Неге Ахли Сүннада біріңғай ақида жоқ |
Автор: Administrator |
24.06.2023 18:05 |
Неге Ахли Сүннада біріңғай ақида жоқ
Алла Тағала қасиетті Құранда бірнеше мәрте өтірік айтуға және алдауға тыйым салады. Сондай-ақ хадистарда да өтірік айту мен алдауға тыйым салынған. Ал біздің муфтиат пен имамдар әдетте екіжүзділікпен өздерінің мұсылмандарына өтірік айтып, үнемі алдайды Ахли Сүннадағы төрт мазхабтың арасында ешқандайда кайшылық жоқ, қайсысын ұстансаңда дұрыс, ақидада бәріде матрудиттер немесе ашариттар деп. Бұл нағыз өтірік және алдауболып табылады! Мысалы, Әбу Ханифа мүлдем басқа акида ұстанған және бұл акида матрудиттер менашариттардың ақидасын толығымен жоққа шығарады, біріне бірі қайшы келеді. Өйткені Абу Ханифаның ақидасықазіргі ваххабит салафиттардың ақидасымен бірдей болып табылады, оларда Аллаһқа денесі мен дене мүшелерін, сондай-ақ мекендейтін орын береді. Сондықтан біздің имамдар әрқашан Әбу Ханифаның ұстанған акидасын жасырып, екіжүзділікпен өз мұсылмандарын алдап келеді біз ханафитпіз, ақидада матрудитпіз деп. Миларыңды қоссаңдаршы, қалай ханафит боласың, егер Абу Ханифаның ақидасын лақтырып тастап, оның фиқынан тек отыз процент қана алсаң?!! Қалған жетпіс проценті ананың айтқаны, мынаның айтқаны.
Дәл сондай имам аш-Шафиғидың ақидасы. Ешқандайда ол не матрудит, не ашарит емес! "Тәбәкәт әл-Ханабиля"кітәбінің 282-283 беттерінде шынайы иснадпен аш-Шафиғидың сөздері келтірілген, ол Құрандағы аяттарды турасынан қабылдап, Аллаһқа дене мүшелері мен орын берген, онда былай делінген: "Алайда, Оның екі қолыда жаюлы" (Маида, 64); "Аспанды Ол Оң қолымен жинап алады" (Тобыр, 88); "Кез келген нәрсе жойылады, Оның Бетінен басқа" (Әңгіме,88); "Тек қана Оның Беті ғана мәңгілік, ұлылық пен жомарттықтың иесі"(Ар-Рахман, 27). Аш-Шафиъи, сондай-ақ хадистарды да турасынан қабылдап, қазіргі ваххабит салафиттар сияқты болған. Имам Шафиғи былай деген: "Алла Тағала – Естуші. "Аллаһтың екі қолыда ашық" деген аятАллаһтың екі қолы бар екенін көрсетеді. "Аллаһтың Бетінен басқаның бәрі жоғалып кетеді" деген аят Аллаһтың беті бар екенін көрсетеді. Сондай-ақ Пайғамбардың (алейхиссалям): "Аллаһ өкшесімен Тозақты жабады" деген хадисынан біз Аллаһтың өкшесі бар екенін көреміз ..." Және оның көптеген сөздерін Ибн Кудамның "Замму ат-Тавил" кітабынің 124-бетінде келтіріледі. Бұл туралы Имам Захабида өзінің «Сияр аглям ан-Нубаля» кітабында жазған. Өздеріңіз көріп отырғандай, имам Шафиғидың ақидасы матрудиттер мен ашариттерге жақындамайды, керісіншеқазіргі ваххабит-салафиттердікіндей.
Ханбалдың "Китаб әл-Михна" кітабынің 68 бетінде имам Ахмад былай дейді: "Аллаһ Өзін Өзі қалай сипаттады, бізде солай сипаттауымыз керек оның шегінен шығып кетпей". Имам Ахмад былай деп айтқан:"истива" бұл атрибут-әрекет, бұл атрибут мәні жоғары асқақтау және көтерілу. Ол былай деді: "Аллаһ Тағала Аршты жасамай тұрып жоғарыда болған, өйткені Ол әр нәрсенің, әр заттың үстінде". Ахмад тағы былай деген: "Ол Арштың үстінде, ал оның білімі барлық жерде". Бұл туралы Әбу Насыр ас-Сиджзиайтқан. Өздеріңіз көріп отырғандай, имам Ахмадтыңда ақидасы матрудиттер мен ашариттерге сәйкес келмейді!
