Әруахтар тірілерге қалай көмектеседі |
Автор: Administrator |
05.08.2023 21:08 |
Әруахтар тірілерге қалай көмектеседі
Егер сіз нақты шындықты білгіңіз келсе, онда шыдамдылық танытып, соңына дейін тыңдаңыз. Әрқашан хабардар болу үшін менің каналыма жазылыңыз. Себебі тек мен ғана осындай сұрақтарды көтеремін. Мен уаххабит салафит емес екенімді алдын ала ескертемін. Алдымен шешім қабылдауды ұсынамын, кімге сенесіз – әлемнің Жаратушысы Аллаһ Тағалағама немесе аузымен шайтан сөйлейтін адамның былшылынама?! Кімнің миы болса, Алланың соңынан ереді деп үміттенемін. Сонымен, Аллаһ былай дейді: "Олардың артында тосқауыл болады (барзах) олар қайта тірілген күнге дейін!» (23:100). Көріп отырғаныңыздай, жерлеу рәсімінен кейін адамның жаны басқа өлшемге ауысады және Қиямет күніне дейін ұйықтайды, жанның артында тосқауыл болады-барзах, осы әлеммен кез-келген байланыс үзіліп, осы әлеммен барлық қатынас жабылады. Біздің әлемде адам қаншалықты қасиетті болса да, қайтыс болғаннан кейін оның қабілеттері жоғалады. Сондықтан Құранда Аллаһ бізге қабірдегі өлілер тірілерді естімейтінін бірнеше рет ескертеді. Өйткені олар басқа әлемде ұйықтап жатыр, бізді естімейді және біз оларды естімейміз. Тірілер мен өлілердің арасында байланыс жоқ. Аузымен ібіліс сөйлейтін сопылардың ертегілеріне сенбеңіз! Аллаһ: "Біз Құранды еске алу үшін жеңілдеттік", - дейді (54:17). Аллаһ Құранды сауатсыз бедуиндерге түсірді және олар Құранды түсінді. Ал сопылар өз муридтеріне өз бетіңше Құранды оқымаңдар, өйткені қателесіп кетесіңдер немесе аяттарды дұрыс түсінбеулерің мүмкін, сондықтан тек ұстаздарыңды тыңдаңдар деп алдайды.Осындай сопылардың былшылына сенбеңдер, Құранның аудармаларын өздерің оқысаңдар, ұстаздарыңның өтірік айтып, сендерді алдап жүргеніне көз жеткізер едіңдер. Олар аяттарды дұрыс аудармайды, өзгертіп аударады сендерді алдап, өздерінің арам және сұм мақсаттарына қолданып, шайтанның соңынан еру үшін. Мен сендердің қасиетті пірлерің, ұстаздарың Құрбаналінің әруахтар туралы аяттарды өтірік аударып, сендерді қалай алдап жүргені туралы бірнеше рет видео түсүргемін Құраннан дәлелдер келтіріп. Әруахтар жоқ, тек рух, жан бар. Олар сендерді әруах деген сөз рух терминінің көпше түрі деп алдайды. Әруах деген сөз араб тілінде жоқ сөз, Құрандадаәруах деген сөз жоқ. Әруах терминді шайтан өзінің сектанттары үшін ойлап тапқан. Сопылар өлгендерге жүгініп, олардан көмек сұрайды. Егер олар тіріні естімей басқа әлемде ұйықтап жатса, онда олар саған қалай көмектесе алады?! Егер біздің әлем мен олардың әлемі арасында барзах тосқауылы болса, біздің әлемге олар қалай келмекші, сенің жалбарынуыңды қалай білмек?! Алланың бұл тосқауылынан ешкім өте алмайды! Миды қосыңдар, ойланыңдар! Аллаһқа сенесіңдерме немесе сопыларға сенесіңдерме, шешім қабылдауларың керек шайтанның құлдары болып жүре бермей! Мен ойлануға мысал келтірейін. Егер сендердің өліп қалған керемет сопыларың, пірлерің қабырда жатып, тірілерге көмектесе алатын болса, онда неге олар өздеріне көмектесе алмайды бейшара болып сүйектері қурап, шіріп жата бермей?! Егер адам сопының қабіріне барып дәретке отырып кетсе немесе оның қабірін