Умра-қажылық кезіндегі кеңестер |
Автор: Administrator |
24.05.2023 22:41 |
Умра-қажылық кезіндегі кеңестер (Ссылка видеога - https://youtu.be/sTO8pT7kWo4 ).
Егер сіз Ислам туралы шынайы шындықты іздесеңіз, менің ютубтағы видео каналыма жазылыңыз және менің сайтыма кіріңіз. Умрада 11 күн болып келдік. Әл-Харамнан 1.3 км қашықтықта тұрып, жаяу жүрдік. Мен ұмытпай тұрғанда умра туралы жаңа әсерлеріммен бөлісуді шештім. Барлық қажылардың басты қателігі - олар бірнеше адам болып жиналып келіп, бір-бірінің артынан жүреді, тіпті дәретханағада бірге барады. Қажылық жасауға немесе умрағакелгеннен кейін, басқа таныстарыңызға алаңдамау үшін бәрінен бөлек жалғыз жасаңыз. Өйткені олар бір-бірінің артынан жүреді және артта қалудан немесе адасудан қорқады. Сондықтан олардың барлық назары тауаф пен ас-Сафа мен Маруаның арасында жүгіру емес, адасып қалмас үшін бір-бірінің артынан жүруге бағытталған. Содан кейін олар бірге жүрген кездерінде басқаларға кедергі жасайды, олардың арасынан өтуге мүмкіндік бермейді немесе зікрді қатты даустап қайталайды, осылайша айналасындағыларға кедергі келтіреді. Менің сізге кеңесім -тауафты бастамас бұрын, бір-біріңізбен умра аяқталғаннан кейін қайда кездесетін жерді белгілеп, алдын алакелісіп алыңыздар. Одан да жақсысы, умра біткенсоң қонақүйде кездесетін болып, кілтті рецепшенге қалдырып кетіңіздер. Сосын умраны жалғыз жасаңыз. Умра жасаған кезде телефондарыңызды қонақүйде қалдырыңыз және тауаф пен сай кезінде ешкіммен сөйлеспеңіз. Сонымен қатар, өзіңізді және басқаларды фотоға және видеоға түсірмеңіз. Мені тыңдамасаңыз сізден показуханың иісі шығып тұрады. Мұның бәрін умра біткенсоң кейінірек жасай аласыз. Әйтпесе, сіздің қарапайым турист ретінде үйге оралу қаупіңіз өте жоғары. Әдетте топпен бірге жүретін сауатсыз имамдар әр қажының артынан жүгірмеу үшін біліп тұрсада егде жастағы және науқас адамдарға арналған жеңілдіктерді айтпай, үндемей, жасырып қалады. Мұндай адамдарға қажылық және умра кезінде жеңілдіктер бар, бір және екі орындық электр скутерлеріне отырып, тауаф пен сай жасай алады. Бұл рахат бір адамға 57.5 риалдан тұрады (тауаф 57.5 риал, саи 57.5 риал, егер бәрі бірден болса, онда 115 риал). Осылай қажылық пен умраны өте жеңіл өткізуге болады. Қосымша умра жасау үшін жергілікті полицейлер еркектерден ихрам киюлерін талап етеді. Ал скутермен қосымша умра жасау үшін ихрам кию қажет емес. Егер ихрамыңыз былғанып қалса, не иісі шығып жуғыңыз келмесе, бұл таптырмас амал. Бірақ сонымен бірге, баршаңызға бұл ұятсыз компания екенін ескерткім келеді. Өйткені менің каспи картамнан екі күннен кейін екінші рет ақшамды рұқсатсыз шешіп алып, шулатқансоң әзер қайтарды. Сондықтан, мүмкін болған жағдайда олармен қолма-қол ақшамен есептесіңіз! Әл-Харамда жүргендердің әрқайсысы өзімен өзі жүреді. Сондықтан, өте жас адамдар сіздің мұрныңыздың алдынан өтіп, жол бермеген кезде оған ренжудің қажеті жоқ. Сондай-ақ, көптеген адамдар жолдың ортасында тұрып алып, өтетін жолды жауып тұрғанын жиі көруге болады. Бұл надандарға олардың жолды жауып тастағанын еске салсаңыз, олар сізге сенің денің дұрыспа дегендей көзқараспен қарайды. Егер сіз Меккеге турист ретінде емес, қажылық немесе умра жасау үшін келген болсаңыз, онда намаз оқығаннан кейін мешітте отырып, зікір жасаңыз, дұға етіңіз, Құранды оқыңыз. Көшеде босқа сенделіп жүріп басқаларғакедергі келтіруден гөрі осылай істегеніңіз өте жақсы. Әдетте, адамдардың көбісі намаздан кейін сыртқа шығады сыртта жұмыстары болмасада және өздерінің не істеп жүргендерін ұқпайды, әйтеуір сандалып жүре беру керек. Сондықтан олар топтасып тұрады немесе бәріне кедергі келтіріп, алға-артқа қажетсіз жүре береді басқаларға бөгет жасап. Меккеде тамақтар өте қымбат. Сондықтан, егер сіз ақша үнемдегіңіз келсе, онда жолға шықпас бұрын Роллтон, Доширак және т.