Имам Маликте былай деген: "Аллаһ аспанда, Оны біліиі барлық жерде". Бұл туралы Ибн Абдульбарр өзінің"Тамхид" деген кітабында атап өткен және Имам Лялякаи «Шарх усулил-итикад ахлю сунна валь джамаа" атты кітәбінде жазған. Бұл сөздерді Әбу Дауд "Масаиль әл-Имам Ахмад" атты кітәбінің 263 бетінде келтірген. Сондай-ақ, оның Абдуллах бин Ахмад "ас-Сунна" кітәбінде, 11 бет және Ибн Абд әл-Барр "ат-Таухид" (7/138) кітәбінде жазған. Сондай-ақ, Имам Абдулбарр мына тарихи оқиғаны келтіреді: "Имам Маликтен адамдар Аллаһты Сот Күні көре аламызба дер сұрады. Сонда ол былай жауап берді: "Иә, адамдар Аллаһты көреді", - деді. Аллаһ Құранда бұл туралы былай деген: "Сот Күні кейбір адамдардың беттері әдемі және жарқыраған болады және олар өздерінің Құдайын көреді". Өздеріңіз көріп отырғандай, матрудизм мен ашаризмнің иісі имам Мәлікке жақындай алмайды!
Бұл 4 мазхабтың негізін қалаушылар негізі ең бірінші такфиризмнің негізін қалаушылардың бірі болған. Өйткені олар өздеріне қарсы келгендердің бәрін оңды солды кәпір деп атаған! Мысалы, Әбу Ханифа былай деген: "Егер кімде-кім: "Мен Құдайымның қайда екенін – аспанда немесе жердеме екенін білмеймін десе, ол кәпір болып саналады. Дәл сондай-ақ, егер біреу: "Аллаһ Аршта, бірақ мен Арш аспанда немесе жердеме екенін білмеймін десе, ол да кәпір болып саналады" деп есептеген. Әбу Ханифаның бұл сөздерін Имам Захаби "Әл-Улу" кітабында, Имам Ибн Кудама "Әл-Улу" кітабында келтіреді. Сондай-ақ Имам Ибн Абу әл-Изз да шарх Тахауиде келтірген. Бұл сөздер Әбу Ханифаның "Фикху әл-Абсат" кітабында да бар.
Өздеріңіз көріп отырғандай, Ахли Сунна – бұл адасқан сектанттардың үлкен сектасы болып табылады. Олар бұл әдемі атауды ойлап тапқан кезде адасып кеткен еді, өйткені олар суннит боламыз деп өтірік хадистарға сеніп, соларды бірінші орынға қойып, Құранды ұмытып кеткен еді. Шариғаттың басқа мәселелерін айтпағанның өзінде осы төрт мазхабтың арасында намаз бойынша бірде бір сұрақтың айналасында төрт мазхабтың ғалымдары бірдей жауап берген бірде бір сұрақ жоқ, әрбіреуі әр жаққа тартады, әртүрлі жауап береді. Ахли Суннаның йналасы толған өтірік пен екіжүзділік, қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктер. Бұл сектанттар адамдардың бәрін кез келген мазхабты ұстануға болады, ешқайсысы біріне бірі қайшы келмейді деп алдайды. Егер 4 мазхаб бір сұраққа4 түрлі жауап беретін болса, онда олар қалай Аллаһтың тура жолында болмақ, ойлап көрсендерші миларыңды қосып! Ақида деген термин не Құранда, не Суннада жоқ. Бұл сөзді мұсылмандар екіге бөлініп, бірімен бірі шайқасып, бірімен бірі жауласулары үшін шайтан ойлап тапқан термин. Ал енді әлемдегі барлық мұсылмандар қайтадан Мұхаммед пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен Сәлемі болсын) үмбеті болып бірігіп, бейбіт өмір сүрулері үшін не істеу керек деген сұрақ туады?! Жауабы өтеқарапайым – адамдардың шатпырағына ермей, өз секталары мен мазхабтарын тастап, тек қана Аллаһтың шариғаты жазылған Құран мен Құранға қайшы келмейтін Суннаны ұстану. Міне, тек сонда ғана бүкіл әлем мұсылмандарының арасында бейбітшілік пен тәртіп орнайды.
Қорытындылай келе, барлық сансыз, шексіз және шетсіз мадақтын бәрі тек әлемдердің Иесі жалғыз Аллаһқа лайық! Аллаһ біздің пайғамбарымыз Мұхаммедті, оның отбасы мүшелерін, оның серіктерін және олардың соңынан ергендердің барлығын Өзінің сүйікті құлдары етіп, жарылқасын! Әмин! Сайттың иесі - https://ummakz.kz - Мейрханов Мейрам.
|