| Ғайып ерен қырық шілтен ертегісі |
|
| Автор: Administrator |
| 15.09.2025 17:49 |
|
Ғайып ерен қырық шілтен ертегісі ВОПРОС: Ассаломағалейкум Мейрам аға Менің сурағым Ғайып ерен қырық шілтен деген жерде екі тас арасынан адамдар өтіп жатканын кордім Алайда ол жерден ниеті таза адамдар өте алады дейді Осыған нақты тоқталып кетсеңіз Umit
ОТВЕТ: уа алейкум ас салям бауырым! Қішкентай кезімде менің атамның атасы үлкен сопы болатын, жүз беске келіп қайтыс болған. Ажалы келгенше Құранды көзілдірік кимей оқитын. Сол кезде еститінмін осы Ғайып ерен қырық шілтен дегенді. Ал қазір көзім ашылғаннан кейін мұның сопыларға шайтанның шыгарып берген ертегісі екенін ұқтым. Сопылар Аллаһтың арқасында ерекше қасиеттерге ие болған әулиелері мен пірлерін көмекке шақырады әрқашанда егер бастарына күн туса. Діннен ештеңе ұқпаған надан сопылар өздеріне осындай керемет қасиеттері бар жоғары сатыға көтерілген әулиелері мен әруақтар көмектеседі деп сенеді керек кезінде. Ғайып ерен қырық шілтенде солардың бірі деп ойлайды. Сопыларды шайтан зомби жасап, үлкен әулиелер рухани деңгейде өте жоғары көтеріліп, құпия сырларды біледі, сондықтан олардың қолынан келмейтін ештеңе жоқ деп қате түсінеді. Ал тасқа келетін болсақ, шайтанның кезінде үлкен ғылым иесі болып періштелерге сабақ бергенін ұмытпайық. Сол Аллаһтың лағнеті келгір шайтан адамдардың көзін байлап, сиқыр жасайды. Сондықтан адамдардың көзіне солай болып көрінеді. Айтылып жатқан сөздерді тек аңыз ретінде қабылдау керек шайтан таратқан. Соңында айтарым бүкіл әлемді жаратқан Аллаһтан емес, шайтан шығарған ертекке сеніп, сүйегі шіріп кеткен сопылардың пірлері мен әулиелерден көмек сұрау үлкен кешірілмес шірктің бірі болып табылады, егер Аллаһтан кешірім сұрап тура жолына түспесең!!! Ютубтан видеосын көрдім, екі тастың арасы ешқандай 20-30 см емес, көп үлкен екен, қарнын ішіне тартып кез келген адам өте береді! Бұл жәй бизнеске айналған табиғи тастар. Ақымақ надандар сол жерде тасты сипап, сүйіп, әруаққа сиынып, көмек сұрап, шірк жасап жүр. |