Сопылық және каббала – шайтанның істерінен |
Автор: Administrator |
05.03.2024 12:05 |
Сопылық және каббала – шайтанның істерінен (https://youtu.be/1xiViXVVncc - бейнеге сілтеме, көруге кеңес беремін)
Мен бірнеше рет айтқанымдай, сопылар ислам келгенге дейінде болған. Содан кейін олар өмір сүру үшін исламға бет бұрып, кейбір дүниетанымдарын өзгертті. Бірақ олар бәрібір шайтанның секталары болып қалды. Сопылық ілімнің ұлы ғұламалары өздерінің ғажайып кереметтерін көрсеткенде, әсіресе сауатсыз мурид шәкірттері қолдарын ұстаздарының қолына тиген кезде жындармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Мұны пірге қол беру деп атайды. Муридтің қолы пірінің қолына тигенде, жын муридтің денесіне енеді, содан кейін мурид экстаздан дірілдей бастайды. Жындардың әрекетінен экстаз және діріл пайда болады. Осыдан кейін білімсіз шәкірттер ұстаздан білімінің бір бөлігін алдым деп ойлайды. Сопылар ауыруларды емдеген кездеде жындардың көмегімен емдейді. Сондайақ сопылар зікір жасап билеген кездерінде жын шақырады, жындар келіп оларды массовый психозға кіргізеді. Демек, сопылық иудаизмдағы каббала сияқты мистицизм, шайтанның жұмбақ іліміболып табылады. Сауатсыз адамдар соларға ілесу үшін Исламның үш тірегінің бірі Ихсанды тікелей ұстаздың қатысуымен ғана үйренеді деп адасуда. Исламда сопылық жоқ! Пайғамбарымыз (с.ғ.с.), оның сахабалары және тәбииндер сопы болып ихсанды зерттедіме?! Әлде Құранда сопы болуға шақыру бар ма?! Жоқ! Демек, ислам мен сопылықтың бір-біріне еш қатысы жоқ. Сопылық – жұмбақ, шайтаннан келген мистика. Исламда мистика да, тылсым да жоқ, бәрі ашық, түсінікті. Қысқасы, сопылық – шайтанның жолы! Сондықтан сопылардың пірлері қарапайым адам Құранды түсінбейді, оңай адасып кетеді деп алдап, шәкірттеріне Құранды өз бетінше оқытпайды. Өйткені олар Құран аяттарын өз қалаулары бойынша түсіндіріп, мүридтерді зомбылап, оларды ашықтан-ашық алдап жатыр. Олар: «Ұстазы жоқтың ұстазы – шайтан» дейді. Мұсылмандардың арасында шайтанның құлы болып жүрген сопы ғалымдардың өздері. Алла Тағала: «Ол білімді қалағанына береді, ал кімге білім берілген болса, ол үлкен пайдаға кенеледі. Бірақ, ескертуді тек ақыл иелері ғана еске алады» (2:269) деді. Көріп отырғаныңыздай, дін туралы білім мен түсінікті ғалымдар немесе университет емес, тек Аллаһ қана береді. Өзіңізге қамқор болыңыз және шайтаннан аулақ болыңыз, егер Аллаһтың тура жолымен жүргіңіз келсе. Менің видео каналыма жазылып, https://ummakz.kzсайтыма кіріңіздер.
Қорытындылай келе, әлемдердің Раббысы Аллаһқа мақтаулар болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және оларға ілескендердің барлығына Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Әмин! Сайт иесі - https://ummakz.kz - Мейірханов Мейрам. |