Шафран – сихр мен жындарды жояды ма?!! |
Автор: Administrator |
13.08.2024 18:07 |
Шафран – сихр мен жындарды жояды ма?!! (https://youtu.be/Tk-6XDqVZ_E - видеоға сілтеме)
Ғаламторда өздерін жын шығарғышпыз дейтіндердің жарнамалары жиі көрінеді, онда олар ауырған адамдарғақызыл бояумен арабша жазылған қағаздарды сатып, бұл шафранмен жазылған Құран аяттары, ішіңіздегі жындарды шығарып, сихрдан, көз тиюден емдейді деп алдауда. Бұл алаяқтар өздерінің надандықтарымен адамдарды ширкке итермелеп жатыр. Біржолата есте сақтаңыз, Құрантек қана сіз оқыған кезде ғана күшіне кіріп, жұмыс істейді. Сондықтан шафранмен жазылған бұл қағаздар сізгеешқашанда көмектеспейді. Өйткені бұл жай ғана қағаз бен бояу. Оларды суға тастасаңыз, бояу ериді және қағаз жұмсарады, ал егер оны отқа тастасаңыз, ол жанып кетеді. Олар өздеріне көмектесе алмаса, сиқыр мен жынды қууға қалай көмектеседі?!! Сондықтан осы шафранмен жазылған қағаздарды қолдансам жазылып кетемін деп сенсеңіз; онда ширк жасайсыз. Бұл шайтанның адамдарды ширк жасату үшін жасаған таза әдісі! Хадистердаақырзаман жақындағанда Құран оқып табыс табатындардың көбейетіндігі айтылған. Алаяқтардың айласына түсіп қалмай, сақ болыңдар!
Қорытындылай келе, әлемдердің Раббысы Аллаһқа мақтаулар болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және оларға ілескендердің барлығына Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Әмин! Сайт иесі - https://ummakz.kz - Мейірханов Мейрам. |