«Пугасово» мейрамханасына бармаңыздар PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
06.04.2023 12:21

«Пугасово» мейрамханасына бармаңыздар

Мен барлық мұсылмандарға Рамазандағы осы мейрамхананың жалған жарнамасына сеніп, өтірікшілерге тап болмауын ескертуді шештім.

05.04.2023. күні осы жылы алғаш рет ораза ұстаған ұлыммен бірге мейрамханаға ифтарға (ауыз ашарға) барайық деп, қайда бару керектігін іздеу үшін инстаграмды рекламаны аштым. Инстаграмман Абдуллиндер көшесіндегі Пугасово деген мейрамханасының жарнамасын көрдім, олар бір адамға 5900 теңгеден ифтар ұсынады екен, сосынсол жерге қоңырау шалып, 19-00-ге 2 орынға тапсырыс бердім. Біз уақытында келіп, көрсетілген үстелге отырдық, онда үстелде мөлшері мен түрі бойынша қойдың құмалағына ұқсас 4 кішкентай құрма, 3 свежии емес бауырсақ, кішкентай шелпек және екі адамға 1 литр арзан су болды. Официантты шақырып, оған ифтар сағат 19-23-те екенін айттым және уақытында тамақ әкелуді ескерттім. Ол бәрін түсінгенін және 19-23-те барлық тамақтарды уақытында әкем деп уәде берді. Сосын

19-40-та басқа бір даяшы келіп, бірінші даяшы бәрін шатастырды деп, дайын өнімдер жоқ екенін айтты және менюмен тапсырыс беруді ұсынды. Мен сорпа, стейк және бір литр суға тапсырыс бердім. Олар тамақ әкелгеншешыдай алмай, ұлымыз екеуміз столдағы шелпек пен бауырсақтарды жеп қойдық. Сорпаны тек 15-20 минуттан кейін әкелді. Ифтардан кейін тамақты күтіп, біз столда 35-40 минуттай отырдық! Содан кейін олар 2 кішкене кесек ет (мен стейк қалыпты мөлшерде болады деп ойладым) әкелді, жанында 2-3 ас қасықтың мөлшеліндейтүсініксіз гарнирмен бірге.

Тез тамақтанғаннан кейін мен есепшот әкелуді өтіндім. Шот әкелген кезде мейрамхана иелерінің ашкөздігіне таң қалдым: 1 литр арзан судың құны 799 теңге, кішкене шелпек пен 3 свежии емес бауырсақтары бар нан себеті 750 теңге тұрады екен. Екі адамға шаққандағы жиынтық құны 10% қызмет көрсетумен бірге 16000 теңгені құрады, ал 10% пайыз біздің елдің заңдарына қайшы келеді. Мен төлемді QR кодымен қабылдауды сұрадым, бірақ даяшы салықтан түскен кірісті жасыру үшін ақшаны Каспий Голдтың нөміріне аударуды талап етті, чек берілмеді. Мені бірінші кезекте 799 теңгегелік бір литр судың құны ашуландырды. Дүкендерде мұндай арзан су бар жоғы 100 теңгеден артық тұрады. Директор ораза ұстайтын мұсылман, хиджаб киген админстраторшада ораза ұстайдыекен. Осы қасиетті Рамадан айында олар өз бауырларын ұялмай алдап, мейрамханаға арзан бағамен шақырады, бірақ олар келгенде олардың есебінен көбірек ақша табу үшін меню арқылы тапсырыс беруге мәжбүрлейді. Бұл таза алдау болып табылады. Көптеген мейрамханаларда бір адамға швед столы бар болғаны 6-7000 теңгені құрайды, қанша жесеңде. Ал біз столдан 16000 теңге төлеп тұрғанда, тамақ ішкенімізді сезбедік.

Үйге келіп, инстаграмды ашқанда, мен олардың жарнамаларын қайтадан көрдім және жарнаманың төменгі жағында адамдар бармас үшін бармаңдар деп жаздым. Әкімшілік. мені полициямен қорқытты. Содан кейін директоры маған шығып, егер мен үндемей қалсам, ертең олар маған үйіме тегін ифтар әкелетінін немесе мейрамханада тегін қызмет көрсететінін, немесе олар менің ақшамды қайтаратынын және айтып өңдей бастады. Мен оған сен ойлағандай ақшаға сатылатын сатқын жезөкше емеспін дедім және мұсылмандар хабардар болуы үшін YouTube, Facebook, Instagram және Tic Tokкe видео роликтер орналастыруға уәде бердім. Шындығында, маған олардан ештеңе керек емес. Мен жұмсалған ақшаға өкінбеймін. Мен басқа мұсылмандарға өзім сияқтыолардың өтірік жарнамаларына сеніп, алданып қалмасын деген оймен ескерту жасағым келеді. Егер олар қасиетті Рамазанда осылай жасаса, олардан жәй күндері не күтуге болады?!!

Барлық сансыз, шексіз және шетсіз мақтаулар тек жалғыз Алла тағалаға тиесілі!

Сайт иесі https://www.ummakz.kz - Мейрханов Мейрам

САЙТҚА СІЛТЕМЕ БАСҚА САЙТТАР МЕН ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН КЕЗДЕ МІНДЕТТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ!!!