| О дүниеде күнәлар қалай кешіріледі |
|
| Автор: Administrator |
| 17.11.2025 00:59 |
|
Как прощаются наши грехи на том свете ВОПРОС: Ассаламуалейкүм, Мейрам аға. Сізге сұрағым бар еді. 1) Сіздің видеоларыңыз бар еді ғой, "Күнәлар бұл дүниеде кешірілмейді, Қияметте Алла сауабымыз пен күнәмізді Мизан таразымен өлшеп болғаннан кейін шешім шығарады" деп айтылатын, соған байланысты мынадай сұрақ болады, сонда истиғфар айтатын болсақ, тәубе ететін болсақ мына дүниеде кешірілмей, ана дүниеде кешірілетін болсақ, мына дүниеде беріліп жатқан ризық несібелер истиғфар еткенімізге байланысты, тәубе еткенімізге байланысты, басқа да діни нәрселер орындағанымызға байланысты қалай болады ол жағы? 2) Менде мынадай нәрсе болады(соңғы кездері жиілеп кеткен еді), "Мынадай нәрсе орындалмаса толық иман келтірген болмайды", "Өздеріңді өзгертпейінше Алла сендерді өзгертпейді", "Дұға еткенмен әрекет болмаса дұрыс болмайды", "Дұға етудің әдебі болады, дұғаң қабыл болмай жатса дұрыс дұға етіп жатқан жоқсың", "Мұсылман адам мұндай болу керек", "Мұсылман адам сондай болу керек" және т.б. осыған ұқсайтын не нәрсе бар осылай айтылатын, сондай діни нәрселерді естігенде итеріліп тасталғандай боламын, тура бір өзім дұрыс мұсылман еместей жеткіліксіз сезініп, тіпті Құдайдың өзі қарсы тарапқа шығып кеткендей болады, тіпті Құдайдың тарапынан итеріліп тасталғандай боламын сондай нәрселерді естігенде, типа "сен өзің дұрыс емессің, басыңда проблема болса, проблемадан көз ашпасаң өзің кінәлісің. Дұғаң қабыл болмай жатса өзіңнен көр" дегендей нәрсе болып естіледі, тіпті жанына жұбататын, сүйіншілейтін, үміт беретін нәрселер айтылса да, мысалы "Алланың мейірімінен үміт үзбеңдер", "Алла сені тастамады", "Алла мейірімді", "Алла сенің ішіңдегі проблемаларыңды біледі", "Алланың мейірімі шексіз", "Алла сені жақсы көреді, жақсы көрген құлына сынақ береді" және т.б. не бар осыған ұқсайтын, солардың өзі әсер етпей қоятын кездері болады, естіген күннің өзінде де жаңағыдай нәрсе мазалайтын еді, әлі күнге дейін мазалайды. Бұған қалай қарайсыз? (Сұрағыма айып етпеңіз, если басқаша сұрақ болса. Осындай сұрақтарға типа "осылай ойласаң, жақсы болмайсың. Алла оңдырмайды" деген сияқты және осыған ұқсайтын сөздермен кеудеден итерілмесе екен жауап ретінде) Бағдат
ОТВЕТ: уа алейкум ас салям Багдат бауырым! 1)Мұнандай сұрақтарға тек жалғыз Аллаһ қана дұрыс жауабын бере алады. Бұл туралы ешқайда айтылмаған. Хадистарға келетін болсақ, өте көп хадис өтірік болып табылады, сенуге болмайды, кейіннен құрастырылған. Өйткені Құранға қарсы келеді. Ал Құранға келетін болсақ, күнәлар бұл дүниеде кешірілмейді, тек О дүниеде Таразыдан өткенсоң ғана Аллаһ шешім қабылдайды. Сондықтан менің ойым бойынша бұл дүниеде сұраған кешіріміміз жиналып, жазыла береді. Сосын жасаған сауабтарымызға қосылып, Таразының бір жағына қойылады. Екінші жағында жасаған күнәларымыз болады.
2)Бауырым бұл дегенің шайтанның істерінің бірі нәпсіңмен қосылған. Кезінде бәріміз өткенбіз осындай ойлардан. Әдейі нәпсің мен шайтандар жүрегіңде сенімсіздіктің ұшқынын туғызады. Егер осындай қайдағы жоқ ойларға ере берсең, діннен шығып кету қаупы бар, немесе көп сектанттың бірі болып кетуің мүмкін. Қазір иманың мен шайтанның азғыруы арасында күрес болып жатыр. Құранның аудармасын оқы бүрнеше рет, журегин орнына туседи, сабырлык пайда болады. Қайталап оқыған сайын көбірек түсінесің. |