Ораза ұстағандарға кеңес PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
03.03.2025 15:10

Ораза ұстағандарға кеңес

Таңертең ұйқыдан тұрғанда ең алдымен шәй қасықпен тіліңізді микробтар мен олардың нәжісінен жақсылап тазалап, бас бармақпен таңдайға массаж жасап, ауызды бірнеше рет сумен шайыңыз.

Алла Тағала Құранда таңның алғашқы белгілері көрінгенше ішіп-жеуге рұқсат еткен. Сондықтан Құранды елемей, таң намазына 15 минут қалғанда сәресінді бітіруді ұсынатын сауатсыз ханафилерді тыңдамаңыз. Таң намазынан кейінде ішіп-жеуге болады. Егер сіз ұйықтап қалсаңыз және таң атқанша аз уақыт қалса, кешке дейін аш жүрмес үшін ең алдымен тез тамақтаныңыз, содан кейін таң намазын өткізіп алғандай қаза етіп оқи аласыз.Бір рет өткізіп алғаннан ештеңе болмайды,

Сондай-ақ ауыз ашар алдында шәй қасықпен тіліңізді микробтардан тазартып, таңдайыңызға массаж жасау керек. Ифтар уақыты келгенде үш құрмамен бір стақан жылы су ішіңіз (сондай-ақ еттартқыштан тартылған түрлі жаңғақтармен балды араластырып жеугеде болады) және намаз оқыңыз. Осы уақыт ішінде аштық сезімі азайадыжәне артық тамақтану қаупі болмайды. Есіңізде болсын, оразаны тек Алла разылығы үшін ұстаңыз, артық салмақтан арылу немесе денсаулықты жақсарту үшін емес!

Алла тағала оразаларыңызды қабыл етсін!

Қорыта айтқанда, барша мақтау-мадақтар тек әлемдердің Раббысы – Алла Тағалаға болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Аллаһ риза болсын), оның әулетіне, сахабаларына және олардың соңынан жүрегі таза болғандарға Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Әмин!

Сайт иесі - https://ummakz.kz - Мейірханов Мейрам.