Имамдардың уағызынан неге шаршайсың?! Печать
Автор: Administrator   
18.10.2025 22:42

Имамдардың уағызынан неге шаршайсың?!

ВОПРОС: Ассаламуалейкүм, Мейрам аға.

Сізге сұрағым бар. Бұл қиын, күрделі бірақ ұзақ уақыттан бері көкейімде жүрген сұрақ. Сұрақ дөрекі болса кешірім сұраймын, бірақ осы сұрақ іштегі зарым. Соңғы кездері "бүйтсең намазың қабыл емес, бүйтсең дұғаң қабыл емес, бүйтсең құлшылығың қабыл емес, бүйтсең жолың жабылады және т.б." осыған ұқсас насихаттарға, уағыздарға көңілім толып жатқан жоқ, бұл әсіресе ата-ана туралы, туыстық қатынас туралы нәрселерде айтылады. Ата-ана туралы айтылатын насихаттарда да вечно одно и то же, балаға келгенде "бүйтсең ондай боласың, бүйтсең сондай боласың", как будто оларға бәрі бола беретіндей, лицензия беріліп қойғандай. Солар қателік жасаса, арамдық жасаса, әділетсіздік жасаса кешіріліп, ақталып, балаға қаратып әңгіме айтыла береді "Ата-ананы сыйлау керек, құрметтеу керек, оларға ренжімеу керек, болмаса жолың жабылады, анау болады, мынау болады" дейді да, ал оларға келгенде бәрі бола қалатындай, аузына келгенін сөйлесе де, жанын ауыртса да, арамдық қылып жүрсе де, әділетсіздік қылып жүрсе де ақталып, кешіріліп, "оларды кешіру керек, оларға ренжімеу керек, ол сенің әкең, ол сенің анаң және т.б." әңгімелер айтылады. Неужели балаға ғана әңгіме айтылып, оларға "дұрыс әке бол, дұрыс ана бол, әділетсіздік қылма, арамдық қылма және т.б." сол сияқты әңгімелер айтылмайды дұрыстап, айтатындары өңкей "бүйтсең намазың қабыл болмайды, дұғаң қабыл болмайды, құлшылығың қабыл болмайды, жолың жабылады, жұмақтың иісін сезбейді, тозаққа түседі". Неужели баланың, қыздың кеудесінен итеріп отырады осындай насихаттармен, осындай уағыздармен. Неужели әке немесе ана немесе екеуі де ақтала береді да, кешіріле береді да, қыздың, баланың кеудесінен итеріледі "Алла бұлай айтты, Пайғамбар солай айтты" дейтін әңгімелермен. Соған және осыған ұқсайтын нәрселерге соңғы кездері көңілім толмайтыны, обидно болатыны осындай уағыздар, насихаттар. Бұл жағына қалай қарайсыз?

Бағдат

ОТВЕТ уа алейкум ас салям Бағдат бауырым!

Бізде дұрыс білімі бар муфтии болған емес халыққа дінді дұрыс жеткізетін, ал дүмше имамдар туралы үндемей ақ қояйын. Жұма сайын кемі жарты сағат ауыздары көпіріп уағыз айтады бір айтқандарын бірнеше рет қайталап бір жыл ішінде. Бір ауыз сөзбен жеткізетін ойларын жарты сағатқа созады. Хадисте сендердің ең жақсыларың жұма намазын ұзартып, уағызды қысқа айтатындар деп айтылған. Ал бұлар бір айтқанын мыжи береді, мыжи береді елді жалықтырып. Мен өзім жұма намазына Аллаһтан қорыққанымнан ғана барамын. Дүмше имамдардың жамағат деген сөзінің өзінен жүрегім айнып, құсқым келеді естігенде. Аллаһ мұсылман болыңдар, өлсеңдер мұсылман болып өліңдер деп бұйырады. Ал бұл надандар жамағат болып өмір сүріп, жамағат болып өлгілері келеді.

Ешкімге сенің намазың, құлшылығың, оразаң қабыл болмайды деп және тб осыған ұқсас сөздерді ешқашан айтуға болмайды, өйткені мұны тек жалғыз Аллаһ қана шешеді кімдікін қабыл ететінін, кімдікін қабыл етпейтінін. Кім Аллаһ үшін шешім қабылдаса, сол адамның өзін Аллах тозаққа жіберуі мүмкін сол сөзі үщін. Бұл туралы ескертетін хадистар бар. Сондықтан өте сақ болу керек уағыз, не ақыл айтқанда.

Ата ананы силау бұл Аллаһтың бұйрығы. Айтқан сөздеріңнің бәріне толықтай келісемін. Таяқтың екі ұшы болатынын ұмытпау керек. Ата ана туралы айтылғанда олардың балаларына деген көзқарастары, берген тәрбиелері туралыда айтуды ұмытпау керек. Кейбір надандар бірдеңе болса, не ұрсысып қалса міндетсінеді мен сені тудым, өсірдім, оқыттым, тамақтандырып киіндірдім деп. Олардыңда балаларының алдында міндеттері бар екенін айтуды ұмытпау керек. Осы жазылған сөздерді Аллаһым керек адамдарға жеткізер деп ойлаймын, ин шаа Ллаһ.