Мен өзім қай сектаданмын |
Автор: Administrator |
07.06.2023 22:26 |
Мен өзім қай сектаданмын
Менің шайтанның артынан адасып кеткен секталар жайлы және олардың қалай адасқандығы туралы видео лекцияларымды көрген сектанттар менің өзімді әдетте сектант деп атайды. Ал мені қолдайтындарды оларМейрамит деп атайды. Ал мисыз діннен ештеңе сезбеген надандар мені шайтан немесе кәпір деп атайды. Олардың ешқайсысы Аллаһ Құранда атағандай адамның жай ғана мұсылман, иман келтіруші және Аллаһтың құлы болуы мүмкін екенін, оның ешқандай мазхабтар мен секталарға жатпайтынын түсінуге милары, ақыл естері жетпейді. Егер мен ешқашанда адамдарға тек менің артымнан ғана еруге, немесе тек менің айтқан сөздерімді ғана тыңдауға шақырмасам, мен қалай адасқан сектант боламын, айтыңдаршы?! Мен тек адамдар мен дүмше ғалымдардың былшылын тастап, тек Құран мен Құранға қайшы келмейтін Сүннеттің бір бөлігін ұстануды ғана ұсынамын. Мұндай адамды сектант деп қалай атауға болады, айтыңдаршы?! Кез-келген адам қателеседі, сондықтан оның артынан еруге болмайды. Тек бұл әлемді бізбен бірге жаратқан бір ғана Аллаһ қателеспейді. Сондықтан мен барлығыңызды тек Аллаһтың шариғаты Құранның артынан еруге шақырамын. Айтыңдаршы, мен қалайша сектант боламын, егер басқалар сияқты мұсылмандарды мазхабтар мен секталарға бөлінуге шақырудың орнына, керісінше барлығын Мұхаммед пайғамбардың Үмбеті (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) болуға шақырсам?! Сен Аллаһтың тура жолындасыңба, немесе шайтанның артындасыңба, маған бәрі бір, егер ойлап қарасаң. Бірақ мұсылман адам ретінде мен сендердіңде дұрыс мұсылман болғандарыңды және о дүниеде жұмақта бірге қуанғанымызды қалаймын. Енді Аллаһтың шариғатын ұстанасыңба, әлде шайтанның шариғатымен жүресіңбе, оны өзің шеш. Жақсылапойлан. Мен Аллаһтың тура жолына шақырдым, таңдау сенен. Жұмақта мәңгі ләззат аласыңба, немесе тозақта мәңгі отқа күйесіңбе, өзің таңда.
Қорытындылай келе, барлық сансыз, шексіз және шетсіз мадақтын бәрі тек әлемдердің Иесі жалғыз Аллаһқа лайық! Аллаһ біздің пайғамбарымыз Мұхаммедті, оның отбасы мүшелерін, оның серіктерін және олардың соңынан ергендердің барлығын Өзінің сүйікті құлдары етіп, жарылқасын! Әмин! Сайт иесі - https://www.ummakz.kz / - Мейрханов Мейрам.
|