Ғалымсымақтың сауатсыздығын дәлелдеу |
Автор: Administrator |
26.11.2023 20:10 |
Ғалымсымақтың сауатсыздығын дәлелдеу
Әдетте исламның ұлы ғалымдары дейтіндерді дүмше ғалымсымақ десем, сектанттар жан-жақтан үстіме қоқыс төге бастайды. Бір қызығы, олардың ешқайсысы мені теріске шығаруға тырыспайды. Өйткені мен әрқашан шындықты бұлтартпас дәлелдермен айтамын. Мен бұл дүмше ғалымдардың қателіктері мен адасушылықтарын Құран мен сүннет негізінде көрсетемін. Сектанттардың мені жоққа шығаратындай ештеңесі жоқ. Сондықтан сектанттар үмітсіздіктен ашуланып, арам әдістерді қолданып, маған зиян тигізгісі келеді. Мен оған үйреніп қалдым. Расында мен сендерге ескертушімін. Жалғыз мен ғана дүмше ғалымдардың былшылын тастап, тек ақиқатты – Құран мен Сүннетті ғана ұстануға шақырамын! Әрбір адам қателеседі, тіпті Пайғамбарлар мен Елшілерде (оларға Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қателеседі. Тек жалғыз Аллаһ қана ешқашан қателеспейді! Мысалы, 4 мазһабтың ішінде, төрт мазхабта бірдей, бірауыздан жауап берген намаз бойынша бірде бір сұрақ жоқ. Мен шариғаттың басқа күрделі мәселелерін айып отырған жоқпын. Біздің ұятсыз, екіжүзді имамдарымыз халықты өтірік алдайды төрт мазхабтың қайсысын ұстасаңда дұрыс, адаспайсың деп. Төрт мазхаб төрт жаққа тартады. Сондықтан секталардың тәтті өтірігіне сенбей, тек Құран мен сүннетті ұстансаң ғана тура жолда боласың! Енді негізгі тақырыпқа көшейін. Ислам діні келгеннен бері 1500 жыл ішінде барлық ұлы ғалымдар, соның ішінде Әбу Ханифа мен Ибн Таймияда пайғамбарлар мен елшілер ешқашан күнә жасамайтынын және қателеспейтінін, олардың үлкенді-кішілі күнәлардан және қателіктерден таза екендігін дәлелдеген. Күнә мен қателіктен тек Аллаһ Субханаллаһ ғана пәк таза екендігі осы күнге дейін ешбір ғалымсымақтың, ешбір мәзһабшыныың ойына келмеген. Бұл дүмше ғалымдар өздерінің надандығымен пайғамбарлар мен елшілерді дамудың ең биік сатысына көтеріп, Аллаһ Тағаламен бір қатарға қойды. Бұл дүмше ғалымдар осындай қарапайым нәрселерді де түсіне алмаса, шариғаттың күрделі мәселелерін қалай түсінеді және бұдан кейін оларды Исламның ұлы ғалымдары деп қалай атауға болады?!! Олардың барлығы үнемі Құран мен хадис жинақтарын оқыған, бірақ жүректері пердемен жабылғандықтан, олар шындықтың ешнәрсесін түсіне алмаған. Енді дәлелдерге көшейік. Бұл туралы Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Ақиқатында, Аллаһ сенің бұрын болған және болашақта болатын күнәларыңды кешіруі үшін саған ашық жеңіс сыйладық...» (48:1-2); «Жасаған күнәларың үшін кешірім сұраңдар, күндіз және таңертең Раббыңды мадақтаңдар» (40:55); «Олай болса, Алладан басқа Құдай жоқ екенін біліңдер, жасаған күнәларың үшін және мүмін ерлер мен мүмін әйелдер үшін кешірім сұраңдар» (47:19); «Адам Раббысына қарсы шығып, адасып кетті. Сондада Раббың оны таңдап, тәубесін қабыл етіп, тура жолға салды» (20:121-122). Айша анамыз Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Раббың сен жасаған күнәлеріңннің бәрін кешіріп тастаған, түнгі құлшылықпен неге көп қиналып жүрсің?!», - деп сұрағанда, ол: «Шүкір етуші құл болмаймын ба?!» (Бұхари). Көріп отырғаныңыздай, пайғамбарлар мен елшілерде (оларға Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қарапайым пенделердің бірі болып табылады және олар Адам (ғ.с.) атамыздың барлық ұрпақтары сияқты күнәға және қателікке бейім. Сондықтан, дүмше ғалымдардың, сектанттардың, мазхабтардың былшылына емес, Құран мен Сүннетке ғана амал ет. Сонда ғана тура жолға түсесің!
Қорытындылай келе, әлемдердің Раббысы Аллаһқа барлық мақтаулар болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және оларға ілескен барша жандарға Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Әмин! Сайт иесі - https://ummakz.kz - Мейірханов Мейрам. |