Әбу Ханифа мұсылмандарды адастырып кетті |
Автор: Administrator |
09.02.2024 16:45 |
Әбу Ханифа мұсылмандарды адастырып кетті
Ақиқатты ұстанғыңыз келсе, менің бейне каналыма жазылыңыз және менің сайтыма - https://ummakz.kz кіріңіз! Өзі өліп қалса да дүмше ғалым Әбу Ханифаның кесірінен миллиардтаған мұсылман Алланың шариғаты талап еткен зекет беруден бас тартып, күнәһар болуда. Кімде-кім зекет берудің қажеті жоқ деп дауласса немесе бүлАлланың бұйрығы екеніне күмәнданса, оның Исламнан шығуы мүмкін. Садақамен салыстырғанда зекет беру – Алла Тағаланың бұйрығы: «Намаз оқы, зекет бер» (2:43). Алла Тағала Құранның жиырма бестен астам жерінде зекет беруді бұйырады. Әбу Ханифа барлық мұсылмандарды жыл бойы жинаған ақшасы 84,8 грамм алтыннан аспаса, зекет төлеуден босатқан. Осылайша, Ислам шыққалы 1400 жылға жуық уақыт бойы барлық кедей мұсылмандар Әбу Ханифаның ақылсыздығына мойынсұнып, зекет бермей келеді. Әбу Ханифа өзінің надандығынан көптеген нәрселерді дұрыс түсіне алмады. Бізге жеткен хадистерден зекет беру үшін әр нәрсенің жеке есебі болуы керектігін түсінуге болады. Мысалы, алтын күміске қосылмайды, құрма мейізге қосылмайды, бидай арпаға қосылмайды, қой сиырғада, түйегедеқосылмайды, әр түрлі нәрсенің саны бөлек есептеледі және т.б. Сол сияқты ақшаныда ешқашан алтын мен күміске араластырмау керек! Ол заманда дирхамдар мен динарлар болды, олар бөлек есептелді. Міне менің сөздерімнің дәлелі: Хабиб әл-Малики былай дейді: «Бір адам Имран ибн Хусейнге: «Ей, Әбу Нужәйд, кейде сен бізге Құранда біз таппаған нәрсені айтасың», - деді. Имран ашуланып, ол кісіге: «Құрандағы әрбір қырық дирхам үшін бір дирхам мөлшерінде зекет беру керек, ал сонша қойға бір қой, сонша түйе үшін бір түйе беру керек деген бұйрықты көріп тұрсың ба?» Ол: «Жоқ», - деп жауап берді. Имран: «Мұны қайдан алдың? Бізден! Ал біз мұны Аллаһтың Елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, үйрендік». Және осыған ұқсас тағы бірнеше мысал келтірді» (Әбу Дәуіт). Дүмше ғалымдар өздерінің білімсіздігінен өздерінің сөздерін хадистерге қосымша қосып, оны осы хадистердің түсіндірмесі деп есептеген. Мысалы, Бұхариде мынадай хадис бар: Әбу Саид әл-Худриден риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Садақаны бес окийдан (барлық мүліктерінің құны) кем болса бермеу керек» деген. Тырнақшаның ішіндегі«барлық мүліктерінің құны» деген сөздер хадиске қосылған дүмше ғалымның сөзі және бұл хадиске еш қатысы жоқ. Осындай қосылған сөздердің кесірінен көптеген хадистердің мазмұны толығымен өзгерді. Бұл хадис адамның барлық мүлкіне емес, күміске ғана қатысты. Бұған Муслимнің: «Егер күсім бес оқийдан аз болса, күміске зекет берілмейді» деген хадисі дәлел. Көріп отырғаныңыздай, дүмше ғұламалар осындай хадиске қосылған адамның сөздері арқылы мұсылмандарды жиналған ақшаларынан зекет төлеуден босатқан. Осы айтылғандардың бәрінен шығатын қорытындыға келетін болсақ, егер сізде қолма-қол ақша болса, зекет ретінде жалпы соманың 2,5% төлеген дұрыс. Ақиқатын Аллаһ қана біледі. Ендеше, қиямет күні жасаған күнәләрімізден басымызды көтере алмай зекет бермеуден зардап шекпеуіміз үшін абай болуымыз керек. АллаһТағала бізге байлықты мұқтаждармен бөлісеміз бе, жоқ па, сынау үшін берді. Сондықтан сараң болма, жинағанбайлығыңды о дүниеге алып кетпейсің. Ал сенен кейін қалған дүние сенің байлығың емес, басқалар одан ләззат алады.
Қорытындылай келе, әлемдердің Роббысы Аллаһқа сансыз, шексіз, шетсіз мақтаулар мен мадақтаулар болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және оларға ілескен барша жандарға Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Әмин! Сайт иесі - https://ummakz.kz - Мейірханов Мейрам.
|