Неге мүфтилердің бәрі пара алушы? PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
13.02.2025 14:51

Неге мүфтилердің бәрі пара алушы?

СҰРАҚ: Ассаламу алейкум аға!

Кеше Амалбек Тшановтың салынған мешітті мүфтиятқа беру үшін 5000 доллардан 10000 долларға дейін төлеу керектігін айтқан видеосұхбатына көзім жетті. Сондай-ақ, кезінде мүфти Серікбай қажы Ораздың пара алып жатқан жерінен ұсталып, қызметінен шеттетілгенін де білгір адамдар айтқан болатын. Көптеген имамдар танымал мешіттерге имам болу үшін мүфтиге де пара беру керек дейді. Сіз бұл туралы білесіз бе және бұл туралы не айтасыз?

ЖАУАП: уа алейкум ас-сәлям бауырым!

Бұл бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Шынын айту керек, мүфтияттың төңірегінде не болып жатқанын бәрі біледі. Құранда да, сүннетте де мүфтият туралы бір ауыз сөз жоқ. Мүфтият бір кездері игі мақсатпен, барша мұсылмандарды біріктіріп, хақ жолына бағыттау үшін құрылған. Бірақ бүгінде сауатсыз надандар мүфтиятты ақша бірінші орында тұратын жабық бизнес орталығына айналдырды. Мүфтияттың ішкі тіршілігін, онда қандай миллиардтар айналып жатқанын және бұл ақшаны нақты кімдер ұқсатып жатқанын ешкім білмейді. Сіздің айтқаныңызды мен бұрыннан білемін. Мен көп айта алар едім, бірақ жаза алмаймын, өйткені мен өзім ешкімді ұстаған жоқпын және олардың пара алып жатқанына куә болған жоқпын, т.б. т.б. Мүфтияттың төңірегінде неше түрлі өсек-аяңдар айтылып жүр, менде жаңалықтарды көбінесе белгілі беделді адамдардан естимін.

Мен өз өтінішімді тағы бір рет басып шығаруға шешім қабылдадым:

Арнайы құпия қызметтер мен ҚР Президенті Әкімшілігінің қызметкерлеріне мүфтиді тағайындау кезінде өз көзқарастарын қайта қарауды ұсынар едім. Мен сіздердің саясатыңызды жақсы түсінемін, сіздерге сенімді,саясаттарыңызды әрқашан тура жүргізетін, барлық имамдармен бірге Елбасының саясатын қолдайтын сенімді адам, яғни, зомби керек екенін мен өте жақсы білемін. Бірақ бұл ретте діни мәселелерде азды-көпті сауаты бар діндарлардың көпшілігінің мүддесін ескермеуге болмайды. Дәл осы кісілер тек мүфтиятқа ғана емес, өкіметке де қарсы болады! Сондықтан ертелі кеш мүфтияттың саясатына наразы бұл адамдар радикалдардың қатарына қуана қосылады! Осылай жалғаса берсе радикалдардың саны ешқашан азаймайды! Өздеріңізге сенімді, адал ғана емес, жан-жақты сауатты, мұсылмандарды бір үмметке біріктіретін адамды ел мүфтилігіне тағайындасаңыздар өте дұрыс болар еді!