Иудей мен христиандарға үйленуге болмайды |
Автор: Administrator |
31.12.2023 19:59 |
Иудей мен христиандарға үйленуге болмайды
Осындай ақымақтарға надан қыз келіншектер ғашық болып әуре болады. Кезінде мұсылмандар Меккеден Мединаға көшкен кездерінде Аллаһ мусылмандарға басқа діннің өкілдеріне үйленуге рұқсат бергені шындық. Бірақ кейінірек ол рұқсатты алып тастады. Өйткені неке тек мұсылмандардың арасында жасалады. Мұсылманның әйелі мұсылман емес болуы мүмкін емес, өйткені Аллаһ Құран бойынша бір ғана дінді таниды, бұл дін Ислам. Исламдық отбасында екі діннің болуы – бос сөз және харам. Аллаһ Құранда «Әй, иман келтіргендер! Яһудилер мен христиандарды өздеріңе көмекші әрі дос деп санамаңдар, өйткені олар бір-бірінің көмекшісі әрі досы. Сендерден кім оларды көмекші әрі дос санаса, оның өзі солардың бірі» (5:51) деп ескертеді. Көрдіңіздерме, христиандар мен иудейлерді әйел қылып алмақ түгіл көмекші не дос етіп алсаң өзің солардың біріне айналасың деп ескертеді Жаратушы Ием. Аллаһ тағы былай дейді «Өздеріне анық белгілер көрсетілгеннен кейін бөлініп, адасып кеткен (яһудилер, христиандар) сияқты болмаңдар. Олар үшін үлкен азап бар» (3:105). Иудейлерде, христиандарда имансыз, көпқұдайшыл кәпір, мүшірік, орысша многобожник болып саналады. Аллаһ мына аятында кәпірлерге үйленуге, не күйеуге шығуға болмайды дейді: «Мүшріктерге иман келтірмейінше үйленбеңдер. Әлбетте, мүмін құл көпқұдайшылдан жақсырақ, тіпті ұнатса да. Мұсылман әйелдерді мүшріктерге олар иман келтірмейінше күйеуге бермеңдер. Әрине, мүмін құл мүшріктен жақсырақ, тіпті оны ұнатсаң да. Олар тозаққа шақырады, Аллаһ тағала өз рұқсатымен жәннат пен кешірімге шақырады» (2:221). Христиандар мен иудейлердің кәпір екенінАллаһ Тағала мына аятында айтады: «Алла үштікте үшінші» дегендер кәпір болды» (5:73) дейді. Тағы бір аятта Аллаһ былай деп бұйырады: «Әй, иман келтіргендер! Мұсылмандар тұрғанда, кәпірлерді көмекші, дос тұтпаңдар» (4:144). Бұдан артық енді қандай дәлелдер керек?! Өздерін христиан деп атайтын бүгінгі адамдар киелі кітаптағыларға жатпайды, өйткені олар икондарға, кресттерге және т.б. идолдарға табынып, многобожник болып кеткен. Хадиста былай айтылады «Әйелді төрт нәрсеге байланысты алады: мал-мүлкіне, тегіне, сұлулығына және дініне байланысты, дінге берілгенді ал, әйтпесе ұтыласың!» (Бұхари, Муслим). Тағы бір хадиста: «Өмір – ләззат, ал өмірдегі ең жақсы ләззат – салихалы әйел» (Муслим).Салихалы деген орысша праведная.
Қорытындылай келе, әлемдердің Раббысы Аллаһқа барлық сансыз және шексіз мақтаулар болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және оларға ілескен барша жандарға Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Әмин! Сайт иесі - https://ummakz.kz - Мейірханов Мейрам.
|