Сәләфи ғалымдарының сауатсыздығына дәлел PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
18.11.2024 18:49

Сәләфи ғалымдарының сауатсыздығына дәлел

(https://youtu.be/otsY6ga9Jp0 - видеоссылка!)

Бұл тақырыпты 15 жылдан кейін қайта көтеруіме тура келеді. Үнемі айтамын, осы уақытқа дейін уаһаби-сәләфилердің арасынан өлі де, тірі де бірде-бір сауатты ғалымды кездестірмедім. Мекке қаласы мен әл-Харам – әлемдегі барша мұсылмандар үшін ең қасиетті орын. Басқаны айтпағанда тіпті мұндада олар шайтанның амалыболып табылатын пұтқа табынушылық белгіні орнатып, оларды Исламның символына айналдырды. Мен Аллаһтың үйлерінің үстіндегі жарты айды айтып отырмын. Егер уахабизм-сәләфизмнің ұлы ғұламалары тым болмаса ептеген діни білімдері болса, бұл пұтқа табынушылардың белгісін, шайтанның амалын Аллаһтың үйлерінің үстінде тұруына жол бермес еді! Исламға символдар керек емес, бұл шайтаннан келген бидғат! Ей, сауатсыз уаһабилер-салафиттер! Дүмше ғалымдарыңды Исламның ұлы ғалымдары деп қалай айтасыңдар, егер дүмше ғалымдарың Аллаһтың шариғатынан ештеңе түсінбесе, қалай сендерді ақиқат жолына салады, жақсылап ойланыңдар! Әлі уақыт барда ақылға келіп, шайтанның секталарының дініне емес, Аллаһтың дініне оралыңдар. Осыдан 500 жыл бұрын сауатсыз сектанттар шайтанның азғыруымен жарты айды христиандық крестке ұқсатып, исламның символына айналдырды. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім яһудилер мен христиандарға ұқсауға тырысса, ол солардың бірі!» - деп ескерткен. Аллаһ Тағала бұл жарты айларды найзағаймен ұру арқылы бірнеше рет белгі берді. Бірақ сауатсыз уаһабилер-салафиттер мұны надандықтарымен түсінбейді!

Қорыта айтқанда, барша мақтаулар әлемдердің Раббысы – Ұлы Аллаға ғана болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және оларға ілескендердің барлығына Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Әмин!

Сайт иесі - https://ummakz.kz - Мейірханов Мейрам.