Меккедегы кара тас туралы PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
08.11.2025 23:48

Меккедегы кара тас туралы

ВОПРОС: Ассалаумагалейкум 
Барлык сурак былымсыздыктен туындайды сондыктан осы сурагым ушын айыпка буйырманыз. Озым Аллахка сенемын жане тура жолда болгым келеды. 
Меккедегы кара тас кайдан пайда болды жане неге мусылмандар ол кара тасты курметтеп суюы керек? Барлык мадак марапатка тек Аллах лайыкты жанеде дынымыз тазалыкты катан устануга дарыптейды (жан тазалыгы тан тазалыгы) ал кара тасты санмындаган адамдардын суюы тазалыкка кайшы келмейма. Ол тастын бундай курметке ие болу себебы неде. 
Сол мекке халыктары оте бай екенын естимыз былемыз Шейхтерды ал олар шынайы Аллах деген адамдар болатын болса неге кажылык сапарын бизнес кылдыруга тоскауыл болмайды ол ушын сан мындаган сауапка кенелу ыктималдылыгы жогары емеспе. 
Осы сурактарга оз пыкырынызды жаза отырсаныз.

Arnur

Ответ: уа алейкум ас салям!

Меккедегі қара тас Жұмақтан түскен дейді, бірақ ол кезде ақ түсті болған. Бірақ уақыт өте келе адамдардың күнәларынан қарайып кеткен. Кезінде ол тасты Пайғамбарымыз алейхиссалям сүйген, сондықтан сүннет ретінде мұсылмандарда сүйеді. Бірақ ол қара тас ешкімге ештеңе бермейді, одан ешкім ештеңе сұрамайды. Тек қана сүйеді сүннет ретінде. Менде бірнеше рет сүйгемін. Бір өкініштісі ол бірнеше кішкентай тастардан тұрады әр жерде орналасқан. Сондықтан сүйген кезде дәл сүю мумкін емес, оған басыңды жақындатқан кезде күн сәулесі жоғалып, қап қара болып кетеде ештеңе көрінбей. Сондықтан қара тасты емес, айналасындағы эпоксидный смоланы сүйеді көпшілік. Тазалық жәйлі тоқтасақ, қара тасты әр намаздың алдында арнайы адамдар сүртіп, иіс майын жағады. Сондайақ Аллаһта ешкімге суйгеннен ауыру бермейді ол кезде.

Арабтар өте аямшақ жадный халық. Хадисте егер мені силасаңдар арабтарды жамандамаңдар делінген. Мен өзім кезінде арабтармен көп жұмыс жасағамын, арасында жақсы адамдарда көп, бірақ нашарларыда жеткілікті. Арабтардың басқа ұлт өкілдерінен ашқандай артықшылығы жоқ, тек Кағба солардың жерінде тұрғаны болмаса. Умра мен қажылықты бизнеске айналдырған арабтар емес, біздің мүфтиат, алтын көргенде Құдайдан қорқуды ұмытып кететін!