед пайғамбарды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Алла Тағаланың Өзімен бір деңгейге қойғызып, елге ширк жасатуда. Бұлардың бәрі "әл-Курси"аятын күніне бірнеше рет оқиды, бірақ шайтан одан оларға ештеңе ұққызбайды. Аллаһ бұл аятта: "Оның рұқсатынсыз Оның алдында кім шапағат етеді?" деп анық айтады. Көріп отырғаныңыздай, кім болса да, ешкім өздігінен шапағат ете алмайды. Пайгамбарларда сіз сұрады екен деп солай өз еркімен шапағатшы бола алмайды! Олар тек Алланың Өзі риза болып, көрсеткендері үшін ғана шапағат етеді. Сондықтан адамнан емес, тек жалғыз Аллаһ Тағаладан Мұхаммед Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Сот Күні сіз үшін шапағат етуге рұқсат беруін сұрауыңыз керек.

Көріп отырғаныңыздай, сіздің ұлы ғалымдарыңыз Аллаһтың шариғатының күрделі мәселелерін айтпағанның өзінде, осындай қарапайым сұрақтардың өзін қорыта алмай, бейшара болған. Олай болса, олар сізге ақиқат жолын қалай үйрете алады?! Жақсы ойлаңыз! Сондықтан олардың былшылын қалдырып, тек Құран мен Сүннетке еріңіздер. Сонда ғана барлық адасқандар Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмбетіне бірігіп, өздерінің мазхабтары мен секталарын тастап кетеді. Аллаһ Құранда егер өлсеңдер жамағат не мазхабшыл, ханафит, салапит болып емес, мұсылман болып өліңдер дейді.

Барлық сансыз, шексіз және шетсіз мақтаулар тек жалғыз Аллаһқа тиесілі!

Сайт иесі https://www.ummakz.kz - Мейрханов Мейрам

САЙТҚА СІЛТЕМЕ БАСҚА САЙТТАР МЕН ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН КЕЗДЕ МІНДЕТТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ!!!