қирата бастаса, онда оны неге қуып жібере алмайды немесе қабірін құлаудан аман алып қалмайды. Неге тірілер олардың қабырын жөндеулері керек?! Неге өліп қалған пірлерің тірілердің дұғасына мұқтаж?! Олар тіпті қабірден шыбынды қуып жібере алмайды, басқаны айтпағанда. Егер олар өздеріне көмектесе алмаса, сендерге қалай көмектеседі?! Муридтер миларыңды қоссаңдаршы, ойлансаңдаршы! Сендердің пірлерің, ұстаздарың шайтанның соқыр және зомбиленген құлдары. Сенде әлі де бас тартуға және Алланың құлдарының бірі болуға мүмкіндіктерің бар. Сопылар өздерінің қасиетті пірлерін, ұстаздарын ажал періштесінің алдында шапағат етеді, қабір азаптарынан және Алланың алдында құтқарады, Сырат көпірінен өткізеді және т. б. деп соқыр сенеді. Егер пірлеріңде, ұстаздарыңда осындай керемет қабілеттер болса, онда олар неге өліп қалады ажалды қуып жібермей?! Жауап беріңдер! Аллаһқа ешкім шапағат ете алмайтыны туралы "әл-Курси" аятының аудармасын оқыңдар! Әркім тек өзі үшін ғана жауап береді, ешкім басқа біреудің күнәсін көтермейді! Құранның аудармасын оқыңдар. Аллаһ: "Бірде-бір жан біреудің күнәсін көтермейді, ал егер күнәсі бар жан оның күнәсін көтеруге көмектесуін өтінсе, одан ештеңе алынбайды, тіпті егер өтініш беруші жақын туысы болса да" (35:18). Саған Құран жеткіліксіз бе дәлел ретінде?! Аллағама немесе шайтанның ертегілеріне ме, кімге сенесің?! Шешім қабылдайтые уақыт келді! Кейбір муридтер біздің ұстаздың керемет күштері бар және біз одан алыс болсақ та, қазір не істеп жатқанымызды біледі дейді. Ия, оларда осындай қабілеттері бар, олардың барлығын жындары айтып береді кімнің не істеп жатқанын. Көптеген сопылар жындармен жұмыс істейді адамдарды алдап, арттарынан ерту үшін. Сопылылардың пірлері мен ұстаздары өздерінің шәкірттерін дөрекі түрде алдайды, Құранды елемейді, Алланың ұлы қабілеттерін жоққа шығарады және олар өздерін муридтер мен Аллаһтың арасын қосып тұратын посредникпіз, Аллаға муридтердің өтініштерін тура және жылдам жеткіземіз деп алдайды. Аллаһ былай дейді: "Біз адамды жаратқанбыз және оған жанның не сыбырлайтынын білеміз. Біз оған күре тамырынандажақынбыз" (50:16). Аллаһ бәрін көреді, бәрін естиді және бәрін біледі. Уа, сауатсыз мұридтер, сендер кімге сенесіңдер – Аллаһқама немесе піріңе, дүмше ұстазыңа сенесіңбе?! Аллаһқа посредниктер қажет емес, тікелей Аллаһтан сұрау керек, не сұрасаңда. Егер сен Жұмақта болғың келсе, онда сопылығыңды, сектаңды тастап, тек Аллаһтың шариғатымен ғана жүруің кажет. Өлгендерден көмек сұрағанда, сен ең үлкен және кешірілмейтін күнә – шірк жасайсың. Аллаһ Құранда бізге шірктен басқа барлық күнәларды кешіруге уәде берді. Сондықтан ойлан және сопылықтан бас тарт! Сопылық шайтанның жолы. Сопылық Құранды мүлдем жоққа шығарады. Құран аяттарымен дәлелдеген менің видеоларымды караңдар. Осы лекцияның тексті менің сайтымда орналасқан.
Қорытындылай келе, әлемдердің Роббысы Аллаһқа сансыз, шексіз, шетсіз мақтаулар мен мадақтаулар болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және оларға ілескен барша жандарға Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Әмин! Сайт иесі - https://ummakz.kz - Мейірханов Мейрам.
|