«Руслан қари» - қарима немесе алаяқпа |
Автор: Administrator |
21.12.2023 11:54 |
«Руслан қари» - қарима немесе алаяқпа (https://youtu.be/sE0Kel6aK0w - бейне сілтеме).
Жақында маған бір таныс келіншек қызына тез арада жындарды шығаратын адам табуға көмектесуімді өтінді. Қызының айтуынша, терезе жақтан түсініксіз және қорқынышты бірдеңенің ұшып келіп оң иығы арқылыденесіне еніп, анда-санда денесінің ішінде қозғалатынын айтып бақырып жылайды екен. Оны еденге жатқызып, Құран оқып отырып, оның ішінде шынымен де бір жынның қозғалып жүргеніне көзім жетті. Бірақ мен әлі жындарды қалай шығару керектігін білмеймін. Ол зардап шекпеуі үшін тезірек әрекет ету керек болды. Күні кеше Tik Tokта барлығыңды жын мен сиқырдан құтқарамын деп уәде берген соқыр қариды (Құранды жатқа білетін адам) көргенім есіме түсті. Телефоныма оның парақшасынан скриншоттап алғаным жақсы болды. Мен оған қоңырау шалып, кездесуге үйіне бардық. Біз кірген кезде хиджаб киген клиент шығып жатты. Қызды алдына отырғызған Руслан ұйқы артериясын екі жағынан мықтап басып, тұншықтырып, Құран оқи бастады. Бұл 20-30 минутқа созылды. Содан кейін ол ешқандай жыны жоқ, мұның бәрі галлюцинация екенін және психиатрларға жүгіну керектігін айтты. Қыздың анасы орнынан тұрып, оның да жындары бар екенін айтып, өзінде тексеруді өтінді. Руслан оныда ұзақ тұншықтырып, ештеңе істей алмады. Мен шыдай алмай, егер Құранды дұрыс оқи алмасаң қалай жындарды қуып шығасың, өзінді неге қари санайсың, тіпті әл-Курси аятын да қате оқисың деп бетіне қатты айттым. Ол өзінің шынайы келбетін көрсетіп, қуып кетті. Кетерімізде ешқандай көмек көрсетпесе де, қабылдағанына 10 000 теңге төлеңдер деді. Оның сауатсыз халықты осылай алдап, күн көретін қарапайым алаяқ екенін бірден түсіндім. Мен оған 10 000 теңге аудардым. Бірақ бір сағаттан кейін ол маған WhatsApp-қа оның жұмысына ақша төлемегенім туралы ашулы хабарлама жібереді. Әдетте олар нәтиже үшін төлейді. Ал егер ол алаяқ болса, онда не үшін?! Бірақ мен Құдайдан қорқатын адам ретінде оған садақа бердім.
Қыздың қиналғанын көру өте ауыр болды. Сондықтан өз таныстарым арқылы нағыз жын шығаратын маманның мекен-жайын біліп, соның үйіне бардық. Біз келгенде, ол Құран оқып отыр екен, сондықтан бізге басқа бөлмеге кіріп, Құранды аяқтағанша күтіңдер деп ымдады. Сосын қызын да, шешесін де жындардан тез босатып берді. Құранның әсері бірден байқалды. Қыздың да, шешесінің де мимикасы өзгерді. Қанша қарыздармыз деп сұрағанымда, қолыңнан келгенше деп жауап берді. Біз кеткен кезде Русланның қабылдауында болған әйел кіріп келді. Оны тағы да көріп, Русланның таза алаяқ екеніне көзім жетіп, үйге келген соң ол туралы көбірек білуге бел будым. Үйде оның парақшасын ашып, клиенттерінің пікірлерін оқып отырып, мен оның ешкімге көмектеспейтінін білдім, көбісі ол тек ақша алуды біледі деп шағымданады. Бір әйел тіпті оның алкогольдік ішімдік ішетінін және өзін перегармен емдегенін жазды. Оның барлық лекциялары басқалардың айтқанын қайталау болып табылады. Ол соқыр. Сондықтан, басқалардың лекциясын тыңдап болған соң, мұның барлығын жақсы білетін және істей алатындай өз сөзімен қайталайды. Мен бұл алаяқты неге айтып отырмын?! Иә, сауатсыз адамдар мұндай алаяқтардың құрбаны болып, ақшасын бермеу үшін. Өкініштісі, ақырзаманның алдында Құранды таза кәсіпке айналдырып, ақша табу үшін ондай алаяқтар бір тиын болады. Жындарды адамды қылқындырып, тұншықтырмайда шығаруға болады. Адам ұзақ тұншыққанда миға оттегі бармай, мидың клеткалары өліп қалуы мүмкін. Егерде уақытын өткізіп алсаң, өліпте кетуі мүмкін.
Қорытындылай келе, әлемдердің Роббысы Аллаһқа сансыз, шексіз, шетсіз мақтаулар мен мадақтаулар болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және оларға ілескен барша жандарға Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Әмин! Сайт иесі - https://ummakz.kz - Мейірханов Мейрам.
|