Құрбанәлі-мүфтии-имамдардың маскасы шешілді |
Автор: Administrator |
30.05.2023 21:35 |
Құрбанәлі-мүфтии-имамдардың маскасы шешілді (Видео ссылка - https://youtu.be/ilDMDlQOno4 ).
Құрбанәлінің шірікке шақыратынын елдің бәрі бұрыннан бері біледі. Жақында Фейсбукті қарап отырсам бір сопы әйел Құрбанәлінің сөздерін көшіріп жазған екен. Бұл ақымақ надан басқаны қойып, Аллаһқа өтірік жала жауып, Құранның аяттарын бұрмалап, елді алдап жүргенін көріп, таң қалдым. Басқаға барсада Құранға тиіседі деген ой үш ұйықтасамда түсіме кірмепті, бұрын оны Құдайдан қорқады деп ойлаушы едім, қателескен екенмін. Ғұламалар айтады, егер кімде кім Құранды өзгертіп өзінің сөзін қосатын болса, онда ол діннен шығып, кәпір болады дейді. Аллаһ Құранның «аль-Хакка» сүресінің 44-46 аяттарында: «Егер Мұхаммад Құранға өз сөздерін қосатын болса, оның оң қолынан ұстап, күре тамырын кесіп жіберер едім», - дейді. Ал адасқан сектант Құрбанәлі болса бір емес, бірнеше аятты өзгертіп отыр артына ерген басқа сопыларды өзіне сендіріп, артынан адастыру үшін. Осы мақсатта ол сектанттарына Құранды оқымаңдар, ұқпай адасып кетесіңдер, тек менің айтқанымды тыңдаңдар деп алдайды. Құрбанәлі тақырыбын Үмітті үзбеу деп бастап, былай жалғастырады: «Алла тағала «Жүсіп» сүресінің 87-аятында «Уә ля тәясу мин раухилләһ» деген сөздерді «Алланың жаратқан аруағынан үміттеріңді үзбеңдер, инкар қылмаңдар» деп аударады. «Иннәһу лә йайасу мир раухилләһи иллә қаумил кәәфирин» сөздерін «Алланың жаратқан аруағынан кәпір қауымдар ғана үмітін үзеді деп бұйырады» деп аударган. Сопылардың зомби болғандары соншалық, бирде бири Құранды қолдарына алып, жәй ғана тексеріп көрейікші деген ой миларына келмеген. Бұл аят былай аударылады: "О сыновья мои! Ступайте и разыщите Йусуфа (Иосифа) и его брата и не теряйте надежды на милость Аллаха, ибо отчаиваются в милости Аллаха только люди неверующие» (12:87). Қазақшасы былай аударылады: «Уа, ұлдарым! Иусуфты (Жүсіпті) және оның ағасын тауып, іздеңдер және Алланың рақымынан үміт үзбеңдер, өйткені Алланың рақымынан тек кәпір адамдар ғана үмітін үзеді». Ал енді осы аяттың қай жерінен әруаһ деген сөзді көріп отырсыздар, айтыңыздаршы?!! Осы лекциямның соңында осы аяттың аудио жазбасын тыңдап көріңіздер, қай жерінде әруаһ деген сөз бар екен. Бұл біріншіден. Екіншіден, әруах деген сөз араб тілінде жоқ сөз, парсы тіліндеде жоқ ондай сөз! Біздің дүмше мүфтии мен оның дүмше имамдары осы уақытқа дейін халықты алдап келді, арабша әруах деген сөз арабша рух деген сөздің көпшілік түрі деп. Үшіншіден, Рух деген сөз Құранда тек қана жекеше түрде кездеседі, көпшілік түрде емес. Мүфтии де, көпшілік имамдарда сопылар болып табылады, қанша жасырсада. Сондықтан олар Құрбанәлі сияқты Құдайдан қорқыңдар деп елді қорқытып, өздері қорықпайды Аллаһтан, әсіресе шайтанның ақшасын көрген кезде. Әруаһ қолдайда, жебейде алмайды тірілерді. Дұға жасайды дегенде шайтанның былшылы. Керісінше өлгендер тірінің дұғасына мұқтаж. Ақымақ надандардың әруаһ деп жүргендері жын шайтандар. Адам өлгенсоң жаны барзаһ әлеміне өтіп, ұйқыға кіріседі, арттарынан бұл дүниенің есігі жабылады. Аллаһ қабырда жатқан өлгендер тірілердің сөзін естімейді деп бірнеше аяттарда айтады. Сонымен сіздер Аллаһтың сөзіне сенесіздерме, әлде шайтанның әскері болған Құрбанәлі мен мүфтии басқарған дүмше имамдарға сенесіздерме?!! Шешім қабылдаңыздар!
Қорытындылай келе, барлық сансыз, шексіз және шетсіз мадақтын бәрі тек әлемдердің иесі жалғыз Аллаһқа лайық! Аллаһ біздің пайғамбарымыз Мұхаммедті, оның отбасы мүшелерін, оның серіктерін және олардың соңынан ергендердің барлығын Өзінің сүйікті құлдары етіп, жарылқасын! Әмин! Сайт иесі - https://www.ummakz.kz / - Мейрханов Мейрам.
|
Обновлено 31.05.2023 16:55 |