| Сопылардың басты қатесі |
|
|
|
| Автор: Administrator |
| 26.09.2025 22:07 |
|
Сопылардың басты қатесі
О, сопы! Мен сенің жауың емеспін, осыны мәңгі есте сақта! Ваххабит-салафитте емеспін. Мен сендерді Аллаһтың тура жолына түсіп, жұмақтың адамдары болуларыңды қалаймын. Сопылар намаз кезінде күніне кемінде 35 рет «Фатиха» сүресын оқиды. Бірақ, өкінішке қарай, ештеңе түсінбейді, ол сүреде былай дейді: «Біз жалғыз Саған ғана табынамыз және жылғыз Сенен ғана көмек сұраймыз». Сопылар осы аяттарды күніне 35 рет оқып, өлі аулиялары мен пірлеріне ғибадат етіп, олардан көмек сұрайды.Құранда: «Аллаһтың орнына Қиямет Күніне дейін естімейтін және өздерінің шақыруына жауап бере алмайтындардан көмек сұрайтындардан артық кім адасушы еді?» деген аят бар (46:5). Аллаһ Құранда бірнеше рет қабірдегі өлгендердің тірілерді естімейтінін айтады. Ал сопылар шайтанның ілтипатына сеніп, өлгендерден көмек сұрап, оған қызмет ете беруде. Көз алдыңа елестетіп көрші, сен сиынып жүрген керемет әулиеңнің қабіріне ит келіп, сиіп тышып кетті дейік. Егер ол үлкен керемет қасиетке, қуатқа ие болған болса, бұл итті өзінің үстіне сиіп тышқызбай қуып жіберіп, жазалайтын еді есепе?! Жоқ! Ештеңе істей алмайды. Сендердің өлген пірлерің мен әулиелерің тірілердің дұғасына мұқтаж. Ал енді өздеріңіз ойлап көріңдерші, егер олар өздеріне көмектесе алмаса, онда саған қалай көмектеседі?! Олар тірі кездерінде ғажайып кереметтер жасағанына дауласпаймын. Бірақ оларға жындарыкөмектесті. Ал өлген кезде олардың жаны басқа әлемге өтіп, ұйықтап жатыр. Сондықтан олар өздеріне де, сендерге де көмектесе алмайды. О, сопы! Өзіңнің шайтаншылығыңды тастап, Құран мен Сүннетке орал!
Ақырында шексіз мадақтау тек Жаратқан Ие – бүкіл Әлемдердің Жаратушысына ғана! Құдай пайғамбарымыз Мұхаммед пайғамбарға, оның отбасы мүшелеріне, оның жақтастарына және олардың соңынан таза жүректермен еріп келгендердің бәрін Жәннаттық етсін! Әмин! Сайт иесі - https://ummakz.kz Мейрханов Мейрам.
|



