4 мазһабта ақиқат жолындама?! PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
16.01.2025 12:43

4 мазһабта ақиқат жолындама?!

Өз лауазымы үшін кімге болса да, тіпті шайтанға да қызмет етуге дайын имамдарымыздың сауатсыздығы мен надандығында шек жоқ. Құран мен сүннет әзіл ретінде өтірік айту мен алдауға үзілді-кесілді тыйым салады. Ал имамдарымыз екіжүзділік көрсетіп, төрт мазһабта тура жолда деп адамдарды алдауда. Мысалы, намазда осы 4 мазһаб өкілдерінің арасында біртұтас пікір болатын бірде-бір сұрақ жоқ. 4 мазһаб 4 жаққа тартады. Сонда 4 мазһабтың барлығы да хақ жолында деп имамдар бауырларыңды қалай алдайсыңдар?! Әһли суннада 2 ақида және 4 мазһаб бар. Енді Қазақстан Республикасында бір-біріне қайшы келетін 2 Конституциясы мен 4 қылмыстық кодексі бар деп елестетіп көріңізші. Қазақстанды осылай болса тек хаос пен заңсыздық күтіп тұр. Бұл Аллаһтың шариғатына да қатысты. Өзіңіз ойлап қараңызшы, 4 мазһаб түгел ақиқат жолында болса, неге әһли сунистер 1 ғана мазһабты қалдырмайды?! Мәзһаб Құран мен Сүннет емес, мысалы, ханафилер сияқты бір немесе бірнеше адамның пікірі. Ал егер олар адасса, сіз автоматты түрде олардың соңынан кетесіз. Құран мен сүннет барда тек сауатсыз фанатик сектанттар ғана дүмше ғалымдардың былшылына ереді.

Қорыта айтқанда, барша мақтаулар әлемдердің Раббысы – Ұлы Аллаға ғана болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және оларға ілескен барша жандарға Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Әмин!

Сайт иесі - https://ummakz.kz - Мейірханов Мейрам.