Зәрмен емдеу модада Печать
Автор: Administrator   
01.05.2025 21:06

Зәрмен емдеу

Аллаһқа ібіліс: «Мені адастырғаның үшін, мен оларды тура жолыңда күтемін, сосын оларға алдынан да, артынан да, оңынан да, сол жағынан да келемін, ал сен олардың көпшілігін шүкір етушілерді көрмейсің» (7:16-17) деп уәде етті. Шайтанның айласында шек жоқ. Жақында несеп терапиясы - несеппен өзін-өзі емдеу қайтадан сәнге айнала бастады. Несеп – Исламда нажіс болып табылады. Бір тамшы зәр дәретті бұзады. Ал дәретсіз намаз қабыл болмайды. Шайтанның азғыруымен көптеген сауатсыз адамдар кәпірлердің ьылшылынасеніп, өз зәрін ішіп, ауру мүшелеріне зәрмен компресс жасайды. Шайтанның да кереметтер жасап, адамдардың көз алдында галлюцинация жасайтынын бәрі біле бермейді. Адамдар зәрді ішкенде немесе зәрмен компресс жасағанда, шайтан ауруды жеңілдетеді немесе жазылып қалғандай галлюцинация жасайды. Сондықтан адамдар зәрді өздеріне көмектеседі деп ойлайды. Зәр - бұл организмнің қалдық өнімі, яғни құрамында токсиндер, барлық қажет емес және зиянды заттар бар қоқыс. Бүйрек қанды сүзіп, зиянды заттардан тазартады. Ал надандар мұның бәрін қайтадан ішіп, өздерін улайды. Сондықтан несеп ішер алдында ойланыңыз! Әсіресе мұсылмандар!

Қорыта айтқанда, барша мақтау-мадақтар тек әлемдердің Раббысы – Алла Тағалаға болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасы мүшелеріне, сахабаларына және оларға ілескен барша жандарға Алланың игілігі мен сәлемі болсын! Әмин!

Сайт иесі - https://ummakz.kz - Мейрханов Мейрам.

Обновлено 01.05.2025 21:08