Тәубеге қалай келесің Печать
Автор: Administrator   
10.11.2025 23:25

Тәубеге қалай келесің

ВОПРОС Ассаламуалейкүм, Мейрам аға.

Сізге бір сұрағым бар еді, сұрағым тәубе туралы. Тәубе туралы айтылатын нәрселерде оның 3 шарты бар деп айтады ғой(кейде 4-іншісін қосады). Мысалы

1.Күнәға өкіну

2.Күнәні тоқтату

3.Қайта жасамауға бел буу деген сияқты.

Біреулер болады күнәні тастаймын дейді де қайтадан жасайды, мысалы темекі шегетін, ішімдік ішетін, насыбай ататын, арам нәрселерге қарайтын және т.с.с дегендей. Тәубені бір рет жасауы мүмкін, екі рет жасауы мүмкін, үш рет жасауы мүмкін, кейіннен ерік жігері жоғалатын кездер де болады, ол жағы қалай болады?

Бағдат

ОТВЕТ уа алейкум ас салям Бағдат бауырым!

Кез келген күнәні жасай қалсаң алдымен Аллаһтан кешірім сұрап, енді жасамаймын деп уәде беру керек, жасаған күнәға өкініп. Бірақ адам болғандықтан біз қайталап күнә жасай береміз. Біз кешірім сұраған сайын Аллаһта кешіре береді. Бірақ адамда ұят деген болу керек, күнә жасаған сайын өзіңнен ұялу керек, қашанғы күнә жасаған сайын Аллаһтан кешірім сұрай бересің. Құранның аудармасын оқу керек қайталап, иманыңды күшейту үшін. Сондай ақ Аллаһқа дұға жасау керек имамымды күннен күнге күшейте көр деп. Намазды уақытында окы. Ораза ұста. Өзіңді өзің ұстап үйренуің керек. Қашанғы күнә жасай бересің?! Еркек болсаң ерік жігеріңді ұстап үйренетін уақыт жетті.