б. жылдам дайын болатын тамақтар алып алыңыз. Сондайақ егер бөлмеде шайнек болмай қалсанемесе шайнек жұмыс істемесе, өзіңізбен бірге су қайнататын электр қайнатқыш алыңыз. Егер сіз шайды жақсы көретін болсаңыз, онда сумен емес, зам заммен қайнатыңыз - дәмді және пайдалы болады. Сіз ақшаңызды экономдау мақсатында таңғы асты қонақ үйдегі бөлмеде іше аласыз. Ал обедті кафелердің бірінде еті бар тамақпен тамақтану керек күш жинау үшін. Кешкі асқа дүкеннен шай, май, джем, нан, консервілер және т.б. сатып алуға болады. Үнемі тек қана дұға жасап зам замды ішіңіз, шырындар мен басқа да сусындарды үйге қайтқансоңда іше аласыз. Ал зам зам Меккеден басқа жерде енді болмайды! Ерте ұйықтаңыз. Біз Меккеге пересадкамен ұшып барған кезде аздап күш жинап алу үшін таңертеңгі намазға дейін ұйықтауға тырысамыз және таңертеңгі намаз алдында Әл-Харамға келемізде фажрдан кейін умраныбастаймыз. Туристік фирмалар қонақ үйге қоныстанғаннан кейін бірден умраны бастайды, адамдарға біраз демалуғада мүмкіндік бермей. Мен бірнеше рет тауаф жасағысы келетіндерге кеңес беремін. Мен ихрамды қайта киіп, кез келген намаздың алдында тауаф жасаймын. Содан кейін фард намазын аяқтағаннан кейін мен қайтадан ниет қабылдап, тауафты қайтадан бастаймын. Осылайша, әл-Харамға бір келгенде екі рет умра жасауға болады. Кімде-кім қалауы мен күші болса, күніне бірнеше рет тауаф жасай алады. Сіз Қағбаның айналасында тек 7 айналым ғана жасап қоймай, көбіректе жасап, көбірек сауаб ала аласыз. Аллаһ Құранда: "Ал егер кімде — кім өз еркімен қосымша игі іс жасаса, онда Аллаһ - Ризашыл, Білуші", - дейді (2:158). Мен өзім әдетте 9-11 айналым жасаймын. Туристік фирмалар тарататын кітаптарды оқудың қажеті жоқ. Сіз тауаф кезінде өз тіліңізде зікрлер мен дұғаларды қайталай аласыз. Егер сіз бір рет Мединаға барған болсаңыз, қайтадан барудың қажеті жоқ. Мединаға сапардың қажылық пен умраға ешқандай қатысы жоқ. Бұл жай ғана туристік сапар. Осылайша, туристік фирмалар өз ақшаларын үнемдейді, өйткені ондағы өмір Меккелік өмірге қарағанда әлдеқайда арзан. Мен осы туристік фирмалардың адамдарды Мединада апарып ширк жасауға қалай мәжбүрлейтіні туралы видео жазып, түсірдім. Сіз оларды YouTube-тен және менің веб-сайтымнан көре аласыз. Дәрі-дәрмектер мен уколдарды өзіңізбен бірге алыңыз. Саудияда дәрі-дәрмектер өте қымбат. Қосымша аллергияға қарсы дәрілермен күшті антибиотиктерді алыңыз. Егер сіз ауырып қалсаңыз, онда ешкіммен ұрыспаңыз, ренжімеңіз, керісінше, Алла Тағаланың бақылауына түскеніңізге қуаныңыз. Бұл жолы Меккеде уақыттың ұзарғанын ерекше атап өткім келеді. Біздің Отанымызда уақыт тез өтіп жатыр, сіз көп нәрсені істеп үлгермейсіз. Меккеде уақыт ұзаққа созылады. Осылайша, Аллаһ уақытты ұзарта отырып, зікірді және басқа да Құдайға ұнамды істерді ұзақ орындауға көмектеседі деп ойладым. Егер умрадан қайтарда сізде артық риалдар қалса, оларды нөлге дейін пайдалануға асықпаңыз! Оларды келесі келуге қалдырыңыз, өйткені умраға келгенде әуежайдан қонақүйге дейін 200-250 риал төлейсіз, сонымен қатар обменник тапқанша және долларыңызды риалға айырбастағанша тамақтануға ыңғайлы болу үшін ақша болу керек. Орташа алғанда, 100 доллардың баламасы болатын риалды келесі келгенше сақтау керек. Сондайак мүмкіндікті пайдаланып садақа мен зекетті аямай таратыңыздар! Алла сіздің жолыңызды жеңілдетсін және сізді Өз үйіне қонақ ретінде шақыру арқылы сіздің ниетіңізді қабылетсін! Амин!
Қорытындылай келе, барлық сансыз, шексіз және шетсіз мадақтын бәрі тек әлемдердің иесі жалғыз Аллаһқа лайық! Аллаһ біздің пайғамбарымыз Мұхаммедті, оның отбасы мүшелерін, оның серіктерін және олардың соңынан ергендердің барлығын жарылқасын! Әмин! Сайт иесі - https://www.ummakz.kz / - Мейрханов Мейрам. |