Жанәділ Райымбеков Жәннатты сатты PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
04.03.2025 14:59

Жанәділ Райымбеков Жәннатты сатты

(Видеоға ссылка - https://youtu.be/mpBPNw73zPU)

Жанәділдің діннен ештеңе сезбеген шәйтанның лапшагон сектанты екенін мен оның рекламаларынан көріп жүрмін. Аллаһ Құранда қанды харам, жоламаңдар десе, бұл сектант қаннан жасалған пантокринді халал, сатып алып ішсең ауыруларыңнан жазылып кетесіңдер деп реклама жасап жүр. Сондай-ақ халықты алдап, қайдағы жоқ күмәнді заттарды үнемі реклама жасап сатады. Ал енді Жәннатты сатқанға келсек, 1400 долларға умраға барсаң, жеті мрд проблемаңды шешесің, жеті миллионмен құтылмайтын бәледен құтыласың деп оттайды. 7000 доллармен қажылыққа барсаң Жәннәтті сатып аласың деп елді алдап, алаяқтық жасап жүр. Бұл Аллаһтың дінін бизнеске айналдырып алған ұятсыз сектант. Умра мен қажылыққа бір емес, жүз рет барсаңда қабыл болмауы мүмкін. Оны тек жалғыз Аллаһ қана шешеді. Жәннатқа қажылық пен умра жасап кіру деген оңай емес, басқада көптеген істер істеуің қажет ол үшін. Осындай лапшагон сектанттардың арқасында умра мен қажылықтың маңызы өте төмен түсіп кетті, ақшасы бар кім болса сол барып, қайтып келгенсоң бұрынғы істерін әрі қарай жалғастыра береді. Тыңдамаңдар осындай лапшагон сектанттарды. Хадисте осындай лапшагондардың тілімен шәйтан сөйлейді дейді.